Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


«Уа,  Раббым, өлілерді қалай тірілтетініңді маған көрсетші»



Pdf көрінісі
бет96/237
Дата12.09.2023
өлшемі3,36 Mb.
#106907
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   237
Байланысты:
515027 1387345936

«Уа, 
Раббым, өлілерді қалай тірілтетініңді маған көрсетші»,
- деп өтініш жасады. Шынтуайтында Ибраһимнің 
(а.с.) тірілтуді көргісі келгені Ұлы Жаратушысының 
құдіретіне деген күмәннан туындамаған еді. Тек Ұлы 
Жаратушысының қалай тірілтетінін көріп, тамаша етіп, 
шеберлігіне таң қалып, шексіз құдіретін көрген жүрегі 
жай тауып, Ұлы Жаратушысына мадақ айтып, бас игісі 
келген-ді. Бір нәрсеге сену басқа, көру басқа. Сондықтан 
Ол: 
«Раббым өлілерді тірілте аласың ба?»
деп сұраған 
жоқ, 
«Уа, Раббым маған өлілерді қалай тірілтетініңді 
көрсетші»,
– деді.
Алла Тағала Ибраһимге (а.с.): 
«Жоқ, әлде сенбедің 
бе?»,
– деді. Негізінде Алла Тағала оның ақыретке 
күмәнсіз сенетінін білетін еді. Ал, Ибраһимге былай деп 
сұрақ қоюуының себебі – кейін келетін адамдардың ол ту-
ралы қате түсінікке бармаулары үшін еді.
Ибраһим (а.с.) өтінішіндегі мақсатын былай деп 
түсіндірді: 
«Әрине, (өлілерді қайта тірілтетініңе) 
сенемін. Бірақ (қалай тірілткеніңді көріп, әр нәрсені 
көргісі келетін) жүрегім жай тапсын деп едім».
Осыдан кейін Алла Тағала Ибраһим құлына: 
«Төрт 
тал құс ал. Сосын, оларды өзіңе әбден үйреншікті ет. 
(Сосын, төртеуін де сойып бір-бірімен араластырып) 
оларды (араласқан еттерді) әр таудың басына бөліп-
бөліп қой. Сөйтіп олардың әрқайсысының атын атап 
шақыр; олар саған жүгірген күйде келеді. Алланың 
(әр нәрсеге күші жететін) Азиз әрі (әр нәрсені орын-
орынды істейтін) Хаким екендігін біл деді».
Ибраһим (а.с.) берілген әмірді бұлжытпай орындады. 
Құстарды тауып, сосын оларды әбден өзіне үйретті. Со-


159
ИМАНИ ГҮЛ
сын оларды сойып, жүндерін жұлып, еттерін бір-бірімен 
араластырды. Араласқан еттерді төртке бөліп, төрт таудың 
басына апарып тастады. Сөйтіп құстардың әрқайсысының 
атын атап шақырғаны сол еді, бәрінің тіріліп, ұшқан бойда 
жанына келгенін көріп Ұлы Жаратушысының құдіретіне 
таң-тамаша болып, жүрегі жай тапты.


160


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет