Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ


Алланың тура жолға салған құлдары. Ендеше, сен де



Pdf көрінісі
бет53/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   363
Алланың тура жолға салған құлдары. Ендеше, сен де 
олардың тура жолына ілес!»
14
 – делінсе, басқа бір аят-
та:
 «Расында, сендерге, Алладан және ақырет күнінен 
үміт  еткендер  мен  Алланы  көп  зікір  еткендер  үшін 
Алланың Елшісінде жақсы үлгілер бар», - делінеді
15

Пайғамбарлар  –  біз  үшін  жолбасшы  әрі  имам.  На-
мазда  имамға  ұйығанымыздай,  өмірдің  әр  қадамында 
Оны үлгі тұтып, Оның жолымен жүреміз. Бізге нағыз шы-
найы өмірді пайғамбарлар ғана көрсете алады. Исламның 
алғашқы  дәуірін  көргендер  Алла  елшісінің  (с.а.у.)  қас-
қағым сәттерін де қалт жібермей мұқият қадағалап, Одан 
үлгі-өнеге алып отырған.
•  Пайғамбарлар  дүние  мен  ақырет  тепе-теңдігін 
құру үшін келген. Олардың әкелген тепе-теңдігімен адам 
баласы  өмір  жолының  астамдығы  мен  нұқсандығынан 
құтылып, дұрыс бағытын табады. Бұл – поптар мен мо-
нахтардай  дүниені  тәрк  етіп,  монастырларға  қамалып, 
елден бөлектену, тұмшаланған әлемге кіріп, ғұмыр бойы 
жалғыз өмір сүру емес, керісінше, үнемі орта жолдан ай-
рылмай,  дүние  мен  ақыреттің  өзіндік  салмағына  қарай 
тепе-теңдік  сақтай  ғұмыр  кешу.  Бұл  –  уахидың  (Алла-
дан  келген  хабар)  нұрлы  әлемінде  ғана  қол  жеткізуге 
болатын табыс. Пайғамбар жеткізген ақиқаттан мақұрым 
14
   Әнғам сүресі 90-аят.
15
   Ахзап сүресі 21- аят.


72
ИМАНИ ГҮЛ
жалаң  сана  арқылы  мұндай  тепе-теңдік  орнығуы  әсте 
мүмкін  емес.  Құран  Кәрім  осы  тепе-теңдік  жайында:
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет