Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ


қайырлы болуы мүмкін. Ал жақсы көрген нәрселерің



Pdf көрінісі
бет303/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   363
Байланысты:
Қ.Жолдыбайұлыю Иманигүл

қайырлы болуы мүмкін. Ал жақсы көрген нәрселерің 
сендер үшін жаман болуы мүмкін. Алла біледі, сендер 
білмейсіңдер»
181
,  -  делінеді.  Сондықтан  кейбір  сұраған 
нәрселеріміз берілмеген жағдайда дұғам қабыл болмады 
дегеннен гөрі, тілегімнің орындалмауы мен үшін қайырлы 
шығар деп Жаратқанның жазғанына риза болған жөн.
Кейде  асығыстық  жасап,  әлі  пісіп  жетілмеген 
нәрселерді уақыты келмей жатып шикілей жинап алуды 
қалаймыз.  Алла  Тағала  осындай  көңілі  мен  сезімдеріне 
ұнамды  әр  нәрсені  сұрай  беретін  құлына  ненің  керекті, 
ненің қажетсіз, дүниесі мен ақыретіне қай нәрсенің пайда-
лы, қайсысының зиянды екенінін жақсы білгендіктен, оның 
тілегін  Өзінің  хикметіне  қарай  береді  яки  сұрағанынан 
да  абзалын  нәсіп  етеді.  Мысалы,  біреу  Алла  Тағаладан 
ер  бала  тілеуі  мүмкін.    Ал  Алла  Тағала  оған  қатардағы 
қарапайым  ер  баладан  да  қайырлы  қыз  бала  нәсіп  етуі 
мүмкін.  Имранның  әйелі  Жаратушыдан  ұл  бала  тілейді. 
Алайда, Ұлы Жаратқан оған ұл баладан да қайырлы қыз 
сыйлайды. Олай дейтініміз, ол болашақ Иса пайғамбарды 
дүниеге әкелетін Мәриям анамызды босанған болатын. 
Дұғаның  негізгі  мақсаты  –  ғибадат  пен  құлшылық. 
Сондықтан  кейде  оның  қарымы  ақыретте  сауап  ретінде 
беріледі. Дұға жасаған құл өзінің әлсіздігін, мұқтаждығын 
мойындап,  Жаратушысының  өзінің  сол  мұқтаждығын 
көріп,  дұғасын  естіп  тұрғандығына  кәміл  сенгендіктен, 
иман  дәрежесі  арта  түседі.  Әрі  бүкіл  әлемді  құдірет 
қолында  ұстаған  Ұлы  Сүйенішті  паналағандықтан, 
құлазыған көңілі байыз табады. Құл дұға жасаған уақытта 
өзінің  әлсіздігін,  әлжуаздығын,  ал  Жаратушысының 
181
 Бақара сүресі, 216-аят.


318
ИМАНИ ГҮЛ
құдіреттілігін түсінгендіктен,  оның өзі бір ғибадат. Кез-
келген ғибадатта осы мағыналар көрініс береді емес пе? 
Мысалы, құл басын сәждеге қойған уақытта өзінің төмен, 
әлсіз  екенін  іс  жүзінде  көрсетіп,  ал  Алла  Тағаланың 
құдіретті,  ұлы  екенін  паш  етеді.  Пайғамбарымыз 
хадисінде: «Дұға – ғибадаттың мәйегі» деген
182
. Енде-
ше,  дұға  жеке  басына  құлшылық  саналғандықтан,  оның 
негізгі жемісі мен қарымы ақыретте берілмек. 
Дұғаның  қабыл  болуы  үшін  мына  дүниенің  өзіндік 
заңдары мен себептерін ешбір ақаусыз атқаруымыз қажет. 
Дұғаның өзі екіге бөлінеді. Біріншісі «фиғли дұға». Яғни, 
өзіміздің ісіміз арқылы Ұлы Жаратушыдан тілеу. Мысалы, 
жер жыртып, дән сеуіп, оны жаз бойы суғарып, оның өсіп-
жетілуі үшін керекті барлық іс-шараларды атқару. Мұндай 
дұға  Алла  Тағаланың  қойған  заңдары  мен  себептерін 
орындау арқылы жүзеге асатындықтан көбіне қабыл бо-
лады. Ал екінші дұға «қаули дұға» – сөзбен не жүрекпен 
тілеу арқылы болатын дұға. Қаули дұға мен қатар фиғли 
дұға  жасалуы  керек.  Іс  істемей  жатып  жасаған  барлық 
дұғаларды  Алла  Тағала  қабыл  ала  беретін  болса,  елдің  
бәрі  жатып-ішер  жалқауға  айналар  еді.  Ал  Алла  Тағала 
құлдарының жалқау болуын, әлбетте, қаламайды. 
Сондай-ақ,  жасаған  әрбір  дұғамызды  Алла  Тағала 
қабыл  ала  беретін  болса,  дүниедегі  тепе-теңдік  бұзылар 
еді. Мысалы, жұрттың көпшілігі бай болуды, бастық бо-
лып, мөр басуды қалағандықтан, олардың осы тілектерінің 
бәрі қабыл болар болса, жұмысты кім істеп, кім-кімге бас-
шы болмақ?
Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  бір  хадисінде  былай  дейді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет