246
ИМАНИ ГҮЛ
абыройын мына дүниеде береді. Ал жұмақтағы көз көріп,
құлақ естімеген, ақыл ойлап елестете алмаған ғажайып
сый-сияпатты өздері мына дүниеде
иман келтірмеген
Алла Тағаладан емес табиғаттан сұрасын. Мына дүниеде
Алла Тағаланы мойындамай арғы дүниеде Жаратушыдан
сый-сияпат күту ақылға сыйымсыз болса керек.
Жәннаттағы сый-сияпат – иман етіп, ізгі іс істеген
адамдарға ғана арналған. Иман еткен жандар мен иманға
келмеген пенделерді тең дәрежеде бағалап, бәріне бірдей
жәннатты беру – әділетсіздік. Себебі, нағыз әділеттілік
–
иманды жанға иманының, салиқалы амалдарының
қарымы ретінде жәннатты беру, ал иманнан бас тартып,
күпірлікті таңдаған адамға да жазасын беру.
Мына пәни дүниенің өзінде кез-келген мемлекет
өзінің заңдарына бағынғандарды мемлекеттік жалпы
мүмкіншіліктерден пайдалануға жағдай жасап, құқығын
қорғауда. Ал мемлекет заңдарына
қарсы іс-әрекет ет-
кен адамдарды бірнеше жылға немесе қылмысының
үлкендігіне қарай мәңгілік абақтыға жабуда. Қазіргі
таңдағы бұл заңға ешкім қарсы шығып, әділетсіздікке ба-
лап, қаралай алмайды. Ендеше, Ұлы Жаратушының ұлы
заңдарын адамдардың шығарған заңдарынан төмен санап,
әділетсіздікке теңеу ақылды адамның ісі болмаса керек.
Олай болса, Ұлы Патшаның да мына
«дүние»
деген
мемлекетінде қойған өзіндік ереже-қағида, заңдары бар.
Ол – Өзіне иман етіп, бұйырған бұйрықтарын орындап,
тыйған тыйымдарынан тыйылған құлдарын жәннаттық
ғажайып сый-сияпатпен марапаттау. Ал,
керісінше, Ұлы
Патшаның өзін де, салтанатты патшалығын да мойында-
май:
«Сен сияқты Ұлы Патша жоқ әрі Сенің билігіңді де,
патшалығыңды да мойындамаймын»,
- деп даңдайсып
иманнан бас тартып, Құдайлық
заңдардан қашқандарды
тозағында жазалау.