Алла Тағала жалғыз, дара бола тұра Құран- ның көптеген жерінде неліктен «біз» деген? Мысалы, «қадір» сүресінде «Сөзсіз, Біз құранды қадір түні түсірдік» деген аят бар. Құранда Алла Тағаланың жалғыз, дара, бір екендігі-
не байланысты көптеген айқын аяттар бар. Мысалы,
бәрімізге мәлім «Ықылас» сүресінде «Алла жалғыз» делінсе, басқа бір аятта: «Сөзсіз, Мен – Алламын, ме- нен басқа ешбір тәңірі жоқ. Сондықтан маған ғана ғибадат ет! Мені еске алу үшін намаз оқы» 196 делінген.
Ал кейбір сүрелердегі Ұлы Жаратушының өзін «біз» деуінің астарында араб тілінің ерекшелігі жатыр. Мы-
салы, орыс тілінде екінші жақтың жекеше түріне «ты» делінеді. Алайда кейде адамға деген құрметті, ізеттілікті,
сыпайылықты білдіру үшін жалғыз адамның өзіне
екінші жақтың көпше түріне қолданылатын «вы» сөзі
қолданылады. Сол секілді араб тілінде де «біз» делінген
уақытта Алла Тағаланың ұлылығы мен жаббарлығын
білдіру үшін қолданылады. Арабша «Муғжамул-уасит» және «әл-Му’жамул-арабил-әсәси» сөздіктерінде былай
делінеді: «нахну», яғни «біз» сөзі екі және үш адамға
көпше түрінде қолданылатыны секілді кейде ұлықтау
мақсатында бір адамға да қолданылады
197
.
196
«Таһа» сүресі, 14 – аят.
197
Әл-му’жамул-арабил-әсәси сөздігі, 1179-бет.