Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ


«Кімде-кім  Аллаға  және  Оның  періштелеріне



Pdf көрінісі
бет50/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   363
Байланысты:
Қ.Жолдыбайұлыю Иманигүл

«Кімде-кім  Аллаға  және  Оның  періштелеріне, 
кітаптарына,  пайғамбарларына  және  ақырет  күніне 
иман келтірмесе, қатты адасады...»,
12
 - делінеді
Жер  бетін  нұрландырып,  адамзатқа  тура  жолды 
нұсқап, ақиқат пердесін ашып, екі дүние бақытын көрсету 
үшін  Ұлы  Жаратушы  тарапынан  жіберілген  жалпы 
пайғамбарлардың толық әрі нақты саны бір Аллаға мәлім. 
Құранда тек жиырма бесінің аты аталған. Құранда есімі 
көрсетілген  Узайр,  Луқман,  Зулқарнайн  атты  үш  кісінің 
пайғамбар яки үлкен әулие екендігі жайлы ғұламалардың 
арасында әр түрлі пікір бар.
Жер бетіне жіберілген барлық пайғамбарлар арнайы 
бір  қауымға  белгілі  бір  уақыт  үшін  ғана  келсе,  әз  елші 
Мұхаммед (с.а.у.) қияметке дейінгі барлық адамзат үшін 
ақырғы  пайғамбар  ретінде  жіберілуімен  ерекшеленеді. 
Ол  (с.а.у.)  өзіне  дейінгі  барлық  пайғамбарлардың 
12
  Ниса сүресі/136.


68
ИМАНИ ГҮЛ
ерекшеліктері мен мәртебелеріне ие болса, Оның (с.а.у.) 
алып  келген  ислам  діні  алдыңғы  барлық  діндердің 
мән-мазмұнын  қамтиды.  Пайғамбарлық  міндеті  оның 
елшілігімен  нүктеленгендіктен  одан  кейін  ешбір 
пайғамбар  келмек  емес.  Алла  елшісі  (с.а.у.)  келгеннен 
кейін  барлық  пайғамбарлардың  алып  келген  діндерінің 
үкімі тоқтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет