ИМАНИ ГҮЛ
Мінәжат
Ғұмырын осы уақытқа дейін
босқа өткізіп, жүрегі ақиқат шуағына
кейінен ғана оянған бір пенденің
Хақ алдындағы тәубасы.
Уа, Жаратушы Жаппар Ием – Хақ Тағала!
Құлың саған келді бас иіп, тәуба тілеп. Медет тілері
бар ма оның Сенен басқа? Құлың адамдық тізгінін
нәпсінің қолына ұстатып, әр бұрышта тұзақ құрып, айла
ойлаған ібілістің құрығына шалынды. Дүниенің жылты-
рына алданып, пендешіліктің батпағына малынды. Енді
міне, күнәларын арқалаған бойы бір қызарып, бір сазара
ұялған күйі Саған келді. Өйткені Сен – мейірімділердің
ең мейірімдісі, рақымдылардың ең рақымдысы,
кешірімділердің кешірімдісісің.
Рахман Ием! Құлың қанша күнәға батса да, «бір күні
келіп, Сенің ұлылығыңның алдында бас иемін» - деген
көкірегіндегі үмітін жоғалтпады. Өйткені ол күнәсінің
қанша үлкен екенін білсе де, Сенің кешіріміңнің одан да
үлкен, шексіз екеніне бек сенді.
Алла Тағалам! «Раббым − тек Сенсің» дедім, сөйте
тұра нәпсіме, дүниеге құлдық ұрдым.
Жаратушы Ием! Ақырет дедім, сөйте тұра дүниені
таңдадым. Мәңгілік дедім, сөйте тұра пәниді артық
көрдім.
Жаппар Ием! Сенің: «Уа, құлдарым, шайтан сендердің
ашық дұшпандарың» деген рақымға толы ескертулеріңе
құлақ аспай, Ібіліспен қоян-қолтық дос болдық, жо-жоқ,
дос қана емес, тіпті, ажырамас сырлас болдық. Тіпті, кей
тұста шайтан бізді емес, біз шайтанның өзін азғырдық.
211
Достарыңызбен бөлісу: |