Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет6/27
Дата29.12.2016
өлшемі3,36 Mb.
#686
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

ИМАНИ ГҮЛ
Суфиян) шақыртып алды. Сосын екеуміздің арамызда мы-
нандай сұқпат жүрді:
– Оған ең көп қосылып жатқан кімдер, байлар ма, ке-
дейлер ме?
– Кедейлер.
– Оған иман еткендердің ішінен бас тартқандар бол-
ды ма?
– Қазірге дейін бола қойған жоқ.
– Сандары артып жатыр ма, әлде кеміп жатыр ма?
– Күн сайын артуда.
–  Өмірінде  жалған  сөйлегенін  естіп  көріп  пе 
едіңдер?
– Жоқ, Оның жалған сөйлегенін ешқашан естімедік.
Хаттың  ғажайып  әсерімен  қоса  сол  кездегі 
мұсылмандардың  қас  дұшпаны  Әбу  Суфиянның 
жоғарыдағыдай жауаптарына тап болған Геракл:
–  Осы  уақытқа  дейін  адамдарға  жалған  сөйлеуден 
бойын  аулақ  ұстаған  жанның  енді  келіп  Хақ  Тағалаға 
жалған сөйлеуі әсте мүмкін емес, – дейді
20
.
Оның (с.а.у.) нұрлы жүзі –  
пайғамбарлығына дәлел
Кез  келген  жанның  бет-әлпеті  –  тани  алатын 
адам  үшін  иесі  жайлы  мағлұмат  беретін  кітап  тәрізді. 
Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  нұрлы  жүзінде  тек  туралық 
көрінетін. Мұны байқаған яһуди ғалымдарынан Абдуллаһ 
ибн  Сәлам  Пайғамбарымызды  бір  көргеннен:  «Мына 
жүзде  еш  жалғандық  жоқ»  деп  дереу  иман  келтірсе, 
Абдуллаһ  ибн  Рәууаха  былай  дейді:  «Егер  Оның  (с.а.у.) 
пайғамбарлығын  қуаттайтын  айқын  мұғжизалар 
болмаған  жағдайда  Оның  нұрлы  жүзінің  өзі  –  көрген 
адамның иман келтіруіне жеткілікті еді» дейді.
20
  Ән-нурул-халиду Мухаммадун мафхаратул-инсания.

81
ИМАНИ ГҮЛ
Егер  Пайғамбарымыздың  пайғамбарлығына  дейін, 
я  болмаса  пайғамбарлығынан  кейін  сөзінде  немесе  іс-
әрекетінде  титтей  де  жалғандық,  көзбояушылық  болса, 
дос-дұшпан  тарапынан  сезіліп,  байқалатын  еді.  Сөйтіп, 
тырнақ астынан кір іздейтін дұшпандар қылыш, найзаға 
жүгінбестен тапқан олжаларын әлемге жария ету арқылы 
күн  сайын  үдеп  бара  жатқан  жаңа  дінге  тосқауыл  қояр 
еді  ғой.  Алайда,  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  өмірінен 
ешбір қате, ешбір көзбояушылық таба алмай діңкелеген 
дін  дұшпандары  амалсыз  жаңа  дінге  қылыш,  найзамен 
тосқауыл қоюға тырысты.
•  Көз  бояушы,  өтірікші,  алаяқ  адамның  сенімді 
серігі,  бар  мүмкіншілігін  жолында  пида  ете  алатын 
жора-жолдасының болуы мүмкін емес. Ал енді бір мезет 
Пайғамбырымыздың (с.а.у.) айналасына шоғырланған нұр 
жүзді  сансыз  сахабаларға,  кейінгі  ғасырларда  өмір  сүре 
келген әулие, ғалымдарға, жалпы Оның дінімен нұрланған 
қияметке  дейін  келіп-кетер  адамзатқа  қараңызшы.  Олар 
Ол  (с.а.у.)  үшін  мал-мүлік  дүниелері  емес,  керек  болса, 
жандарын  да  пида  етуге  әзір.  Олар  Оның  (с.а.у.)  есімі 
аталғанда,  Оған  (с.а.у.)  салауат  айтып,  сәлем  жолдауды 
өздеріне борыш санайды.
Әз  сахабалардың  өмірінен  бір-екі  үзінді  келтіріп, 
Оның  (с.а.у.)  қаншалықты  қадір-құрметке,  махаббат  пен 
сүйіспеншілікке ие болғанын баяндап көрелік.
Алғашқы  кезде  мұсылмандар  құлшылықтарын 
еркін  орындау  үшін  хазіреті  Әркәмнің  үйіне  құпия  жи-
налатын.  Оның  үйі  кіріп-шығуға  қолайлы,  көзден  таса, 
әрі  сырттан  келген-кеткендерді  бақылауға  оңтайлы  еді. 
Күндердің бірінде осы үйге жиналған сахабалар Алланың 
бір  екендігін  мүшріктерге  ашық  түрде  жария  ету  үшін 
Пайғамбарымыздан  (с.а.у.)  рұқсат  сұрайды.  Араларында 
Әбу Бәкір де бар болатын. Алайда, пайғамбарымыз оның 

82
ИМАНИ ГҮЛ
уақыты әлі келмегендігін, бұл үшін әлі мұсылмандардың 
аз  екендігін  айтып  алғашында  рұқсат  бермеген-ді,  бірақ 
Әбу  Бәкірдің  табандылық  танытуынан  кейін  олардың 
айтқандарына көнеді. Барлығы жұптарын жазбай Қағбаға 
барады. Әбу Бәкір мүшріктерге қарап:
–  Хақ  һәм  жалғыз  Аллаға  мадақ!  Мәңгі  бақыт  – 
Аллаға иман келтіруде. Оны мойындамай пұтқа табыну – 
өте жаман әдет. Мағынасы жоқ жаһилия әдеттерін тастап, 
Алла елшісінің шақыруына мойынсұныңыздар!– деді.
Мүшріктер алғашында толқыса да, тез арада естерін 
жинап, мұсылмандарға қарсы шығады. Әбу Бәкірді жерге 
жатқызып  алып,  қолдарына  түскен  нәрсемен  ұрып-соға 
бастады. Қаныпезер мүшрік Ұтба ибн Рәбиға табанында 
шегесі  бар  аяқ  киімімен  тепкілеп  оның  нәзік  бетін  қан-
жоса қылады. Сол арада Әбу Бәкірдің туыстары көмекке 
келіп оны өлім аузынан әзер алып қалды.
Өлімші  халде  есін  жиған  Әбу  Бәкірдің  ең  алғашқы 
сұрағы:  «Алла  елшісінен  хабар  бар  ма?»  болды.  Ол  есі 
кіресілі-шығасылы жатқанын елемей, Пайғамбарымызды 
(с.а.у.) уайымдап: «Оған не болды?» – деп сұраумен бол-
ды. Анасының: «Балам, бір нәрсе ішіп-жейсің бе?» – де-
ген  сұрағына:  «Алланың  Елшісі  қайда?  Оның  жағдайы 
нешік?» – деп бәрібір көңілі жай таппады. Анасы еш нәрсе 
білмейтінін  айтқан  кезде,  ол:  «Анашым,  Хаттабтың 
қызы Үммү Жамилге барып, Хақ елшісінің жағдайының 
қандай екенін сұратыңызшы» – деді. Пайғамбарымыздың 
жағдайының  жақсы  екендігін  айтып  келген  хабарға  да 
көңілі  толмай,  Оның  (с.а.у.)  халін  өз  көзімен  көргісі 
келіп  тағаты  таусылды.  Айнала  біраз  тынышталғаннан 
кейін  қасындағылар  Әбу  Бәкірді  қолтықтап  Әркәмнің 
үйіне алып барады. Пайғамбарымызды (с.а.у.) өз көзімен 
көрген кезде: «Әке-шешем сенің жолыңда құрбан болсын, 
ей, Расулаллаһ!»  –  деп  жылай  бастады.  Пайғамбарымыз 

83
ИМАНИ ГҮЛ
(с.а.у.) оны құшақтады. Оның бұл халі Пайғамбарымызға 
(с.а.у.) қатты әсер етіп, көздерінен мөлдір жас моншақтай 
төгілді
21
.
Мұсылман  қауымның  алғашқы  азаншысы  хазіреті 
Біләлдің  пайғамбарлар  сәруары  –  хазіреті  Мұхаммедке 
(с.а.у.)  деген  сүйіспеншілігін  тілмен  айтып  жеткізу 
мүмкін емес. Исламды қабылдағаннан кейін бір сәт бол-
сын қасынан ажырамады.
Екі  дүниенің  сұлтаны  Мұхаммед  (с.а.у.)  ақыретке 
аттанғанда, көптеген сахабалар сияқты қабырғасы қайыса 
қайғырған  ол  Мәдинада  қала  алмады.  Алла  елшісінің 
кетуі оған жарық күннің сөнуімен бара-бар келді. Өйткені 
Мәдинаның  әр  тасы  мен  топырағы  оның  есіне  Алла 
елшісін түсіретін. Біләл сол тұстағы халифа хазіреті Әбу 
Бәкірден басқа жаққа кетуге рұқсат сұрады. Әбу Бәкірге 
барып:
– 
Ей, 
Алла 
елшісінің 
халифасы! 
Мен 
Пайғамбарымыздың: «мүминнің ең қайырлы ісі – Алла 
жолында күресу» – дегенін естіген едім. Мен де өлгенге 
дейін Алла жолында жанымды пида еткім келеді,– деді. 
Әбу Бәкір:
– О,  Біләл!  Бізге  кім  азан  шақырады?  -  дегенде,  екі 
көзге ерік берген хазіреті Біләл:
–  Мен Алла елшісінен кейін ешкімге азан шақыра ал-
маймын, – деді.
Біләлдің алысқа кеткенін қаламай, қанша жібермеуге 
тырысса да Хазіреті Біләл:
– Уа, Әбу Бәкір, рас сен мені құлдықтан құтқардың. 
Егер мені өзің үшін азат еткен болсаң, онда алып қал. Ал, 
егер  Алланың  ризалығын  көздеп,  сатып  алған  болсаң, 
еркіме жібер, – деді.
21
   әл-Бидая, 3:30

84
ИМАНИ ГҮЛ
Хазіреті Әбу Бәкір рұқсат берген соң хазіреті Біләл 
Хабаши  Шамға  барып,  Ислам  туын  биікте  желбіретуге 
жігерін салды.
Шамда жүрген кезінде бір түс көріп, Мәдинаға келді. 
Пайғамбарымыздың қабірінің қасында хазіреті Хасан мен 
Хұсейнді кездестіріп, Алланың Сүйікті Елшісімен (с.а.у.) 
бірге өткізген тәтті күндерді еске алды. Әлемдердің Па-
дишасы  (с.а.у.)  дүниеден  озғаннан  соң,  Мәдинада  азан 
шақырмаған еді. Ғаламның рақым нұры (с.а.у.) ақыреттік 
болғаннан  кейін  азан  шақыруға  тағаты  да  жетпеді. 
Өйткені, азандағы «Әшһәду әннә Мухаммадан Расулуллаһ» 
(Мұхаммедтің Алла елшісі екендігіне куәлік етемін) деген 
сөйлемді айта алмай іркіліп қалатын. Даусы шықпай көз 
жасына булығып, аяқтарының буыны босап кететін.
Пайғамбарымыздың  «менің  дүниеде  иіскеген  екі 
райханым»  деген  немерелері  Хасан  мен  Хүсәйіннің 
өтінішінен  кейін,  соңғы  рет  Мәдинада  азан  шақыруға 
бел буды. Көзін көкке қадап тұрып, бүкіл жан дүниесімен 
азан  шақырды.  Бүкіл  Мәдинада  Алла  елшісіне  (с.а.у.) 
деген  сағыныш  жаңғырды.  Ел  тегіс  көшеге  шықты. 
Алла Расулының нұрлы өмірін көз алдарына елестетіп, 
Пайғамбарымыз  қайта  тіріліп  келіп,  Біләлге  азан 
шақыртқандай әсерде болды. Сол күні көзіне жас алып 
иығы селкілдемеген тірі жан қалмады
22

Айналасындағы  заңғар  тұлғалардың  Оған  деген 
мұншалық терең сүйіспеншілігі мен махаббаты – Оның көз 
бояушылығының  емес,  тек  шынайы  пайғамбарлығының 
дәлелі болса керек.
• Әрбір нәрсенің шынайысы мен алдамшысы, табиғиы 
мен жасандысы ешқашан бірдей болмасы анық. Сауатсыз 
адам  ғалымның  рөлін,  қарапайым  адам  мемлекет  бас-
22
  Алау  Әділбаев,  Саңлақ  сахабалар,  175-бет.  Дәуір  баспасы,  
Алматы, 2004 ж.

85
ИМАНИ ГҮЛ
шысының рөлін, міндетін қанша уақытқа дейін ешкімге 
білдіртпестен, сездірместен жүргізе алады? Бәлкім, сауат-
сыз адамның алғашқы жүріс-тұрысы айналасындағыларға 
күмән тудырса, қарапайым адамның басқа мемлекет бас-
шыларымен  бір-екі  кездесуінен  кейін-ақ  жалғандығы  су 
бетіне  қалқып  шыққан  майдай  жария  болады.  Ал  енді 
оқу-жазу  білмейтін  бір  адамның  пайғамбарлық  сияқты 
ғалымдықтан  да,  мемлекет  басшылығынан  да  ауыр  бір 
рөлді,  міндетті  жиырма  үш  жыл  бойы  айналасындағы 
өте зерек те ақылды адамдарға еш білдіртпестен ойнауы, 
жүргізуі мүмкін бе? Тіпті, жиырма үш жыл емес, қияметке 
дейін келіп-кетер сансыз кемеңгер, ойшылдарға, ғалымдар 
мен әулиелерге, жалпы адамзатқа өзінің жалғандығын еш 
сездірместен  жалғастыра  беруі  мүмкін  бе?  Әрине,  жоқ. 
Олай болса Ол (с.а.у.) – шынайы пайғамбардың дәл өзі.
•  Тарихта  ереже-қағида  қойып,  жаңа  жүйе  құрған 
көптеген  тұлғалар  бар.  Олардың  көбі  өздері  қойған 
ережелерді  басқаларға  үлгі  боларлықтай  дәрежеде  іс 
жүзінде  атқармағандықтан,  адамдар  тарапынан  шы-
найы  жанашыр,  ешбір  қолдау  таппағанын  көреміз. 
Ал  енді  пайғамбарымыздың  «Намаз  оқыңдар!»  –  деп 
адамдарды  намазға  шақырып,  ереже  қойғаннан  кейінгі 
Оның  оқыған  намазына  қараңыздаршы.  Бес  уақыт  на-
мазды  жамағатпен,  жылап  тұрып  оқуы  былай  тұрғанда, 
түн  жарымда  тұрып  «тәһәжжуд»  намазын  егіле  жы-
лап,  аяқтары  талып-ісігенше  оқитын.  Айша  анамыздың: 
«Уа,  Расулаллаһ,  өзіңді  неге  мұнша  қинайсың?»  –  де-
ген сұрағына: «Аллаға шүкір еткен құл болмайын ба?» 
–  деп  жауап  қатқан  Алла  елшісінің  намазынан  қандай 
жалғандық көруге болады? «Зекет беріңдер!» деп ереже 
қойған  Пайғамбарымыздың  қолына  тиген  мал-мүліктің 
бірін  де  қалдырмай  мұқтаждарға  бөліп  беруінен  нен-
дей  көзбояушылық  байқауға  болады?!  «Харамдар-

86
ИМАНИ ГҮЛ
дан  аулақ  болыңдар!»  –  деп  ескертіп  түнде  төсегінен 
тауып  алған  құрманы  аш  болғандықтан  байқамай  жеп 
қойып,  садақадан
23
  келген  құрма  болуы  мүмкін  деген 
күдікпен түні бойы дөңбекшіп, ұйықтай алмай шыққан 
Пайғамбарымыздың харамға деген іс-әрекетінен қандай 
жалғандық, нендей көз бояушылық көруге болады?!
Оның (с.а.у.) ерекше өмір салты –  
шынайы елшілігіне дәлел
Пайғамбарымыз  егер  (хаша  уә  кәлла)  жалған 
пайғамбар  болған  болса,  мал-мүлікке  ие  болу,  мансап-
билікке қол жеткізу, атақ-абыройға кенелу сияқты пенделік 
мақсат-мұраттары болатын еді. Жалған пайғамбар болуда 
егер дүниелік еш мақсат-мұрат жоқ болса, өз өмірін қауіп-
қатерге, қиыншылықтарға душар ететін мұндай ауыр да 
жауапты жүкті неліктен сау басына тілеп алсын? Ал егер 
дүниелік еш мақсаты жоқ болса, сөзсіз Ол адам – шынайы 
Алланың жіберген хақ пайғамбары болмақ.
Алла елшісінің (с.а.у.) нұрлы өмірін зерттеп көрсек, 
аталмыш  мақсаттардың  ешбірін  кездестірмейміз. 
Иә,  Ол  егер  жалған  пайғамбар  болу  арқылы  мал-
мүлікті,  атақ-абыройды,  билікті  мұрат  еткен  болса, 
әу  баста  бұлардың  бәрі  Пайғамбарымызға  ұсынылған 
еді. Күннен-күнге қанат жайып бара жатқан жаңа діннің 
алдында  не  істерлерін  білмей  абдыраған  құрайыштар 
Пайғамбарымыздың  немере  ағасы  Әбу  Тәліпке  келіп: 
«Біз  оған  қалаған  байлығын  берелік,  қаласа  Меккенің 
бар  билігін  қолына  ұстатайық,  әйел  қаласа,  ең  әдемі 
қызымызға  үйлендірейік,  ауырып  жүрсе,  дүниенің  ең 
атақты  дәрігерін  шақыртып  емдетейік.  Тек  ата-
бабамыздың  дінін  жоққа  шығармасын.  Мына  жаңа 
дінін тастасын» – деп ұсыныс тастаған еді.
23
   Садақаны жеу, яки қолдану Пайғамбарымызға харам етілген.

87
ИМАНИ ГҮЛ
Әбу  Тәліп  құрайыштардың  бұл  ұсыныстарын  Алла 
елшісіне  жеткізді.  Пайғамбарымыз  ұсыныстарын  естір-
естімес:  «Уаллаһи,  егер  менің  оң  қолыма  күнді,  сол 
қолыма айды ұстатса да мен бұл дінімді уағыздаудан 
бас  тартпаймын»,  –  деп  жауап  берді.  Ал,  енді 
Пайғамбарымыз жалған пайғамбар болған болса, аспан-
нан  іздегені  жерден  табылған  мына  ұсыныстардың  ал-
дында жауабы жоғарыдағыдай болар ма еді?
Құранда  жалпы  пайғамбарлардың  есімдері  ша-
мамен  500-ге  жуық  рет  аталса,  Пайғамбарымыздың 
«Мұхаммед» есімі төрт-ақ рет аталады. Ал енді бәзбіреулер 
айтқандай, Алла елшісі (с.а.у.) Құранды өзі құрастырып, 
пайғамбарлығы арқылы атақ-абырой іздеген болса, онда 
ондай адамның кітапта өзін осылай көрсетуі мүмкін бе?
Алла  елшісі  мұсылмандардың  арасында  ең  қадірлі 
адам бола тұра үнемі қиыншылықтардың бел ортасында 
жүрді. Үш күн бойы нәр татпастан аш жүрген күндері жиі 
кездеседі. Тіпті кейде аштықтың ауыртпалығы соншалық 
–  оны  аз  да  болса  жеңілдету  үшін  ішіне  тас  байлады. 
Денесі әлсірегені соншалық – намаздарын отырып оқуға 
мәжбүр болатын.
Әбу  Һурайра  (р.а.)  айтады:  «Бір  күні  Алла 
елшісін  мешітте  көрдім.  Намазын  отырып  оқуда  екен. 
«Пайғамбарым,  сырқаттанып  қалдыңыз  ба?»  –  деп 
сұрадым.  «Жоқ,  Әбу  Һурайра,  ашпын.  Аштықтан 
түрегеліп оқитын дәрменім қалмады», – деді. Мен жы-
лай бастадым. Ол сонда мені жұбатып: «Жылама, мах-
шарда есеп қиыншылығы аш болғандарға тимейді», – 
деді.
Тағы да бір күні Хақ Пайғамбар, хазіреті Әбу Бәкір 
және Омармен түн ортасында Мәдинаның бір бұрышында 
ойламаған  жерден  кездесіп  қалып,  бір-бірінен  сұрады: 
«Түн жарымында сыртқа неге шықтыңыз?». Үшеуінің 

88
ИМАНИ ГҮЛ
де жауабы бір жерден шықты. «Аштық...». Иә, үшеуі де 
Алла үшін барын беріп, енді азық боларлық бір тілім нан 
таба  алмағандықтан  дөңбекшіп,  ұйықтай  алмай,  сыртқа 
шыққан беттері еді.
Ислам  шартарапқа  қанатын  жайып  мұсылмандар 
күшейіп, 
жағдайлары 
жақсарғаннан 
кейін 
де 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) және оның Әбу Бәкір, Омар секілді 
хас шәкірттері де өте қарапайым, жұпыны өмір сүрді.
Бір  күні  Пайғамбарымыздың:  «Омар,  неге 
жылайсың?» – деген сұрағына ол: «Пайғамбарым, дәл 
қазір  патшалар  құс  төсектерде  жатқанда,  Сен  ши 
үстінде жатырсың. Ши денеңе батып із тастапты. 
Алайда Сен Алланың Елшісісің. Рахат өмірге бәрінен де 
лайықсың!» – деп жауап береді. Сонда Рақым Пайғамбар 
(с.а.у.):  «Омар,  мына  дүние  –  олардың,  ал  ақырет  – 
біздікі болуына риза емессің бе?»
24
 – деді.
Пайғамбардың отбасында үш ай бойы қазан асылып, 
ыстық тамақ ішілмегенін Айша анамыз риуаят етеді. Алла 
елшісі  (с.а.у.)  дүниеден  озған  уақытта  артында  ешбір 
дүние қалдырмаған. Өйткені Ол – «Біздер – Пайғамбарлар 
артымызға дүниені мирас қалдырмаймыз», - деген тек 
пайғамбарларға тән қасиетті сөздің иесі еді.
Ол (с.а.у.) алуды емес, беруді, ішіп-жеуді емес, ішіп-
жегізуді ұнататын. Киюді емес, өзгені киіндіруді, қуануды 
емес, басқаны қуантып, жаралы жүректеріне шаттық сый-
лауды міндет деп білді. Қысқасы, Ол (с.а.у.) өзі үшін емес, 
өзге үшін ғұмыр кешті.
Иә,  жалған  пайғамбарлығы  арқылы  мал-мүлік, 
дүниені  көздеген  көзбояушы  бір  адамның  өмірі 
жоғарыдағыдай болар ма еді? Жауабын өзіңіз беріңіз.
24
  Ән-нурул-халиду Мухаммадун мафхаратул-инсания.

89
ИМАНИ ГҮЛ
Оның (с.а.у.) ерекше сабыры –  
хақтығына дәлел
Белгілі  бір  мектепте  мұғалім  немесе  бір  мекеме-
де  бастықсыз.  Оқушылардың,  яки  қарамағыңыздағы 
адамдардың  жүректеріне  жол  тауып,  ойыңыздағы  асқақ 
пікірді,  терең  тәлім-тәрбиені  бергіңіз  келді  делік.  Бұл 
мақсатыңызға  жету  жолында  кез  келген  қиыншылыққа, 
әр түрлі рухани және заттық зиян, қауіп-қатерге, өте ауыр 
қорлайтын  сөздер  мен  іс-әрекеттерге  шыдайтыныңызды 
ойлап, тіпті бұл жолда жаныңызды да пида етемін деген 
ниеттесіз. Ал, енді төменде көрсетілген пайғамбарымыз-
дың  басына  келген  қиын  да  шытырман  жағдайлар  кез-
дескен  сәтте,  қандай  күйде  боласыз?  Жолыңызды  еш 
өзгертпестен, пайғамбарша сабырмен жалғастыра білесіз 
бе? Жалпы өзіңізге, жүрегіңіз бен сезімдеріңізге бір көз 
салып, құлақ түріңіз... Сізге бұлар не дейді?
Адамдар:
«Ата-бабамыздың осы уақытқа дейін табынып келген 
пұттарына қарсы шығатын мынау қайдан шықты?» - деп 
бетіңізге түкірсе...
Әбдімүттәліптің  жетімінен  басқа  пайғамбарлыққа 
адам табылмай қалып па? – деп жаныңызға бататын ауыр 
сөз айтып, қорласа...
Көпшілік  арасында:  Сиқыршы,  көзбайлаушы  –  деп 
келеке етіп, мысқылдаса...
Әйеліңізге әр түрлі ауыр жалалар жауып, халық ара-
сында ар-намысыңызды қорлайтын өсек таратса...
Намазда  басыңызды  сәждеге  қойып,  Раббыңызға 
мінәжат  етіп  жатқанда,  малдың  ішек-қарнын  әкеп 
басыңызға аударып, келемеждеп, қарқылға басып күлсе...
Елмен  араласуға  қатаң  тыйым  салып,  сауда-саттық, 

90
ИМАНИ ГҮЛ
жалпы  қарым-қатынасты  үзіп,  бойкот  жариялап  аш 
қалдырса...
Аштықтың ауыртпалығы соншалық айлар бойы нәр 
татпаған достарыңыз аштықтан жапырақ жеп кетсе...
Ең жақын туысыңызды өлтіріп, құлағын кесіп, көзін 
ойып,  денесін  тілгілеп,  бауырын  суырып  алып,  шайна-
са....
Жүретін  жолыңызға  тікен  шашып,  бұрыш-бұрышта 
қолдарына шоқпар алып сізді аңдыса...
Сүйікті  отаныңызды  тастап  кетуге,  туған-туыстан 
айырылысуға мәжбүр етіп, өлтіруге ант ішсе...
Барған  жеріңізде  де  тыныштық  бермей  әскер 
жіберіп,  жаныңыздан  да  жақсы  көретін  достарыңызды 
өлтірсе...Не  істер  едіңіз?  Оларға  қандай  жауапта  болар 
едіңіз? Осылардың бәріне сабыр сақтап, еш мойымастан, 
шайқалып-теңселіп, күмәнға бой алдырмастан жолыңыз-
ды жалғастыра  білесіз бе? Олардың  осы іс-әрекеттеріне 
кешіріммен,  мейіріммен  қарап:  «Раббым,  олардың  бұл 
істерін  кешіре  гөр!  Олар  не  істеп  жатқандарын 
білмейді. Оларды сен тура жолға сала гөр!» -деп олар 
үшін ізгі тілек тілеп, жаманшылықтарына жақсылықпен 
жауап бере аласыз ба?
Иә,  адамзаттың  ардақтысы  Пайғамбарымыздың 
(с.а.у.)  олардың  барлық  зұлымдықтары  мен  қорлықтар-
ына шыдап, әр түрлі кесірлеріне қарсы сабырды қару етті. 
Оларға анадай мейірім құшағын ашып діттеген мақсатына 
жете білді. Міне бұл – адамзат ардақтысы Мұхаммедтің 
(с.а.у.) шынайы елші екендігінің тағы да бір айқын дәлелі 
болса керек. Оның (с.а.у.) қасиетті өмірбаянын оқып оты-
рып, көзге еріксіз жас алып «Мұхаммед, Сен тек Алланың 
шынайы елшісісің» – деп иманыңа нәр тамызасың.

91
ИМАНИ ГҮЛ
Әр сала өз тілімен Оның (с.а.у.)  
пайғамбарлығын паш етеді
Тек бір ғана салада жетістікке жетіп, сол салада білік-
ті маман болу үшін арнайы жағдайдың қажеттілігі айтпаса 
да түсінікті. Кез келген бір ғана салада кәсіби мамандық-
қа қол жеткізу үшін ондаған жыл уақыт кетіреміз. Тіпті 
сол  салада  ғұмыр  бойы  жұмыс  істейміз.  Иә,  тек  бір  са-
лада ғана белгілі бір жетістікке жету үшін арнайы құрал-
жабдықтың, тыныш ортаның, ыңғайлы ахуалдың, белгілі 
бір уақыттың керектігі сөзсіз. Ал бір адамның әр салада 
жетістікке  жетіп,  барлық  салада  бесаспап  маман  болуы 
мүмкін емес. Мысалы, бір адам жоғары дәрежеде тәрбие-
ші,  психолог,  һәм  тамаша  бір  қолбасшы  және  аса  білгір 
медицина ғалымы, әрі физик және т.б. ғылымдарды игеруі 
ине көзінен нар түйенің өтуімен парапар. Бірақ осындай 
мүлде болмайтынды ешбір құрал-жабдықтың көмегінсіз, 
әр  түрлі  қым-қиғаш  қиын  жағдайлардың  бел  ортасында 
жүріп  жүзеге  асырған  жалғыз  адам  –  Мұхаммед  (с.а.у.). 
Өйткені Ол жай адам емес, адамзатқа әр нәрседе үлгі бо-
луы үшін жер бетіне жіберілген Алла Тағаланың арнайы 
елшісі еді. Сондықтан Пайғамбарымыз әр саланың асқар 
шыңына туын тігіп, қияметке дейін өзгермейтін, тозбай-
тын жаңалықтар әкеліп, ереже-қағида қойды.
•  Иә,  Пайғамбарымыз  –  керемет  ұстаз,  тама-
ша  тәрбиеші.  Оның  (с.а.у.)  теңдессіз  ұстаздығы 
мен  тәрбиешілігінің  алдында  бүкіл  әлем  бас  иеді. 
Пайғамбарымызға  дейін  араб  түбегінің  жағдайы 
қалай  еді?  Айтуға  ауыз  бармайтын  жаман  әдеттер 
мен  іс-қылықтардың,  зұлымдық  пен  тағылықтың 
қараңғылығында  тұншығып  жатпап  па  еді?  Міне, 
Пайғамбарымыз сол қараңғы қоғамды бар-жоғы жиыр-
ма үш жыл ішінде тәрбиелеп, жетілдіріп әлемге үлгі бо-

92
ИМАНИ ГҮЛ
лар қоғамға айналдырды. Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли 
секілді  жұлдыздай  жарық  та  биік  сансыз  тұлғаларды 
жетілдіріп  ғаламға  кәміл  адамның  үлгісін  көрсетті. 
Тайпа-тайпаға жіктеліп, бір-бірімен қырық пышақ бо-
лып  қырқысып,  бітпейтін  қан  дауына  бой  алдырған 
бұл қоғамда нағыз бауырмашылдық пен ағайындықтың 
бейбіт  туы  желбіреді.  Бір-бірінің  мал-мүлкін  талан-
таражға салған бұл қоғам Оның (с.а.у.) арқасында бір-
біріне «Бауырым! Сен аш жүргенде, менің бұл жүрісім 
қалай?» – деп мал-мүлкінің жартысын шын көңілімен 
бөліп  берді.  Тіпті  өзі  аш  болса  да,  үйіндегі  аз  ғана 
тамақпен  басқаны  тойдыру  үшін  шамды  байқамай 
өшіріп алған болып, өзі табақтағы тамақтан қасығына 
еш  нәрсе  ілместен  аузына  алып-келіп,  қайта  табаққа 
апарып, ішіп-жеп отырғандай көрінген періште тәріздес 
сахабаларға  айналды.  Қоғамның  денесіне  бойлап, 
қанына  сіңген  адамгершілікке  жат  әдет-ғұрыптардың 
тамырына балта шауып, қамырдан қыл суырғандай жоқ 
етті.  Пайғамбарымыз  (с.а.у.),  міне,  осындай  тәрбиеші, 
осындай ұстаз еді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) адамдарға ешбір істі зорлап-
зомбылап  істетпеген.  Айналасына  жиналған  нұр  жүзді 
сахабалар  Оның  аузынан  шыққан  әрбір  сөзді  жан-
жүректерімен қабылдап, жүзеге асыру үшін керек болса, 
жандарын да пида етуге дайын тұратын. Әрбір сөзі мен 
іс-әрекеті  жанындағы  адамдар  тарапынан  ереже-қағида 
тұтылған бұл тұлға пайғамбар болмаса кім еді?
Оның ұстаздығына тәнті болған Муғауия ибн Хакам 
атты  сахаба:  «Одан  асқан  керемет  мұғалімді  бұрын-
соңды  көрмедім.  Ол  мені  зекіп  ұрыспады  және  қол 
жұмсап ұрмады»
25
 – дейді.
25 
Абдул-Фаттах Әбу Ғудда, Әр-Расулул-муғаллим, 12-бет. Дәрул-
башайрул-Исламия, Байрут. 1997.

93

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет