«Көздер Оны көре ал-
мас, бірақ Ол көздерді көреді»
111
,
- делінген.
Алла Тағала бізді бұл дүниеге Өзін мына жаратылыс-
қа қарап, тапсын, танысын, білсін, Өзінің құдіретінің,
шеберлігінің, ілімінің алдында таң қалып бас исін,
құлшылық етсін деп, сынақ үшін жіберген. Ал енді бізге
ерекше көру қабілетін беріп бұл дүниеде өзін көрсетер
болса, бізді бұл дүниеге жіберуіндегі сын-сынақтың мәні
болмас еді.
111
Әл-Әнғам сүресі/103.
221
Алла Тағала неге адамдарды бай-кедей етіп
жаратқан. Оның сыры неде?
Байлық – мұрат емес,
Кедейлік – ұят емес.
Халық мақалы
Ең алдымен, бұл бес күндік пәни дүниенің адам-
зат үшін үлкен
«сынақ мекені»
екенін бір сәт естен
шығармауымыз қажет.
Сондай-ақ, ақыретті есепке алмастан тек қана осы
пәни дүниенің күрмеуге келмейтін қысқа өлшемдерінің
шеңберінде мұндай сұрақтарға жауап беруге тырысу да
бос әурешілік. Ондай жағдайда сұрағымыз да тұщымды
жауабын таба алмай, бейнебір мағынасы аяқсыз қалған
кітап яки екінші бөлімі көрсетілмей қалған фильм іспетті
жарымжан күй кешері даусыз.
Алла Тағала өзі қалаған кейбір пенделерін мал-
мүлік, байлық, дәулетке кенелтіп, қайсыбіріне кедейліктің
қамытын кигізеді. Бұған қоса, адамның білімінің,
тәжірибесінің, еңбегінің де байлыққа қол жеткізу үшін
керекті себеп екенін ұмытпағанымыз жөн. Бірақ бай
болу үшін адамның бұл қасиеттерге ие болуы жеткілікті
емес. Өйткені, Алла Тағала дүние мүлікке ие болудың
барлық себептері мен шарттарын орындап, күндіз- түні
зыр жүгірген адамға байлық бермеуі де мүмкін. Яғни, бұл
тұста пешене, рызық мәселелерін де ескерген жөн.
Әрбір адам мол рызыққа, несібеге жету үшін
қолынан келер бар іс-әрекетті жасауы тиіс. Сосын
222
ИМАНИ ГҮЛ
Раббысының нәсіп еткен азды-көпті үлесіне разы бо-
лып, соған қанағат етуі ләзім.
Байлықты әрдайым Алланың құлдарына берген
жақсылығы деп түсінбеуіміз қажет. Әсіленде, Оның
құлдарына берген байлығы да, кедейлігі де – сынақ. Құран
Кәрімде:
Достарыңызбен бөлісу: |