Аспан әлемі Алла Тағала «Тәбәрак» сүресінде: «Жеті қабат аспанды бір-біріне үйлесімді етіп жаратқан – Ол Алла. Рахманның жаратуында ешбір ақау, жүйесіздік көре алмайсың. Сал көзіңді, көре аласың ба бір ақау? Со- сын көзіңді қайта-қайта бұрып қара! Көзің ешбір ақау таба алмағандықтан шаршап, талған күйде саған қайта оралады» – деп аспан әлеміндегі керемет жүйені,
ақаусыздықты баяндайды.
Аспан әлемі, яғни сансыз планеталар мен
жымыңдаған жұлдыздар бір-бірімен қақтығыспай өте
нәзік есеппен, өте керемет жүйемен миллиардтаған
жылдар бойы істеп тұр. Бұларды бір-бірімен
қақтығыстырмай, осынша жылдар бойы іске қосып
тұрған күш қандай күш? «Тартылыс» күші делік. Тарты-
лыс күшіндегі нәзік те ғажайып тепе-теңдікті қойған тыл-
сым күш қандай құдірет? Егер бір планетаның тұрақты
тартылыс күші бір мезет кездейсоқтықтың әсерінен
азайса немесе көбейсе, көк әлемі қалай тас-талқан бо-
ларын бір сәт ойландыңыз ба? Барлық планеталар мен
жұлдыздардың үлкенді-кішілі көлемдері мен бір-бірінің
ара-қашықтықтарына қарай өзіндік тартылыс күштері
бар. Тартылыс күшіндегі бұл есеп, кездейсоқтықтың емес,
арнайы бір Ұлы Құдіреттің жаратқанын меңзейді.