Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет202/237
Дата12.09.2023
өлшемі3,36 Mb.
#106907
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   237
Байланысты:
515027 1387345936

ИМАНИ ГҮЛ
шырмауынан шыға алмай, ақиқатқа көз жұмған ақ пен 
қараны ажырата алатындай ақыл-есі бар жандар ақыретте 
азапқа душар болады. Тек шет мемлекеттегі адамдар 
ғана емес, исламның қайнап тұрған жеріндегі адам-
дар да пайғамбарымыздың әкелген ақырғы дініне құлақ 
аспай, Жаратқанның жіберген соңғы нұрына жарықтан 
қашқан жарқанат тәрізді көз жұмып, иманнан адасып, 
күпірлікке жүгірер болса, тозаққа барады. Бұл мәселеде 
Алланың рақымынан артық рақымшылық ойлау өзіміздің 
шамамызды білмеу әрі Ұлы Жаратқанды қатігезге теңеу 
болғандықтан өте сақ болғанымыз жөн. 
Алла Тағала әр пендесін өзіне берілген мүмкіндік-
теріне қарай сұраққа тартатыны ақиқат. Сондықтан 
мұсылман емес мемлекеттердегі адамдардың жеке 
жағдайы мен мүмкіншіліктеріне қарай бұл сұрақтың 
жауабы да әр түрлі болмақ. Олай дейтініміз, мүлде 
дін жетпеген, қараңғы қоғамда өмір сүрген адам мен 
хақ діннің ортасында туып-өскен адамның ақыреттегі 
жауапкершілігі бірдей болмасы анық. Бәлкім, ешбір дін 
жетпеген жапан даладағы бір адамның жан жүрегімен 
«Уа, Жаратқан!»
деп бір рет айтуы – ақыретте исламның 
қайнаған жерінде туып өскен адамдардың мың рәкат на-
мазынан асып түсуі әбден мүмкін. 
Міне, сондықтан біз мұсылман емес мемлекеттер-
де туып-өскен жандардың бәрін бірдей дереу кәпір деп, 
«олардың барар жері тозақ»
дей алмаймыз
194
. Үлкен 
ақида ғалымдарының жоғарыдағыдай көзқарасынан кей-
ін, біздер бұл тақырыпта өте абай болғанымыз жөн. 
Мәселенің бізге қатысты жағын қозғар болсақ, біз ис-
ламды сахабалар тәрізді әлемнің түкпір-түкпіріне дұрыс 
194
Себебі, «кәпір» деп: ислам толық түсіндіріліп, оны 
қабылдамаған адамға айтылады. Мустафа Зарқа, Фәтәәуа. 
«Дарул-қалам» баспасы, Димашқ. 2001 ж.


327
ИМАНИ ГҮЛ
жеткізе алдық па? Исламды өзінің шынайы келбетінде 
насихаттап, нағыз мұсылманшылықты тазалығымен, 
білімімен, экономикасымен, бірлігімен, тірлігімен, 
қысқасы, күллі асыл қасиеттерімен іс-жүзінде көрсете 
білдік пе? Бұл сұрақтарға 
«иә»
деп жауап бере алма-
сымыз айдан анық. Ендеше, ғылымнан артта қалып, 
сауатсыздық жайлаған, экономикада басқаларға тәуелді
саясатта тізгінді басқаға ұстатқан, өз арасындағы бірлігі 
бұзылған қазіргі ислам әлемін қай батыс елі үлгі алып, 
«мұсылманшылық па, шіркін, қандай керемет»
деп 
исламға жүгірсін? Әрине, біз бұл жерде ислам әлемінің 
қазіргі жағдайы олардың хақ дінді іздемеулеріне толық-
тай сылтау бола алады деуден де аулақпыз. 
Дей тұрғанмен, өз жағдайымыз осындай 
болғандықтан, мұсылман емес мемлекеттердегілер-
дің бәрін тозаққа толтыру сияқты тар түсініктен 
аулақ болғанымыз жөн. Басқа мемлекеттерде шала-
шарпы, тиіп-қашып жүйесіз жасаған мардымсыз 
насихаттарымызға иек артып, олардың исламға жаппай 
бет бұруын күтуіміздің жөні жоқ.
Олай болса, ақыретте өзгелерден бұрын біз 
мұсылмандар 
«сендер неге жеткізбедіңдер» 
деген сұраққа 
тап боларымыз ақиқат. Сондықтан бар мүмкіншілігімізді 
әлемге хақ діннің жайылуы үшін, мұсылманшылықты 
шынайы келбетін іс-жүзінде таныту үшін сарп етуіміз 
ләзім. 
Бір күні, иншалла, ислам әлемі дүниедегі өзінің 
бұрынғы тұғырына қайта оралады. Алла Тағала Құранда 
өзінің соңғы дінін тәмамдайтынын уәде еткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет