98
ИМАНИ ГҮЛ
тұтастай бір қоғамды жамандықтан тыйып, жақсылыққа
тәрбиелеген хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) өмірі мұқият
зерттелуі тиіс. Ол – бала тәрбиесінде қиындық көріп
жүрген ата-аналар мен педагогтар үшін таптырмас үлгі.
•
Пайғамбарымыз (с.а.у.) ерекше қолбасшы
еді. Ел әскері өлімнен қашқан уақытта Оның (с.а.у.)
жауынгерлері дінді, Отанды қорғау жолында өлімді іздеп,
өлімге жүгіретін. Яғни, өлім оларды емес, олар өлімді
қорқытатын. Оның тәрбиесінен өткен әрбір тұлға, жас
болсын, кәрі болсын мейлі әйел болсын:
«Отанымды
бергенім – дінімді бергенім, дінімді бергенім – барлық
нәрсемді аяққа таптатқаным. Отанымды, дінімді, ар-
намысымды аяққа таптатып, қорланып өмір сүргенше,
қаһарман шейіт боп өлгенім артық», - дейтіндей
ержүрек батырға айналатын. Оның (с.а.у.) жетілдірген
қолбасшылары Исламды бесікте тұншықтырғысы келген
сол кездегі Иран, Византия сияқты ұлы державаларды
өздеріне бас идірді. Мұндай соғыс тәсілін жетік білген
күшті державаларды жеңу араб халқының Исламнан
бұрын үш ұйықтаса түсіне де кірмейтін.
•
Пайғамбарымыз керемет психолог еді. Ол
адамдардың қоғамдағы дәрежесіне, ақыл деңгейі мен
түсінігіне және мінез-құлықтары мен құбылмалы көңіл-
күйлеріне қарай сөз таңдап, уақыт белгілейтін. Міне,
сондықтан Ол кейде бір ғана сөзімен заманының заңғар
тұлғаларының жүрегіне жол тауып, көңіліне Исламға
деген сүйіспеншілік отын маздататын. Барлық сахабаға
жүрегінен жеке орын беріп, ерекше назар аударғандықтан,
әрқайсысы өзін
«Пайғамбардың ең жақсы көретін адамы
шығармын» деген ойда қалатын.
•
Ол барлық ғылымның негізін қалап, өшпейтін
Достарыңызбен бөлісу: