Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет49/237
Дата12.09.2023
өлшемі3,36 Mb.
#106907
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   237
Байланысты:
515027 1387345936

Адамдар:
«Ата-бабамыздың осы уақытқа дейін табынып келген 
пұттарына қарсы шығатын мынау қайдан шықты?» - деп 
бетіңізге түкірсе...
Әбдімүттәліптің жетімінен басқа пайғамбарлыққа 
адам табылмай қалып па? – деп жаныңызға бататын ауыр 
сөз айтып, қорласа...
Көпшілік арасында: Сиқыршы, көзбайлаушы – деп 
келеке етіп, мысқылдаса...
Әйеліңізге әр түрлі ауыр жалалар жауып, халық ара-
сында ар-намысыңызды қорлайтын өсек таратса...
Намазда басыңызды сәждеге қойып, Раббыңызға 
мінәжат етіп жатқанда, малдың ішек-қарнын әкеп 
басыңызға аударып, келемеждеп, қарқылға басып күлсе...
Елмен араласуға қатаң тыйым салып, сауда-саттық, 


90
ИМАНИ ГҮЛ
жалпы қарым-қатынасты үзіп, бойкот жариялап аш 
қалдырса...
Аштықтың ауыртпалығы соншалық айлар бойы нәр 
татпаған достарыңыз аштықтан жапырақ жеп кетсе...
Ең жақын туысыңызды өлтіріп, құлағын кесіп, көзін 
ойып, денесін тілгілеп, бауырын суырып алып, шайна-
са....
Жүретін жолыңызға тікен шашып, бұрыш-бұрышта 
қолдарына шоқпар алып сізді аңдыса...
Сүйікті отаныңызды тастап кетуге, туған-туыстан 
айырылысуға мәжбүр етіп, өлтіруге ант ішсе...
Барған жеріңізде де тыныштық бермей әскер 
жіберіп, жаныңыздан да жақсы көретін достарыңызды 
өлтірсе...Не істер едіңіз? Оларға қандай жауапта болар 
едіңіз? Осылардың бәріне сабыр сақтап, еш мойымастан, 
шайқалып-теңселіп, күмәнға бой алдырмастан жолыңыз-
ды жалғастыра білесіз бе? Олардың осы іс-әрекеттеріне 
кешіріммен, мейіріммен қарап:
«Раббым, олардың бұл 
істерін кешіре гөр! Олар не істеп жатқандарын 
білмейді. Оларды сен тура жолға сала гөр!»
-деп олар 
үшін ізгі тілек тілеп, жаманшылықтарына жақсылықпен 
жауап бере аласыз ба?
Иә, адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыздың 
(с.а.у.) олардың барлық зұлымдықтары мен қорлықтар-
ына шыдап, әр түрлі кесірлеріне қарсы сабырды қару етті. 
Оларға анадай мейірім құшағын ашып діттеген мақсатына 
жете білді. Міне бұл – адамзат ардақтысы Мұхаммедтің 
(с.а.у.) шынайы елші екендігінің тағы да бір айқын дәлелі 
болса керек. Оның (с.а.у.) қасиетті өмірбаянын оқып оты-
рып, көзге еріксіз жас алып «Мұхаммед, Сен тек Алланың 
шынайы елшісісің» – деп иманыңа нәр тамызасың.


91


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет