«Саған келген барлық жақсылық Алладан, ал басыңа
198
ИМАНИ ГҮЛ
келген барлық жамандық нәпсіңнен»
104
, - деген қасиетті
аят жаңғырып тұрады.
Басына қиыншылық түскен жан
тағдырдан жұбаныш табады.
Тағдырға иман етіп, әрбір істің Алланың рұқсатынсыз
іске аспайтынына жүрекпен сенген кез келген адам ба-
сына келген қиыншылықтар мен пәлекеттердің әсерінен
өз-өзін жеп, іштей тынып, үмітсіздікке бас имейді. Ұлы
Жаратушысының құлын жақсылықпен де, қиыншылықпен
де сынайтынын білгендіктен: «Алла Тағалам, маған са-
быр бер! Сауабыңа кенелейін» деп, келешекке деген
үмітін қанат етіп, қайрат-жігерін қамшылайды. Басына
келген айықпас ауруға: «сау болғанда бәлкім Аллаға де-
ген мұқтаждығымды ұмытып, әр түрлі күнәға батар
ма едім? Бәлкім, Алла маған сауап жинаудың, Өзіне
жақындаудың жолын осылай берген шығар. Ендеше, ауру-
ларым күнәларыма кәффарат болар» деп, сынық көңіліне
медет табады. Мал-мүлкін жоғалтып алса, яки басқа
біреудің қолында кетсе: «Алла Тағала менің тағдырыма
жазбаған ғой, бұйырмаған екен, барлық мал-мүліктің
шынайы иесі – Ұлы Жаратушым Сен өзіңсің, қалағаныңа
бересің, қалағаныңнан аласың» деп, Ұлы Иесінің алдында
басын барынша иіп, әр нәрсенің Оның қалауымен ғана бо-
латынын жадында тағы бір рет жаңғыртып, түгесілмес са-
уабы мен жәннаттағы мәңгілік сый-сияпатынан үміт етеді.
Себебі, сабыр сақтап, шүкір еткен құлдың мына дүниеде
жоғалған пәни мал-мүлкі ақыретте мәңгілік мал-мүлікіне
айналып, жәннат төрінен менмұндалап тұрады.
Жобасын жасап, жеті рет өлшеп, бір рет кескен
ойындағы ісі, армандаған мақсаты орындалмай қалса,
104
Ниса сүресі/79.
199
ИМАНИ ГҮЛ
«қайырлысы болсын» деп, сабыр танытады. Ал тағдырға
иманнан нәсібін ала алмаған байғұс жандар басына түскен
жоғарыда айтылған қиыншылықтар мен пәлекеттерге:
«Неге бұлай болды, қап, әттеген-ай», – деп санын сабалап,
айналасынан кінәлі пенделерді іздеп, басын тастан-тасқа
ұрып, өмірден түңіліп, үмітсіздіктің қараңғы әлемінде
тұншығып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |