133
ИМАНИ ГҮЛ
«Расында, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан
жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде
мықты жерге (жатырға) орналастырдық. Сосын ол
тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға)
сосын, оны мудғаға (бір тістем ет көрінісіндегі
жаратылысқа),
сосын
мудғаны
сүйектерге
айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, со-
сын, оны басқа бір жаратылыс жасадық. Алла ең ке-
ремет Жаратушы»
54
– делінеді. Осы сияқты мұғжизаға
толы аяттар Құранда көптеп кездеседі. Мұндай аяттар-
да 7-ші ғасырда адамдардың білуі мүмкін
емес болған
ғылыми детальдар жатқанын байқау қиынға соқпайды.
Мысал бере кетсек:
1. Адам шәует сұйығының түгелінен емес, тек бір
кішкене
бөлігінен, яғни аталық клеткадан (спермадан)
жаратылатыны,
2. Сәбидің жынысын – аталық ұрық айқындайтыны,
3. Эмбрионның ана құрсағына сүліктей боп жабысып
тұратыны,
4. Сәби ана құрсағында 3
қараңғы кеңістік ішінде
өсетіні, т.б.
Бұл детальдар 20 ғасырда ғылым мен технологияның
шарықтау шегінде ғана айқындалғандығы – адамды
Құранға және оны түсіруші Аллаға жақындата түспеуі
мүмкін емес, сірә. Енді
осыларға тереңірек тоқтала
кетелік.
Достарыңызбен бөлісу: