Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет60/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   363
құлыққа  иесің»  –  деп  Алла  елшісінің  бойындағы  осы 
қасиеттерді нұсқайды.


77
ИМАНИ ГҮЛ
Американдық  ғалым  Майкл  Харт  өзінің  «Адам-
зат  тарихындағы  ұлы  жүздік»  атты  кітабында  адам 
баласының тарихында өнегелі де ғибратты із қалдырған 
ұлы  тұлғалардың  өмірбаяндарын  жазған.  Майкл  Харт 
еңбекте  Аристотель,  Платон,  Евклид,  Архимед  бастаған 
топтың  алдында  ең  бірінші  болып  Мұхаммед  (с.а.у.) 
пайғамбарды  көрсеткен  екен.  Бұлтартпас  ғылыми 
тұжырым  жасау  үшін  Мұхаммед  Пайғамбардың  (с.а.у.) 
өмірбаянын  басқа  тұлғалармен  бірге  компьютердегі  ар-
найы бағдарламаға енгізген Майкл Харт таңданысын жа-
сыра  алмаған.  Себебі  компьютерге  түскен  100  адамның 
ішінен  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  есімі  бірнеше  мәрте 
бірінші болып шыққан.
Иә, Пайғамбарымыз бойындағы он төрт ғасыр өтсе 
де  еш  ескіріп,  тозбайтындай  әрі  қияметке  дейін  келіп-
кетер күллі адамзатты тәнті еткен осынау ұлы қасиеттер 
мен көркем мінез-құлықты кімнен үйреніп, қайдан алды? 
Оны (с.а.у.) осындай етіп кім тәрбиелеп жетілдірді?
Бұл  сұрақтың  жауабы  ретінде  әке-шешесі  дейін  де-
сек,  Пайғамбарымыз  әкесінен  анасының  құрсағында 
алты айлық кезінде, шешесінен алты жасында айырылып, 
тұл  жетім  қалды.  Демек,  Алла  елшісінің  (с.а.у.)  тәлім-
тәрбиені әке-шешесінен алуы еш мүмкін емес. Ал, оған 
бұл  көркем  мінез,  жалпы  тәлім-тәрбиені  өскен  ортасы, 
өмір сүрген қоғамы берді дейін десек, ол қоғамның тарих-
та «надандық, қараңғылық дәуірі» деген қара таңбасымен 
орын тепкені бәрімізге мәлім. Надандық пен қараңғылық, 
зұлымдық пен қатігездік билік еткен бұл қоғамда қыз ба-
ласы тірідей көміліп, әйел атаулы қорланып, базарларда 
бейне бір заттай саудаланып, зинақорлық ашықтан-ашық 
жасалды. Тіпті, зина жасаушы осы ұятты ісімен халық ал-
дында мақтанып, атақ-абыройға кенелді. Ата-тек, шежіре 
шатасып, көптеген балалар өз әкесінен бейхабар-ды. Ақ 


78
ИМАНИ ГҮЛ
қара деп саналып, ақиқат жалғанға бұрмаланып, залымдық 
бейне  бір  әділдіктей  көрінген  бұл  қоғамда  әлсіздер 
құлға айналып, бар құқықтары бәзбір адам бейнесіндегі 
жыртқыштардың  аяғында  тапталып  жатты.  Міне,  осын-
дай  бір  қоғам  –  қияметке  дейін  келіп-кетер  күллі  адам-
затты  бойындағы  асыл  қасиеттерімен  таң  қалдырып, 
көркем де сұлу мінез-құлқымен тәнті еткен Алла елшісін 
(с.а.у.)  тәрбиелеп,  жетілдіруі  мүмкін  бе?  Жай  қатардағы 
бір  адам  бұл  қоғамның  тыныс  алған  зиянды  вирусынан 
еш  зақымданбай  дін-аман,  сау-саламат  құтылуы  мүмкін 
бе? Мұндай қараңғы қоғам өзінде жоқ қасиеттерді басқаға 
қалай  бермек?  Демек,  Пайғамбарымызға  бұл  көркем  де 
әсем  қасиеттерді  беріп,  арнайы  тәрбиелеп  жетілдірген 
Әлемдердің Раббысы – Алла екендігі еш күмәнсіз. Адам 
баласына  қыстың  күні  мұз  бетінде  бәйшешек  сыйлаған 
Раббымыз «надандық дәуірде» Пайғамбарымыздай нұрлы 
тұлға  жетілдіріп,  ғаламға  рақым  сыйлады.  Пайғамбары-
мыз (с.а.у.) бір хадисінде: «Раббым Мені Өзі тәрбиеледі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет