Қазақ отбасы бала тәрбиесіне үлкен мән беріп, оған ерекше мән береді. Себебі, ол баланы отбасы мен өмірдің жалғасы, болашағы деп санаған. Қазақ отбасында бала тәрбиесіндегі әкенің орны мен рөлі ерекше болған. Өйткені, әке – отбасының ұйытқысы, мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы – оның басқалармен қарым-қатынасы, өнері, білімі – бала үлгі алатын, өсетін мақсат. Сондықтан да қазақта әке туралы өнегелі тәлімдер мен нақыл сөздер көптеп кездеседі. Мысалы, «әке бәйтерек, бала жапырақ», «әкеге қарап бала өсер», «әке көрген оқ жонар» және т.б.
Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болып өссе: «оның әкесі жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой» дейді. Осыдан жақсы әкенің баласы жақсы, жаман әкенің баласы жақсы болады деген тұжырымнан аулақпыз. Баланың жақсы немесе жаман болуы оның шыққан тегіне ғана емес, тәрбиесіне де байланысты.
Мұны ерте сезінген халқымыз: «баланың тентек болмағы үйінен, жігіттің тентек болмағы биінен» немесе «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз; жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз». деген. Қазақтарда әкелер балаларын өнерге баулып, сол өнерпаздарды, күйшілерді, әншілерді, аңшыларды, аңшыларды, орнитологтарды тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлген.
Демек, әке өнерін бала қуып, бойына сіңіру дәстүрге айналған. Мысалы, қазақ халқының өмірінде жеті атаға дейін жыршылық, аңшылық, ұсталық өнермен айналысқан тұлғалар жиі кездеседі. Одан кейін «атадан бала тумас болар ма, ата жолын қумас боларма» деген сияқты нақыл сөздер пайда болған. Отбасында адам өмірге келіп, кемелденіп, алғашқы қуаныштары мен қиындықтарын кездестіріп, өсіп-өніп, көктеп, үлкен өмірге аттанады.
Алла Тағала қасиетті Құранда: «Алланың сендерге берген нығметін санайтын болсаңдар, санына жетпейсіңдер» деген («Ибраһим» сүресі, 34-аят). Шынында Алланың адамзат баласына беріп жатқан нығметі сансыз. Соның бірі – ұрпақ сүю.
«Босағасын алтыннан соқсаңдағы, Перзент сүймей адамның мейірімі қанбас» деген екен Шал ақын.
Ұрпақ сүю – үлкен нығмет. Дүниені көрікті ететін – бала-шаға. Бала үшін еңбек етіп, әрекет қыласың. Олар үшін қуанасың, олар үшін қам жейсің. Сондықтан Алла ұрпақ нәсіп етсе, оған шүкірлік ету қажет.
Әрбір адамның бала сүю арманы бар. Әр адам Алладан ұрпақ тілейді. Алайда қандай ұрпақ сұрау керек? Әрине Жаратушы Иеден салиқалы ұрпақ сұрауымыз керек. Баласының салиқалы болуы үшін әрбір әке атсалысуы қажет. Яғни балаға жақсы тәрбие беруі тиіс.
Ақиқатында, балаға берілетін тәрбиенің ең бастысы – имандылық. Әкенің баласы алдындағы ең алғашқы міндеті – Алланы таныту. Баланың шынайы мұсылман болып өсуіне жағдай жасау.
Дініміз баланың жастайынан тәрбие алуына ерекше мән береді. Бұған Құран мен хадис дәлел болады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әкенің баласы алдындағы міндеті – Құран үйрету, жүзу, садақ ату және көркем мінезге баулу» (Байһақи).
Баланы қалай тәрбиелейміз? Тәрбиені неден бастау қажет? Балаға берілетін тәрбие жайында ғалымдар көп ғибрат айтқан. Соның кейбіріне қысқаша тоқталсақ.
Іс-әрекетімен көрсету.
Яғни әке баласына өзінің жақсы амалымен үлгі-өнеге көрсетуі тиіс. Мысалы, баласы әкесінің намаз, Құран оқығанын, садақа бергенін көру керек. Сонда бала әкесінің іс-әрекетін қайталайды. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп бекер айтылмаған. Сондықтан әке өзінің ізгі амалымен баласына тәлім көрсетіп, тәрбие бере алады.
Балаға насихат айту.
Бұған Лұқман хәкімнің ұлына айтқан өсиеті дәлел болады. Лұқман хәкім баласы есейген кезде былай деп насихат айтады: «Әй, ұлым! Аллаға серік қоспа. Өйткені серік қосу – өте үлкен зұлымдық. Әй, балам! Намазды орында. Жақсылыққа шақыр, әрі жамандықтан қайтар. Және басыңа түскенге сабыр ет. Адамдардан бетіңді (менменси) қисайтып бұрма, әрі жер бетінде кердеңдеп жүрме! Ақиқатында Алла әрбір өркөкіректі әрі мақтаншақты жақсы көрмейді. Әрі жүрісіңде орташа, бірқалыпты бол және дауысыңды бәсеңдет. Өйткені дауыстардың ең жағымсызы – есектің дауысы» деген («Лұқман» сүресі, 13-19 аят). Яғни әке балаға жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажыра білуді түсіндіріп, дұрыс бағытқа бағыттауы тиіс.
«Ұят болады», «жаман болады», «обал болады» деген сөздерді, сондай-ақ Құранда келген 25 пайғамбардың өмірінен қысқаша мәлімет беру қажет.
3. Балаға дұға жасау.
«Раббымыз! Мені және ұрпағымды намазды толық орындаушы ет» («Ибраһим» сүресі, 40-аят). «Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың алды ете гөр!» («Фурқан» сүресі, 74-аят).
Бала-шаға –дүние көркі. Егер бала салиқалы, иманды болса, осы өмірдің көркі. Ал егер бала салиқалы болмаса әрі Құдайдан қорықпаса, ол – қасірет. «Егін өнбесе – бір жылдық қайғы, балаң оңбаса – ғұмырлық қайғы» деп қазақ бекер айтпаса керек.
Шығыс халықтарында айтылатын «Бала қымбат болса, баланың тәрбиесі одан да қымбат» деген нақыл сөздің мәні терең. Өйткені, тәрбиелі ұрпақ − атаананың мақтанышы, елдің ертеңі. Кез келген халықтың болашағы, оның өміршеңдігі рухани қайнардан сусындаған, ұлттық рухы кемел, жақсы тәрбиеленген ұрпақтың қолында.
Қорыта келгенде, Исламдағы тәрбие баланы адамгершілікке баулу үшін бүкіл қоғам мәдениетін жетілдіру керектігін аңдатады. Өйткені, бала тәрбиесі ата-анаға да, балабақша, мектеп, ұстаздарға, досжарандары, ойын түрлері, үйірме, клуб, газет-журнал, теледидар, радио секілді қоғамның басқа да тетіктеріне тікелей қатысты. Осының барлығы қадағаланып, игі мақсатта жұмылғанда ғана тәрбие жақсы нәтиже бермек.
Алла балаларымызды салиқалы, Құдайдан қорқатын ұрпақ болуын нәсіп етсін!
Достарыңызбен бөлісу: |