Алланың тура жолға салған құлдары. Ендеше, сен де олардың тура жолына ілес!» 14 – делінсе, басқа бір аят-
та:
«Расында, сендерге, Алладан және ақырет күнінен үміт еткендер мен Алланы көп зікір еткендер үшін Алланың Елшісінде жақсы үлгілер бар», - делінеді
15
.
Пайғамбарлар – біз үшін жолбасшы әрі имам. На-
мазда имамға ұйығанымыздай, өмірдің әр қадамында
Оны үлгі тұтып, Оның жолымен жүреміз. Бізге нағыз шы-
найы өмірді пайғамбарлар ғана көрсете алады. Исламның
алғашқы дәуірін көргендер Алла елшісінің (с.а.у.) қас-
қағым сәттерін де қалт жібермей мұқият қадағалап, Одан
үлгі-өнеге алып отырған.
• Пайғамбарлар дүние мен ақырет тепе-теңдігін
құру үшін келген. Олардың әкелген тепе-теңдігімен адам
баласы өмір жолының астамдығы мен нұқсандығынан
құтылып, дұрыс бағытын табады. Бұл – поптар мен мо-
нахтардай дүниені тәрк етіп, монастырларға қамалып,
елден бөлектену, тұмшаланған әлемге кіріп, ғұмыр бойы
жалғыз өмір сүру емес, керісінше, үнемі орта жолдан ай-
рылмай, дүние мен ақыреттің өзіндік салмағына қарай
тепе-теңдік сақтай ғұмыр кешу. Бұл – уахидың (Алла-
дан келген хабар) нұрлы әлемінде ғана қол жеткізуге
болатын табыс. Пайғамбар жеткізген ақиқаттан мақұрым
14
Әнғам сүресі 90-аят.
15
Ахзап сүресі 21- аят.
72
ИМАНИ ГҮЛ жалаң сана арқылы мұндай тепе-теңдік орнығуы әсте
мүмкін емес. Құран Кәрім осы тепе-теңдік жайында: