жолында күресу» – дегенін естіген едім. Мен де өлгенге
дейін Алла жолында жанымды пида еткім келеді,– деді.
Әбу Бәкір:
– О, Біләл! Бізге кім азан шақырады? - дегенде, екі
көзге ерік берген хазіреті Біләл:
– Мен Алла елшісінен кейін ешкімге азан шақыра ал-
маймын, – деді.
Біләлдің алысқа кеткенін қаламай, қанша жібермеуге
тырысса да Хазіреті Біләл:
– Уа, Әбу Бәкір, рас сен мені құлдықтан құтқардың.
Егер мені өзің үшін азат еткен болсаң, онда алып қал. Ал,
егер Алланың ризалығын көздеп, сатып алған болсаң,
еркіме жібер, – деді.
21
әл-Бидая, 3:30
|