әділдік таразысын құрамыз. Ол жерде ешбір жан әділетсіздікке ұшырамайды. Істелінген іс бір қыша дәнінің салмағындай болса да, оны таразыға әкеліп тартамыз. Есеп алушы ретінде біз жеткіліктіміз» 69 , –
деп бұл дүниеде істеген әрбір ісіміздің ақыретте әділ тара-
зымен тартылатындығын білдіреді.
Иә, ақырет сияқты екінші бір дүние жаратылмаса,
мына дүниедегі көптеген түйіні қиын сауалдар жауап-
сыз қалмақ. Мына дүниеде сезіліп, байқалған көптеген
әсем мағына баянсыз кетіп, күллі жаратылыс бейне бір
мағынасы аяқсыз қалған түсініксіз кітап болмақ.
69
Әнбия сүресі/47