Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


Жер бетіне келіп-кеткен барлық адам



Pdf көрінісі
бет95/237
Дата12.09.2023
өлшемі3,36 Mb.
#106907
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   237
Байланысты:
515027 1387345936

 Жер бетіне келіп-кеткен барлық адам
баласын бір уақытта қайта тірілту
қалай жүзеге асады?
Алла Тағала үшін барлық адам баласын, тіпті 
күллі жаратылыс атаулыны қайта тірілту – бір адам-
ды тірілтумен бірдей. Оның шексіз құдіреті үшін шы-
бын сияқты кішкентай жаратылысты жарату мен аспан 
әлеміндегі миллиондаған галактикаларды, ондағы сан-


157
ИМАНИ ГҮЛ
сыз жұлдыздарды жарату – оңайлық жағынан парапар. 
Негізінде, Алла үшін оңай, қиын деген ұғым жоқ. Ол 
үшін барлық нәрсе оңай. Оның «бол!» деген әмірі арқылы 
барлық нәрсе бір сәтте бар болып, тіршілік әлемінде көзін 
ашады. Қиямет күні Исрафил періштенің сырнайға екінші 
рет үрлеуінен кейін Алла Тағала барлық адамды бір сәтте 
мәңгілік өмір үшін қайта тірілтеді. Қысқы өлімнен кейін 
шіріген сүйек тәріздес жер бетіндегі барлық ағаштарды, 
сансыз гүл-бәйшешектерді, жалпы өсімдік атауын еш 
жаңылыспастан әп-сәтте, бір мезгілде оп-оңай тірілткен 
құдіреті шексіз Ұлы Жаратушымыз үшін Адам атадан бері 
жер бетіне келіп-кеткен күллі адам баласын бір мезгілде, 
көзді ашып-жұмғанша қайта тірілту еш қиын емес. Әр 
нәрсесімен шектеулі әлсіз адам баласы бір ғана нүктеге 
басу арқылы көзді ашып-жұмғанша үлкен бір қалаға 
жарық беріп, нұрға бөлеп жатқанда, құдіреті шексіз Хақ 
Тағала үшін барлық өлілерге бір мезгілде жан беріп, 
әпсәтте қайта тірілтуі неліктен мүмкін болмасын?!
«Лұқман»
сүресінде: 
«Сендердің жаратылуларың 
да, қайтадан тірілтілулерің де бір кісінің жаратылып, 
тірілтілуіндей-ақ (оңай). Күмәнсіз Алла Тағала барлық 
нәрсені толық естуші әрі көруші»
70
,
- делінген.
Ибраһимнің қиссасы
Ибраһим (а.с.) бір күні теңіз жағасында жатқан 
бір жануардың өлексесін көрді. Жағаға ұрған теңіз 
толқынымен ілесе келген балықтар бұл өлексені жұлып-
жұлып жеп, кетіп жатты. Толқын кетісімен төбедегі құстар 
келіп шоқып-шоқып жей бастады. Осылайша өлексенің 
бір бөлігі балықтардың, қалған бір бөлігі құстардың 
құрсағында кетіп жатты. Осы көріністі тамашалаған 
70
Лұқман сүресі/28


158
ИМАНИ ГҮЛ
Ибраһим (а.с.) енді Ұлы Жаратушысының осы бөлік-бөлік 
боп, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен жа-
нуарды қалай тірілтетінін көргісі келіп, Раббысына: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет