Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет142/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   363
Байланысты:
Қ.Жолдыбайұлыю Иманигүл

«Зилзала» сүресі
Алла  Тағала  –  күллі  әлем  мен  жалпы  жаратылыс 
атауына  салтанатты  патшалығын  құрып,  әр  нәрсеге 
өзінің үкімін қабылдатып, билігін жүргізуші Ұлы Патша. 
Жаратылыстағы  әр  нәрсе  Оның  ілімінен  тыс  қалмайды. 
Әрбір іс Оның рұқсатынсыз жүзеге аспайды. Күллі әлем 
Осы  Ұлы  Патшаның  мейірімінен  алған  нәрмен  тыныс 
алып, тіршілік бетінде қалуда. Оның осы шексіз мейірім 
нұрынан өзінің нәсібін алған ақылсыз тауық та өз бала-
панын қорғау үшін жыртқыштардың аузына түсіп, жанын 
пида  етуде.  Осындай  мейірімнің  негізгі  қайнар-бұлағы, 
құдіреті шексіз Ұлы Патша, өзінің бұйрықтарына қарсы 
шығып, ел ішіндегі әлсіздердің ақысын жеп, зұлымдыққа 
белшесінен  батып,  тайраңдап  жүргендердің  тиісті  жаза-
сын  беріп,  олардан  әлсіздердің  ақысын  алып,  иелеріне 
қайтармауы,  әлсіз  құлдарының  мүддесін  қорғамауы 
мүмкін бе? Залымдардың істеген істерінен есеп алмас-
68
   Фуссилат сүресі/39


153
ИМАНИ ГҮЛ
тан,  оларды  жауапқа  тартпастан  жібере  салса,  бұл  ісі 
Оның  салтанатты  патшалығы  мен  әділетті  билігіне  әрі 
шексіз құдіретіне жарасар ма еді? Ал зұлымдық, әлсіздік 
сияқты нұқсан сипат – мейірімі шексіз Ұлы Жаратушыға 
жат  сипат.  Осылай  бола  тұра,  мына  жалған  дүниеде 
залымдардың  тиісті  жазасы  мен  жақсылардың  ізгі 
істерінің қарымы лайық дәрежеде беріле бермейді. Демек, 
сынақ  үшін  жаратылған  мына  уақытша  дүниеден  кейін 
ақыретте үлкен сот болмақ. Бұл соттың әділетті төрешісі 
Ұлы Жаратушымыздың өзі болып, сол жерде бәріне тиісті 
бағасы  берілмек.  Ендеше,  барлық  кемелдіктің  шынайы 
иесі, патшалардың патшасы – Алла Тағала жақсыларға 
сауабын  сыйлап,  жамандарға  азабын  беріп,  әділеттілігі 
мен  шексіз  құдіретін  паш  етуі  үшін  ақыретті  жаратып, 
үлкен  сот  құруға  тиіс.  Иә,  Алланың  шексіз  құдіреті 
мен қара қылды қақ жарар әділеті ақыретті, үлкен есеп 
күнінің жаратылуын қалайды.
Ұлы  Жаратушымыз  Құран  Кәрімде:  «Қиямет  күні 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет