ИМАНИ ГҮЛ – бүкіл әлемдердің Раббысысың. Өйткені Сен Құрандағы:
«Ей, (көп күнә істеп) өздеріне жаманшылық жасауда шектен шыққан құлдарым! Алланың рақымынан үміттеріңді үзбеңдер! Алла барлық күнәларды кешіреді. Өйткені Ол – өте кешірімді және рақымды», деп үміт шашқан қасиетті сөздің Иесісің.
Уа, Алланың мен секілді ертеңінен бейғам құлдары! Өлімнен кім қашып құтылған? Пәнилікке бас име-
ген, сірә, біреу бар ма? Қайда кешегі сән-салтанатымен
саят құрып, зәулім-зәулім сарайларда ғұмыр кешкен аты
әйгілі заңғар тұлғалар? Қайда кешегі біздің көз алдымыз-
да жүрген ақ сақалды қариялар мен бетін әжім басқан
ақ жаулықты әжелер? Олардан қане, кім қалды? Кім?
Кешегі олардың орнын бүгінгі біздер басатынымызды
ұмытпайық!
Жастығыңның тұла бойыңды жасындай шарпып,
сарқылмастай көрінген күш-қуатын «мәңгілік» деп ал-
данба! Жалғанның жарын жағалап жүріп, күндердің бір
күнінде аңдаусыз ажалдың құрығына іліккен сәтте ғана қу
түлкідей құбылған сұм дүниеге алданғаныңды аңғарып:
«Қап, әттеген-ай, жарығы сөнбестей көрінген жалған дүние жалт бұрылып мені де қапыда қалдырды-ау» деп
аһылап -үһілеп өкінгеннен не шара?!
Алла Тағалам! Мен Саған, Сенің асыл дініңе бет
бұрдым. Алла Тағалам! Қалған ғұмырымда Құран нұрынан
таймай, Сенің жолыңда, иман нұрында, тақуалықтың
ізінде жүруді нәсіп ет! Амин, Әмин!!!