Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет23/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   363
Дүрсілдеген жүрек
Дүниедегі  ең  керемет  мотор  –  көкірегіңіздің  сол 
жағында  орналасқан  жүрегіңіз.  Жүрегіміз  ерекше 
жүйесімен,  тоқтаусыз  соғуымен  тәулігіне  денеміздегі 
қанды 1000 рет толық айналдырып шығады екен. Жүрек 
бір сағатта орташа көлемді жеңіл көлікті 1 метр жоғары 
көтеретіндей  қуат  бөліп  шығарады.  Жүректің  қанды 
айдаған  кезде  қолданатын  күші  өте  қуатты.  Осы  күш 
арқылы қанды 3 метр биіктікке ытқыта алады. Жүректің 
ең бір ерекше қасиеті – өмір бойы үздіксіз жұмыс істеуі. 
Осы тұрғыдан алғанда, оны дүниедегі тоқтамай, демалыс-
сыз жұмыс істейтін теңдессіз мотор деуге болады. Жүрек 
– шамамен минутына 70 рет, бір жылда 37 миллион рет 


38
ИМАНИ ГҮЛ
соғып, үнемі қозғалыста болатын жалғыз ағза. Адамның 
орта өмірі бойынша 2,5 миллиард рет соға отырып, 300 
миллион литрдей қан айдайды. Ұйықтап жатқан уақыттың 
өзінде жүрегіміз сағатына 340 литр қан айдайды екен.
Алақаныңызды  қанша  минут  үздіксіз  ашып-жұмып 
тұра  аласыз?  Алақан  бірнеше  минуттан  кейін-ақ  талып, 
бұл әрекетіңізді тоқтатуға мәжбүр боласыз. Ал енді өмір 
бойы  жүрегіңізді  бір  мезет  тоқтатпастан,  денеміздің 
түкпір-түкпіріне  сағатына  жүздеген  литр  қанды 
айдатқызып  тұрған  қандай  күш?  Тағы  да  кездейсоқтық 
па? Жоқ әлде...
Неліктен?
Егер барлық нәрсе кездейсоқ пайда болса...
Неліктен жаратылыстағы барлық нәрсе ерекше 
керемет?
Неліктен жаратылыста ешбір ақау, кемшілік жоқ?
Неліктен ең озық аппараттар сүтті, балды жасай 
алмайды? 
Неліктен ең дамыған қалалар ормандағы тазалыққа 
жете алмайды?


39


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет