Табиғат заңдары мен себептердің өзі де басқа себептерге мұқтаж Табиғат заңдары мен жалпы себептер әрқашан басқа
себептерге, заңдарға мұқтаж. Мұқтаж болған себеп
пен заңдардың өзі басқа себептер мен заңдарға мұқтаж.
Шексіздікке созылып кете беретін себеп, заңдардың бір
жерде нүктеленіп, тұрақтауы тиіс. Мысалға, ағаштың пай-
да болуына ағаштың дәні себеп делік, ал сол дәннің пайда
болуына не себеп? Тауықтың пайда болуына жұмыртқа
себеп болса, жұмыртқаға не себеп?
Алма пайда болуы үшін себеп ретінде алма ағашының
гүлдеуіне, алма ағашының гүлі ағашқа, бұтаққа, ағаш,
бұтақтың өзі алма ағашының дәніне, ал дән топыраққа
және топырақ қамтитын минералдарға, жылуға, жарыққа,
ауаға тәуелді. Осылай алманың пайда болуындағы
себептерді тартылыс күшіне дейін созып, ұзата берсек
те, мәселе шешілмейді. Сұрағымыз бітпестен алманың
пайда болуы үшін көрсетілген соңғы себепке де, басқа се-
беп іздеріміз анық. Демек, себептерді себептерге байлау-
мен мәселе айқындалып, толық шешілмейді. Себептерді
негізгі жаратушысына, яғни Алла Тағалаға байлаған кезде
ғана сұрағымызға қанағаттанарлық жауап алып, көңіліміз
53
ИМАНИ ГҮЛ жай табады. Әйтпесе, әр себепке құдайлық сипаттар
таңуымыз қажет болады. Ал әр себепке құдайлық сипат-
тарды таңу қисынға қайшы. Ендеше, барлық себептерді
жаратқан негізгі себеп бар. Ол, еш күмәнсіз, Алла Тағала.