223
ИМАНИ ГҮЛ
ұстанымы ете білсе, өмірден опық жемейтіндігі ақиқат.
Мысалы, кез-келген адам өзінен де жағдайы жақсы адам-
ды өмірде кездестірері шындық. Сонда әлгі адам өз басына
жетерлік жағдайы болса да, ана адамға қарағанда өзінің ке-
дейлеу болғанын ойлап, ішін әлдебір қызғаныш тырмалап,
өз-өзін
кедей санап, Құдайға назалануы мүмкін. Ал ана
бай өзінен де бай басқа адамды көріп, ол да бәсекелестік
пен қызғанышқа шырмалуы ықтимал. Алайда, өздерінен
де төмен жағдайдағы адамдарға бір сәт көз тастап, өзіне
берілген жақсылықтарға ой жүгіртсе, Құдайға мұң шағуды
қойып, шүкіршілікке бет бұрар еді. Адам көбіне есепсіз
Құдай Тағаланың берген
теңдесі жоқ өз бойындағы
байлықтан хабарсыз. Зағип адам ешқашан үйдің тарлығын
айтып шағымданбайды.
«Япырай, «көз»
деген, айна-
лайын, басқа ешбір байлықпен өлшенбейтін Құдайдың
берген керемет сыйы екен ғой,
мен мұны неліктен ерте
сезінбеді екенмін» деп Құдайдан жатса да, тұрса да басқа
дүниені емес, тек көзінің айығуын тілейді. Ашаршылыққа
душар болған жұрт та
«шіркін, бір үзім нан болса ғой»
деп
аңсайды. Ол алтын мен күмісті яки жақсы машинаны емес,
тек соны тілейді. Демек, кедейлік пен байлық адамның өз
жүрегіндегі «қанағат» сандығында жатыр. Байлық та,
кедейлік те өзгелерге қарап өлшенгендіктен, бұлардың
бәрі салыстырмалы түрде болмақ. Пайғамбарымыз бір
хадисінде:
Достарыңызбен бөлісу: