Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет59/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   363
Байланысты:
Қ.Жолдыбайұлыю Иманигүл

ИМАНИ ГҮЛ
деп ешқашан қорқақтық пен қорлануға бас имеген. Алла 
елшісі өте салмақты, байсалдылығымен қоса жанындағы 
адамдарға шаттық сыйлай алатын жарқын жүзді еді. Жал-
пы  ғаламға  ұстаздық  етіп,  үлкен  мәселелерді  қозғаған 
Пайғамбарымыз кішкентай бүлдіршіндермен құмда оты-
рып ойыншық ойнайтындай қарапайым әрі кішіпейіл еді. 
Қысқасы, әр қасиетті өз арнасынан асырып екінші бір жа-
ман қасиеттің жағасына апармаған. Яғни, таразының екі 
басын тең ұстап, тепе-теңдік сақтаған.
Әр  қасиетті  өз  орнында  қолданбаған  жағдайда  да 
ол  қасиеттің  мағынасы  өзгермек.  Мысалға,  әкім  қызмет 
орнында көрсеткен салмақтылығын отбасында көрсетсе, 
тәкаппарлыққа  айналады.  Әскердегі  жауынгердің 
халыққа  көрсеткен  мейірімділігі  мен  кешірімділігін 
жауға,  дұшпанға  қолданса,  халқына  деген  зұлымдыққа 
айналмақ.
Жан-жақты  жетілген  кемел  адамның  бойынан 
табылуға  тиіс  көптеген  көркем  қасиеттерді  ең  жоғарғы 
дәрежеде  әрі  әрқайсысын  өз  орнында  бір-бірімен  ша-
тастырмастан  ең  керемет  түрде  қолданып,  үмметіне  іс 
жүзінде  көрсете  білген  адам  –  пайғамбар  болмаса,  кім 
болмақ?
Тарихта келіп-кеткен көптеген ұлы тұлғаларды зерт-
теген  уақытымызда  олардың  бойында  тек  кейбір  жақсы 
қасиеттердің ғана орын алғанына куә боламыз. Кейбіреуі 
атымтайдай жомарт, бірақ дәл сондай дәрежеде кешірімді, 
кішіпейіл  емес.  Кейбіреуі  кешірімді,  кішіпейіл,  бірақ 
ашуға  бас  иетін  сабырсыз.  Ержүрек  батыр,  бірақ  дәл 
сондай  дәрежеде  мейірбан  емес.  Ал,  Пайғамбарымыз  – 
жақсы деген қасиеттердің бәрін бойына жинай білген әрі 
әрбір қасиетті ең биік шыңында іс жүзінде қолдана білген 
жалғыз адам. Алла Тағала Құранда: «Сен керемет мінез-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет