ИМАНИ ГҮЛ Тағдырға иман қанағатқа тәрбиелеп, көре алмаушылық пен қызғаныштан сақтайды. Барлық адамның бұл дүниеде дәм татар рызық-
несібесі алдын ала Ұлы Жаратушысы тарапынан
белгіленгеніне иман еткен жан өзіне жүктелген
міндеттерін, қолынан келер барлық себептерді
атқарғаннан кейін Жаратқанның берген үлесіне ризалық
білдіріп, қанағатты пір тұтып, басқалардың мал-мүлкіне
сұқ көзбен қарап, пәк жүрегіне қызғаныш сезімін қонақ
етпейді.
Тағдырға иман адамды жүйелі жұмыс істеуге, әрбір ісін тап-тұйнақтай атқаруға тәрбиелейді. Жаратылыстағы әр нәрсенің арнайы есеппен, белгілі
жүйемен жұмыс істеп тұрғанын көріп, одан сабақ ала
білген жан әрбір ісін тап-тұйнақтай атқаруға, жоба-
жоспарсыз ешбір істі бастамауға тырысады. Жүйелілік
оның табиғатына сіңіп, тұрақты мінезіне айналады.