Исламның енуі және түркілердің МҰсылман әлемімен халықаралық байланысы



бет2/2
Дата27.11.2023
өлшемі403 Kb.
#129769
1   2
АТЛАХ ШАЙҚАСЫ:
749 жылы Кытай армиясы жалпы саны 70 мың әскермен Шашты жаулап, Шаш патшасын өлтірді. Сол жылы кытай армиясы Тараздағы араб армиясын коршауға түсірді. Араб колбасшысы Абу Муслим коршауда қалғандарды куткару үшін бір отряд аттандырады және Түркеш мемлекетіне елі жіберіп, коршаудағы араб әскерін кытайлыктардан куткаруға көмектессе, араб әскерлерін Самаркан мен Букарага алып кететіні туралы уәде береді.751 жылы шілдеде Талас өзенінің бойында карсылас екі армия кездесіп, бірнеше күн бойы соғыс бастауға батпайды. Бесінші күні, ягни 30 маусымда кытайлыктардын тылына кенеттен түркештер мен карлуктар шабуыл жасайды. Дэл сол 30 маусымда карсы майдандағы шабуылды арабтар бастайды. Катыгез соғыс 30 маусымнан 29 шілдеге (30.VI- 29.ѴІІ.751 ж.) дейін созылады. Араб тарихшысының айтуынша, 45 мын кытайлык соғыс даласында өліп, 25 мыны тұтқынға алынады.Кытай армиясынын колбасшысы Гао Сянь-Чжи туткынға тусті және өлтірілді, ал қытай деректері бойынша, Гао Сянь Чжидің Талас шайкасына катыскан барлық әскер саны 30000 (отыз мын) адам деп көрсетілген.Түркештер мен карлуктар, арабтар орасан мол олжағабатты, ал тұтқындар арасындағы қытай қолөнершілері, Самар-кан мен Бағдадка жеткізіліп, қағаз шығарумен және жібек
ТҮРКІЛЕР АРАСЫНДА ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ:
Аббасилардың халифаты (751 - 1258 жж.) кезеңінде түркі халықтары түгел дерліктей хақ дін Исламды қабылдады. Түркілердің ойшылдары, ақылманды оқымыстылары, ел мен әскер басында жүрген көрегенді азаматтары хақ діннің қаншалықты жүрекке конымды һәм жағымды екенін, өздері аңсаған әділет пен рухани тыныштықтың тек осы дінде табылғанын аңғарып, һидаят жолына барды [4.242]. Арабтардың Орта Азия халықтарын ислам дініне енгізуіне (себепкер болуы) 200 жылдан астам уақыт кетті. Сол дәуірде туындаған кесек шығармалар бүгінде шығыс әдебиеті мен мәдениетінің інжу-маржанына айналды. Ислам дінін уағыздау және дін оқуды өрістету мақсатымен қалаларда ірі-ірі мешіттер мен медреселер салынды [5.8]. Қазақ жерінде бел алған ислам бірте-бірте христиан дінін де, будданы, зороастризмді және жергілікті тәңірге табынушылықты да ығыстырып, ысырып тастайды. Мысалы, Бирунидің жазуына қарағанда «манидің (манихей) ілімін әр жерге тарататын шәкірттері болды. Ислам елдерінде олардың шоғырланған бірде - бір жері жоқ. Тек Самарқандта (онда бар-жоғы 500-ге жуық адам болған) ғана мани орталығы бар. Мани ілімін Қытай, Тибет, Үндістанның бір бөлігін мекендейтін шығыс түркілердің көбісі ұстанады» [6. 31-32]. Географиялық әдебиеттерде түркілердің арасында исламның таралуы туралы нақты деректер жоқ. Тарихшылардың айтуынша исламның қабылдану уақыты — 960 жыл. Бұл дерек Бағдат қаласында кездеседі, алайда ол туралы ешқандай нақты құжат жарияланбаған. Шын мәнісінде Ислам дінін бірінші Қарахандықтар қабылдаған. Ол кезде, яғни X ғасырдың аяғына дейін Қарахандықтар Қашғарды билеп тұрды, Бұхара мен Самарқанды жаулап алды. Басқа түркі халықтарының көпшілігі 1043 жылы қабылдады (В.В.Бартольд Соч. Т.5 М. 1968, с.205). Бірқатар деректерде түркі тайпаларының ислам дінін қабылдауы X ғасырдан бастау алды десе, бір деректер VIII ғасырдан басталған дейді, өйткені 751 жылғы Атлах шайқасында мұсылмандардың Аллаһтың көмегімен жеңіске жетуі түркілердің ислам дінін қабылдауын тездетті. Осыдан бастап дінді қабылдаған халық сол кездегі жаңадан пайда болған әлемдік мәдениетті дамытуға атсалысты. Сол кезеңнен қалған сәулет өнері, ғалымдардың шығармалары қазіргі таңда аса зор бағалануда. X ғасырдың басында Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ-Боғра хан ислам дінін қабылдап, оның ұлы Боғра хан Харуб б. Мұса 960 жылы ислам дінін мемлекеттік деп жариялады. Ислам діні бірінші кезекте қалаларда жақсы таралды. Ибн Хордадбек Фарабтың бас қаласы Кердердегі мұсылман топтары туралы, Ибн Хаукаль Фараб, Кеңжиде мен Шаш аралығында көшіп жүрген мұсылман түріктері жайында жазып кеткен. Әл-Макдиси Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың X ғасырдың аяғындағы қалаларын атай келіп, мешіттерді қалалардағы міндетті құрылыстардың бірі ретінде атаған. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде және Құйрықтөбеге жақын жерден Х-ХІ ғасырларға жататын ең ертедегі мұсылман қабірлері, қаланың орнынан Х - ХІІІ ғасырларда салынған мешіттердің қалдығы және басқа да ірі қалалардан моншалардың болғандығы дәлелденді. Осы сияқты көптеген қазба жұмыстарынан ислам дінінің таралғанын айқын дәлелдейтін заттар анықталды, бірақ ислам діні толық орнықты деп те айтуға келмейді, өйткені, тотемизм мен зороастризмнің белгілері де шығып жатты.
Түркілердің арасында ислам дінінің беделінің өсуі ІХ-Х ғасырларда шамамен 820 жылдан 1000 жылдарға дейін болған қазіргі Түркістанның мәдени облыстары Орта Азиядағы Иран Саманид династиясы билік жүргізген кезден басталды. VІІІ-ІХ ғасырлардағы оқиғаларын баяндайтын деректер Оңтүстік Қазақстан халықтарының жаппай ислам дініне кіргендігін жазады. 840 жылы Нур ибн Асад Испиджабты бағындырады, 859 жылы оның інісі Ахмед ибн Асад Шауғар қаласына жорық жасайды. 766 жылдан бастап Жетісу мен Қазақстанның оңтүстік өңіріне саяси өктемдігін жүргізген Қарлұқтар мұсылман мәдениетінің ықпалына өзгелерден гөрі бұрынырық түседі. Олар исламды тіпті Махди халифаның (775-785 ж.ж) кезеңінде қабылдады деген пікір бар, бірақ бұл пікір олардың белгілі бір бөлігі жөнінде ғана болуы мүмкін. Өйткені 853 жылы Исмаил ибн Ахмад Таразды, оның басты шіркеуін мешітке айналдырған. Ислам дінін ұстанатын халықтар көбейген сайын қалаларда үлкен мешіттер салына бастады [8. 92]. Мысалы, Баласағұн 940 жылдан бері мұсылман қаласы болып есептеледі. Ал жекелеген қалаларда сауданың жандануы, бұрын мұсылман емес халықтардың дінді қабылдауына ықпал етті. X ғасырда мұсылманшылықтың толқын-толқын таралғаны байқалды. Сол кездегі Орта Азия тұрғындарының лек - лек болып Исламға қосылғаны тарихи әдебиеттерде баяндалады. Мәселен, 960 ж. 200 мың шатыр түркі халқы ислам дінін қабылдаған. Бұл түркі халықтарының тарихындағы ірі оқиға. 1232 ж. қайтыс болған тарихшы Ибн әл-Әсирдің «Әл-Кәлім» деп аталатын 8 томдық кітабында осы оқиғаны: «Түріктерден екі жүз мың шатыр адам мұсылман болды», — деген [4.295]. Бұл оқиғалардан түркі халықтарының біраз бөлігінің ислам дінін кабылдағанын байқаймыз. Бұл кезеңде қалаларда ислам діні кеңінен қалыптасқаны анық, мысалы: Ежелгі Тараз қаласы ислам дінінің осы өңірдегі тарауына тірек болды [1. 95] және тағы бір Орта ғасырдағы гүлденген Испиджаб көшпелі түріктерге ислам дінін таратудың орталығына айналды [1.97], бұдан да басқа қалалар дінді таратуда жақсы істер атқарды.

1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет