120
ИМАНИ ГҮЛ
Қазіргі таңда Інжілдің Алла Тағала тарапынан түскен
түпнұсқасы жоқ. Христиандардың қолында
«Жаңа ха-
бар» атты кейіннен адамдар тарапынан құрастырылып
жазылған әр түрлі кітаптар бар. Бұлардың төртеуіне
«Інжіл» делінеді. Бұл Інжілдер Иса (а.с.) дүниеге келген
соң 325 жылдан кейін халық арасында кеңінен тараған,
бір-біріне қарама-қайшы пікірлерге толы Інжілдің
көптеген нұсқасынан таңдалып, құрастырылған.
«Мат-
та», «Маркос», «Лука», «Югонна» делінген адамдардың
атымен аталатын бұл төрт Інжілдің ішіндегі баяндала-
тын оқиғалар көбінесе бір-бірімен сәйкес келе бермейді.
Бірінде харам делінген нәрсе екінші бірінде адал бо-
лып жатады. Бұған қоса інжілдің бізге дейін келіп жету
жолдарының дұрыстығы мен сенімділігі тұрғысынан
да қасиетті Құранмен, тіпті Пайғамбарымыздың (с.а.у.)
хадистерімен де салыстыруға тұрмайды.
Ұлы Жаратушыға байланысты және әр түрлі
мәселелер мен тарихи оқиғаларды баяндайтын
мағлұматтардың бұл төрт Інжілде әр түрлі, тіпті бір-
біріне қарама-қайшы берілуінен түпнұсқаның кейіннен
адамдар тарапынан қатты өзгеріске ұшырап, адами
пікірлермен лайланғанын аңғарамыз.
4. Құран. Құран араб тілінде
«көп оқылатын кітап»
деген мағынаны білдіреді. Құран – Ұлы Жаратушының
ақыретке дейін келіп-кетер барша адамзатқа тура жолды
көрсету үшін соңғы пайғамбар Мұхаммедке (с.а.у.) уахи
арқылы түсірілген, оқылуының өзі ғибадат саналатын
мәңгілік иләһи кітап. Құран – өзіне дейінгі түскен барлық
парақтар мен кітаптардың мазмұнын қамтыған. Құран –
санасы қанша жетілсе де ақыретке дейінгі келетін күллі
адамзаттың барлық рухани әрі заттық сұраныстарына жа-
уап беретін, жеке тұлғалық, қоғамдық әрі әлемдік барлық
проблемаларына қатесіз толық шешім беретін, адамның
121
ИМАНИ ГҮЛ
санасы жете бермейтін көмескі әлемді суреттеп, беймәлім
сырларды ашатын, екі дүниенің
бақытын көрсетіп,
ақ пен
қараның ара-жігін ажыратып, өзіне сеніп, шырақ тұтқан
жандарды рухани кемелдікке тәрбиелейтін Ұлы Жарату-
шы тарапынан жіберілген қасиетті соңғы кітап.
Достарыңызбен бөлісу: