Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет200/237
Дата12.09.2023
өлшемі3,36 Mb.
#106907
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   237
Байланысты:
515027 1387345936

ИМАНИ ГҮЛ
Тағала жаратылыстағы барлық нәрсені бір-бірін тәмамдап, 
толықтыратындай кейіпте жаратқан. Тең күштер әрдайым 
бір-бірін теуіп, итеретіндігі де заңдылық. Сондықтан 
әйелдің мейірімділігі мен нәзіктігі еркектің күштілігі мен 
қуаттылығы әрдайым бір-бірін толықтырып, оң және теріс 
зарядтар тәрізді бір жерде бірігулеріне жағдай жасауда. 
Соңғы ғасырларда қолдан әйел болмысын еркекке 
айналдыру – оның өз еріне бағынбай, қарсы шығуына 
әкеп соқты. Сөйтіп, басшысыз қалған отбасында бақыт 
байрағы жерге құлап, жанұя мүшелерінің сансырауына 
себеп болды.
Шынтуайтында, жанұямен қатар қоғамда әйел 
затының өз жаратылысы мен болмысына сай қасиетті де 
киелі орны бар. Дүниеге сәби әкелу – еркектің қолынан ке-
лер іс емес. Ол – тек әйелдің еншісіне бұйырған қастерлі 
міндет. Ұрпаққа керекті тәлім-тәрбиені беріп, қоғамға 
пайдалы азамат өсіруден артық та абзал міндет жоқ. Міне, 
осы міндет те – тікелей ананың мойнынадағы қасиетті 
борыш. Әйел заты өз болмысына жарасымды міндетін 
ұмытып, еркекке ұқсауға тырысқан күннен бері ұрпақ 
саны азайып, тіпті сол аз ғана ұрпақтың өзі тәрбиеден 
алшақтап, қоғамда келеңсіз жайттар көптеп орын ала 
бастады. 
Ендеше, әйел затына пайғамбарлық міндеттің 
жүктелмеуі – оның адами деңгейінің төмендігінен емес, 
керісінше, ерекше жаратылысы мен нәзік табиғатына 
тікелей байланысты. 
Иә, әйел баласы әр ай сайын хайыз
190
мерзімінің 
келуіне байланысты оншақты күн пайғамбарлық міндетін 
атқара алмайды. Мұндай кезде әйел адам Хақ Тағаладан 
уахи алып, хабарласу былай тұрсын, жай мұсылманның 
атқаратын ораза, намаз сияқты ғибадаттарды да атқара 
190
Етеккір.


323
ИМАНИ ГҮЛ
алмайды. Бұған қоса, оның жүкті болу жағдайы, сәбиді 
дүниеге әкелгеннен кейін қырық күндей нифас мерзімі 
тағы бар. Жаңа туған нәрестеге қарау сияқты әйел 
ғана атқара алатын маңызды істер оның пайғамбарлық 
міндетіне ақау келтіреді.
Пайғамбарлық – өте ауыр міндет. Пайғамбарлық 
жүктелген жан қашанда қауіп-қатер мен небір 
қиыншылықтардың бел ортасында жүреді. Ол – соңынан
ергендерге әр істе өнеге болып, жол көрсететін көшбасшы 
көсем тұлға. Ол – керек кезінде атқа мініп, жауға қарсы 
шабатындай тайсалмайтын батыр, майданда стратегиялық 
шұғыл шешім қабылдап ел қорғайтын дана қолбасшы. 
Мұның бәрі үйде отырып атқаратын шаруа емес. 
Пайғамбарлық бір ғана отбасындағы балаларды тәрбиелеу 
емес, жалпы адамзатты тәрбиелеу болғандықтан әйел 
тегінен пайғамбар келмеген.
Сөз түйіні, әйел тегінен пайғамбар келмегенімен 
барша пайғамбарлар мен ұлы тұлғаларды дүниеге 
әкелгендердің әйелдер екені даусыз.


324


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет