Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет150/237
Дата12.09.2023
өлшемі3,36 Mb.
#106907
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   237
Байланысты:
515027 1387345936

ИМАНИ ГҮЛ
Иә, Ұлы Жаратушының бар екенін қабылдамаған 
адам мына қысқа ғұмырында күпір делінген бір ғана 
күнәні істегенімен, сол күпірлік арқылы шексіз қылмыс 
жасайды. Өйткені, Ұлы Жаратушыны жоққа шығару 
– оның жаратқан мына ғажайып сұлу да үйлесімді әрі 
сан сырлы мағынаға ие жалпы жаратылысты жоққа са-
нау. Олай дейтініміз, кәпір адам күллі жаратылысты 
бостан босқа, еш мағынасыз әйтеуір кездейсоқ жара-
тылыс ретінде бағалағандықтан, олардың бойындағы 
терең мән-мағынаны жоққа шығарып, аяққа таптайды. 
Әрбір жаратылыстағы Ұлы Жаратушы жүктеген ар-
найы міндеттерді көре алмағандықтан, оларды қорлаған 
боп саналады. Мысалы, Күн ешбір мақсатсыз, кездейсоқ 
әлемге сәулесін шашып тұр. Жер өз-өзінен әйтеуір 
бостан-босқа шыр көбелек айналып тұр, сиыр да бекер-
ге кездейсоқ сүт береді деп пайымдағандықтан, олардың 
қадір-қасиетін төмен түсіріп, мән-мағынасын аяққа тап-
тайды. Жаратушының оларға жүктеген ұлы міндеттеріне 
қиянат жасап, қорлаған саналады. 
Бұған қоса әрбір жаратылыстың бойындағы кере-
мет жүйені, үйлесімділікті, мән-мағынаны жоққа санау – 
олардың әрқайсысының өз болмысымен Хақ Тағаланың 
бар екендігін паш еткен куәліктерін жалғанға шығару бо-
лып есептеледі. 
Иә, ғаламдағы триллиондаған әр түрлі жаратылысқа 
жасалған мұнша күнәнің жазасы берілуге тиіс. Себебі, 
Алла Тағаланың әділдігі осыны талап етеді. Мысалы, 
белгілі бір мемлекеттің елтаңба, әнұран, байрақ секілді 
қасиетті рәміздерін рұқсатсыз өзгертуге яки қорлауға 
болмайды. Олай жасаған адам мемлекет алдында жа-
уап береді. Ендеше, Алла Тағаланың қастерлеген киелі 
ұғымдарын аяққа таптап, қорлағысы келген пенделер де 
жазаға тартылуы тиіс.


248
ИМАНИ ГҮЛ
Ғаламдағы әрбір жаратылыста мөрленген Алла 
Тағаланың ғажайып нақыштарын мәнсіздікке балап, 
көзді тарс жұмып оларды көрмеу – Хақ Тағаланың 
«теңдессіз жаратушы», «ғажайып шебер», «толассыз 
рызық беруші», «шексіз ілім иесі»
тәрізді сансыз ұлы си-
паттарын мәнсіздікке теңеу, тіпті оларды жоққа шығару 
болғандықтан күнәсі де ауыр, тіпті шексіз. Себебі, бұл күнә 
жай ғана бір адамның құқығына емес, Алла Тағаланың 
өзіне, ұлы сипаттарына жасалуда. 
Иә, адам баласының Ұлы иесін танымай, Оның тегін 
берген сансыз жақсылығы мен ырыс-берекесін мойында-
май мына дүниеден өтуі – өзіне жүктелген негізгі міндетін, 
адамдығына сай асыл борышын, мына өмірге жіберілудегі 
«иман ету» миссиясын орындамауы болып саналады. 
Өзін ерекше ақыл-ой, әр түрлі үстем қабілеттермен 
безендіре жаратқан Ұлы Иесін танымай, 
«мұның бәрін 
табиғат жасады»
деп, опасыздық жасаған құл Ұлы 
Иесінің ақыретте дайындаған сый-сияпатына лайық 
па? Әрине, жоқ. Бірақ, Ұлы Жаратушыға сенбеген 
барлық пенделердің ақыреттегі жазалары бірдей бол-
майды. Олардың мына дүниеде істеген күнәлары мен 
жақсылықтарының тозақтағы жазаларына да өзіндік әсері 
болары сөзсіз.


249


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет