Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ


Алла  Тағала  құранда:  «Маған  дұға  етіңдер



Pdf көрінісі
бет302/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   363
Байланысты:
Қ.Жолдыбайұлыю Иманигүл

Алла  Тағала  құранда:  «Маған  дұға  етіңдер, 
сендерге  жауап  беремін»  деп,  құлдарының 
дұғаларын  қабыл  ететіндігін  айтқан.  Алай-
да  біздің  жасаған  дұға,  тілектеріміз  көбінесе 
қабыл  болмайды.  Мұны  қалай  түсінуге  
болады?
Иә,  Құранның  «Ғафир»  сүресінің  60-аятында 
Алла  Тағаланың  «Маған  дұға  етіңдер,  сендерге  жау-
ап беремін» деген уәдесі бар. Алла Тағала құлдарының 
жасаған  барлық  дұғаларына  жауап  беруші.  Алайда,  
дұғаға жауап беру бір бөлек те, оны қабыл алу бір басқа. 
Аятта Алла Тағала өзіне жасалған барлық дұға-тілектерге 
жауап  беретінін  айтуда.  Ал  дұғада  сұралған  нәрсенің 
беріліп-берілмеуі  яғни  тілектің  қабыл  болып-болмауы 
Алла Тағаланың хикметі мен қалауына қарай жүзеге аса-
ды. Қарапайым бір мысал келтіре кетейік, бір сырқат адам 
дәрігерді көмекке шақырса, дәрігер оған «иә, не болды, не 
сұрайсың?» деп, оның шақыруына ілтипат білдіріп жау-
ап  береді.  Бірақ,  дәрігер  сырқаттың  өзі  сұраған  барлық 
дәрі-дәрмегін  дереу  бере  салмайды.  Ауруын  қарағаннан 
кейін,  оның  сұраған  дәрісі  шынымен-ақ  ауруына  шипа-
лы болса ғана береді. Сұраған дәрісі ауруына, яки басқа 
бір ағзасына кері әсерін тигізер болса, ол дәрінің орнына 
басқа бір шипалы  дәрі беруі мүмкін.  
Міне,  дәл  осы  тәрізді  Ұлы  Жаратушымыз  да 
құлдарының барлық жасаған мінәжат, дұға-тілектеріне жа-
уап береді. Бірақ сұралғанның бәрін қабыл ала бермейді. 
Себебі, біз көбіне мына пәни дүниенің өткінші пайдасын 
ғана күйттеп,  мәңгілік дүниемізге кері әсері тиер нәрсені 
сұраймыз. Сұраған нәрсеміз кейбір жалған сезімдеріміз-
дің яки асығыс қабылдаған шешіміміздің нәтижесі болуы 


317
ИМАНИ ГҮЛ
ықтимал. Кейбір жақсылық деп пайымдаған нәрселеріміз 
біз үшін аяғында жамандық болуы мүмкін. 
Құранда:  «Жек  көрген  нәрселерің  сендер  үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет