Алла Тағала өз нұрын (дінін) кәпірлер қаламаса да
тәмамдайды»
195
. Міне, сол кезде жер-жаһанның бәрі
мұсылмандарды еріксіз тыңдайтын болады. Бұған еш
195
Саф сүресі, 8-аят.
328
ИМАНИ ГҮЛ
күмәніміз жоқ. Себебі, ислам – задында жоғары, теңдессіз
қасиеттерге ие құдайылық соңғы дін. Исламның адамның
дүниесін, ақыретін, рухын һәм тәнін қанағаттандыратын
асылдығын түсінген көкірегі ояу жандардың оны
қабылдары сөзсіз. Тіпті, бұл қазір басталып та кетті.
Күннен күнге батыста ислам дінін қабылдаған жандардың
санының арта түсуі осының дәлелі. Бүгінде батыстың
зиялылары, ойшыл ғалымдары исламның сөнбейтін
нұрын, солмайтын гүлін көріп жақындай түсуде. Иә, бір
күні адамзат исламға бас иеді. Бірақ, мұны жасауға се-
бепкер болатындар жүректері дін ғылымымен сусын-
дап, ақылдары дүниенің озық ғылымымен нәрленген,
пенделік қасиеттерден барынша арылған «дінімді қалай
жеткіземін?» деп түн ұйқысын төрт бөліп уайымға батқан
сахаба тәріздес қаһарман жандар болмақ.
329
Достарыңызбен бөлісу: |