Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет58/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   363
ИМАНИ ГҮЛ
ша  мұсылманның  жүрегінде  тірі,  тіпті  сүннетімен  бірге 
жүр.  Оның  мүбәрак  есімі  әрбір  азан  мен  қаматта  үнемі 
қайталанып, жүрегімізде жаңғыруда. Иман нұрынан нәр 
алған әрбір адам Алла елшісінің (с.а.у.) тек бір сүннетімен 
өмірін өрнектеу үшін қолындағы бар құндысын жұмсауға, 
тіпті жанын пида етуге дайын.
Абай атамыз халықты Пайғамбарымыздан (с.а.у.) үлгі 
алуға былай деп үндейді:
«Алла мінсіз, әуелден пайғамбар хақ,
Мүмин болсаң үйреніп сен де ұқсап бақ.»
Иә,  он  төрт  ғасыр  бұрын  ғұмыр  кешкен  Алла 
Расулының көркем де әсем мінез-құлқы әрбір мұсылман 
баласының  аңсарына  айналды.  Себебі,  Ондағы  бұл 
асыл қасиеттер – адамзатты адамдықтың асқар шыңына 
шығарар  еш  өзгермес  ереже-қағида,  барлық  жақсылық 
атаулыға бағыт көрсетер темірқазық іспетті.
Пайғамбарымыздың  бойындағы  қасиеттер  мүлдем 
ерекше  дедік.  Кез  келген  адам  бір-біріне  қарама-қайшы 
екі  көркем  қасиетті  бір-біріне  араластырып,  шатас-
тырмастан  алып  жүруі  өте  қиын.  Мысалы,  бір  адам 
жомарт  болуы  мүмкін,  бірақ  бұл  жомарттығын  асы-
рып,  ысырап  дәрежесіне  дейін  апаруы  мүмкін  немесе 
қолындағысын  үнемдеймін  деп  жүріп  сараңдыққа  бой 
алдыруы  да  ықтимал.  Батыр,  қаһарман  болуы  мүмкін, 
бірақ  бұл  ержүректік  қасиеті  өз  арнасынан  шығып, 
алды-артын аңдамайтын, жақсы-жаман деп талғамайтын 
соқырлық  дәрежесінде  қатігездікке  ұласуы  ғажап  емес. 
Ал, Пайғамбарымыз болса, ешбір жақсы қасиетті екінші 
бір  қарама-қайшы  қасиетпен  араластырмаған.  Өз  ар-
насынан  асырмаған.  Алла  елшісі  ержүрек,  батыр  және 
мұнысымен  қоса  құмырысқаны  байқамай  басып  кетсе, 
жүрегі елжіреп, діріл қағатындай аса мейірімді, рақымды 
және  кішіпейіл  еді.  Өте  кішіпейіл,  мейірімді  боламын 


76


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет