ИМАНИ ГҮЛ 6. Кираман-Катибин. Құлдарының жақсы-жаман
амалдары мен істерін жазумен міндеттелген періштелер.
Алла Тағала әрбір адамның оң жағы мен сол жағына екі
періштені жақсы-жаман амалдарын жазу үшін өкіл етіп
қойған. Бұл екі періште адамның істеген үлкенді-кішілі,
жария яки құпия, жақсы-жаман әрбір ісін, сөйлеген әрбір
сөзін қадағалап, амал дәптерлеріне жазып тұрады.
Құранда: «Сендерді (жандарыңнан ажырамай- тын) арнайы бақылаушылар бар. (Олар) ардақты 94 жазушылар. Сендердің не істегендеріңді біледі» 95 . «Еш күмәнсіз адамды біз жараттық және біз нәпсісінің оған не сыбырлайтынын да білеміз. (Өйткені) Біз оған күре тамырынан да жақынбыз. Оның оң жағында және сол жағында отырған әрбір ісін жазатын екі періште бар. Бір сөз сөйлер-сөйлемес жанында оны (сөзді) жазушы