ЕКІНШІ, РУЗА ТУРАСЫНДА
Жоғарыда ағмал заһирдің екінші міндеті – руза деп едік. Ҽр
жыл рамазан айында отыз күн руза тұту парыз. Рамазан деген сҿз
«күйдірген» деген мағынада. Яғни рамазан айында руза ұстағандардың
күнҽсі күйдірілҽ-дүр. Рузаны зҽрурисіз
ұстамағандар ақыретте зор
азапта болар.
Рузаның уақыты – таң қызара бастағаннан күн батқанша. Сол
екі уақыттың арасында ешбір тамақ асамақ, ішпек дұрыс емес. Хатта
мейір қанып дене рахаттанатын яғни үстіне су кұйдыру, суға малынған
киімге орану рҽуіштілер де макруһ.
Оразаның шарты сол бас күнінің алдыңғы түнінде ниет етерге
керек: «ей, Құдайым, ниет қылдым келешек күн Рамазан айының
оразасын ұстамаққа таң атқаннан күн батқанша» деп. Түнде ниет етуге
ұмытып кеткен кісі ораза ұстаған күні түске
шейін ниет етсе де
болады. Егер тіпті ниет етпесе руза дұрыс емес. Оның үшін ниет ету
ҿзі парыз. Парызды орнына келтірмегендіктен, құлшылық дұрыс бола
алмаса керек. Рузаны ұстамасқа болады: ауру болып дертіне оразадан
залал болардай болса, ҽйел жүкті болғанда һҽм
жас бала емізген
уақытында балаларына зиян келердей болса, яки жолаушыларға.
Жолаушылық сапар деп түйе жүрісімен үш күндік жер, не
орта
есеппен 125 шақырымдай (
90 км) жерге жолаушылық етуді айтады.
Осындай себептермен ораза ұсталмаған болса,
соңғы уақыттарда
күніне-күн руза ұстаумен парыз мойнынан түседі. Бірақ соңғы уақытқа
да ораза ұстауға халі келмейтін қарттарға мұның орнына оразаның һҽр
күніне бір тамақсыз пақырға тамақ жегізіп тұрса да қарыз ҿтелсе
керек.
Ұмытып ас жегеннен, ішкеннен руза бұзылмайды.
Бірақ
ұмытпайынша кҿріне хатадан, мҽселен, дҽрет алып отырып тамаққа су
кетсе ораза бұзылады. Күніне-күн қайта ораза ұстау керек. Тамақты
шайнау, дҽмін тату – макруһ. Жалғыз-ақ
жас баласы бар қатын
зарури
175
болғанда баласына тамақ шайнап берумен макруһ болмас...
Жҽне ас пісіруші адамдар тамақтың тұзын байқауға мұқтаж болса, осы
себептен пісірген асын татып байқаумен де макруһ болмас деген. Егер
бір адам рузаға ниет етіп, ұстап тұрып, біле, кҿре ұстаған күні ашып
жіберсе, бір күніне де алпыс күн ораза ұстауға керек.
1 7 5
Зҽрури (даруратун): – мұқтаждық, қажеттілік.
32
33