Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет199/237
Дата12.09.2023
өлшемі3,36 Mb.
#106907
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   237
Байланысты:
515027 1387345936

«Біз пайғамбар 
жібермейінше (ешбір қауымды) азаптаушы емеспіз»
186

Яғни, пайғамбар жіберілмеген қауымдарды азаптау – 
186
Исра сүресі, 15-аят.


321
ИМАНИ ГҮЛ
Ұлы жаратушының шексіз рақымдылығына қайшы. 
Алла Тағала арғы дүниеде әрбір жаманшылықтың есебін 
алып, күллі ізгіліктің сый-сыяпат, қарымын беретін 
болғандықтан, барша адамзатқа арнайы пайғамбар 
жіберген. Құранда: 
«Ескертуші пайғамбар келме-
ген ешбір үмбет жоқ»
187
-делінеді. Демек, Адам ата-
дан бастап көптеген елшілер пайғамбарлық міндетімен 
жер бетін нұрландырып, адамзатқа ақиқаттың пердесін 
ашып отырған. Кейбір зерттеушілердің сөзіне құлақ 
салсақ, Африканың мәдениеттен, білімнен бейхабар, 
тіпті араларындағы кәрі кісілердің етін жеуді әдетке 
айналдырған кейбір қараңғы тайпаларының сенімдерінде 
«
Алла жалғыз, Оның серігі жоқ. Егер екі Құдай болса, 
алып жүйе бұзылады», «Жаратушы тумады да туыл-
майды»
сияқты, Құран білдірген ақиқаттарға сайма-сай 
ережелердің бар екенін айтуда. Демек, мұндай жалаң 
ақылмен біліне бермейтін ұлы ақиқаттарды бір уақыттарда 
сол тайпаларға жіберілген пайғамбарлар жеткізген болса 
керек. 
Әйелден пайғамбар келіп-келмеу мәселесіне тоқта-
лар болсақ, 
«әһлі-сүннет уәл-жәмағат» ғалымдарының 
көпшілігі әйел затынан пайғамбар келмегендігі жайлы 
бір көзқараста
188

Құранда: 
«Сенен бұрын да біз уахи етілген тек 
еркектерді пайғамбар етіп жібердік. Егер білмесеңдер 
білім иелерінен сұраңдар» - делінеді
189
.
Себебі, әйел тегінен пайғамбардың келгендігін 
білдіретін шариғи нақты дәлел жоқ. Негізінде, әйел заты-
нан пайғамбардың келмеуі оларды кемсіткендік емес. Хақ 
187
Фатир сүресі, 24-аят.
188
Әһлу сунниттік кәләм ғалымы Әшғари бойынша, әйелдерден де 
пайғамбар жіберілген.
189
Әнбия сүресі, 7-аят.


322


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет