298
ИМАНИ ГҮЛ
кен болса, ХІ ғасырда Әл-Бируни сынды мұсылман
ғалымдарымыз ғылыми тұрғыдан дәлелдеген болатын.
Ал батыс елі ХІ ғасыр емес, XVI ғасырдың орта шеңінде
де жердің домалақ екендігін дәлелдемек болған Ко-
перник, Галилео Галилей
сынды ғалымдарын Інжілдің
қағидаларына қайшы деген қатігездікпен шіркеудің
инквизиция сотына салып, өртейміз деп қорқытып,
пікірлерінен айнуға мәжбүр етті. Ал Италияның ғалымы
Бруноны пікірінен қайтпағаны үшін
аяусыз тірідей
өртеп жіберді. Орта ғасырлардағы батыстың ғылымға
деген осындай жабайы көзқарасына қарамастан, соңғы
ғасырларда ғылым мен технологияда үлкен жетістіктерге
жеткендіктерінің арқасында
философия мен тарих көбіне
еуроцентристік көзқараста жазылып, бүкіл мәдениет
пен философияның «бастауы» европалықтар болып
шыға келді. Бұл көзқарасты қалыптастырғандықтары
соншалық, қай қоғамда болмасын әлі күнге осы жаңсақ
пікір жетегінде жүргендер баршылық.
Мәдениет, білім,
тарих кітаптарында мұсылман ғалымдарының атта-
ры тіптен ескерілмеді. Мұсылман мәдениетінің ең бір
гүлденіп, шарықтау шегіне жеткен алтын дәуірі әдейі
бүркемеленіп,
орта ғасырды европалықтар
«қараңғылық
дәуірі»
деп атады.
Қазіргі таңдағы ғылымның дамуына батыстың
қосқан үлесін ешкім жоққа шығара алмайды. Алайда,
батыстың осындай деңгейге көтеріліп, ғылым мен техно-
логия саласындағы көптеген жаңалықтарға қол жеткізуіне
мұсылман ғалымдарының үлесі өте зор болғандығы анық.
К.В. Бодлейдің айтқанындай:
«Қазіргі батыс мәдениеті
ренессансқа, ренессанс өз кезегінде исламға қарыздар».
Тарихқа үңілсек, мұсылмандардың батыс ғалым-
дарынан бұрын көптеген ғылымның негізін қалап, талай-
талай жаңалықтарды ашқанына куә боламыз. Алғашқы