Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ


Жер бетіне келіп-кеткен барлық адам



Pdf көрінісі
бет147/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   363
Байланысты:
Қ.Жолдыбайұлыю Иманигүл

 Жер бетіне келіп-кеткен барлық адам   
баласын бір уақытта қайта тірілту  
қалай жүзеге асады?
Алла  Тағала  үшін  барлық  адам  баласын,  тіпті 
күллі  жаратылыс  атаулыны  қайта  тірілту  –  бір  адам-
ды  тірілтумен  бірдей.  Оның  шексіз  құдіреті  үшін  шы-
бын  сияқты  кішкентай  жаратылысты  жарату  мен  аспан 
әлеміндегі  миллиондаған  галактикаларды,  ондағы  сан-


157
ИМАНИ ГҮЛ
сыз  жұлдыздарды  жарату  –  оңайлық  жағынан  парапар. 
Негізінде,  Алла  үшін  оңай,  қиын  деген  ұғым  жоқ.  Ол 
үшін барлық нәрсе оңай. Оның «бол!» деген әмірі арқылы 
барлық нәрсе бір сәтте бар болып, тіршілік әлемінде көзін 
ашады. Қиямет күні Исрафил періштенің сырнайға екінші 
рет үрлеуінен кейін Алла Тағала барлық адамды бір сәтте 
мәңгілік өмір үшін қайта тірілтеді. Қысқы өлімнен кейін 
шіріген сүйек тәріздес жер бетіндегі барлық ағаштарды, 
сансыз  гүл-бәйшешектерді,  жалпы  өсімдік  атауын  еш 
жаңылыспастан  әп-сәтте,  бір  мезгілде  оп-оңай  тірілткен 
құдіреті шексіз Ұлы Жаратушымыз үшін Адам атадан бері 
жер бетіне келіп-кеткен күллі адам баласын бір мезгілде, 
көзді  ашып-жұмғанша  қайта  тірілту  еш  қиын  емес.  Әр 
нәрсесімен  шектеулі  әлсіз  адам  баласы  бір  ғана  нүктеге 
басу  арқылы  көзді  ашып-жұмғанша  үлкен  бір  қалаға 
жарық беріп, нұрға бөлеп жатқанда, құдіреті шексіз Хақ 
Тағала  үшін  барлық  өлілерге  бір  мезгілде  жан  беріп, 
әпсәтте қайта тірілтуі неліктен мүмкін болмасын?!
«Лұқман»  сүресінде:  «Сендердің  жаратылуларың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет