ИСЛАМНЫҢ ЕНУІ ЖӘНЕ ТҮРКІЛЕРДІҢ ИСЛАМ ӘЛЕМІМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ (VIIIғ-XIIғ) Түркілердің мұсылман болуларына ықпал еткен факторлар: Түркілер ислам дінін қылыштың күшімен емес, өз еріктерімен қабылдады. Бұл дінді таңдауларының ең басты себебі көне түркі сенімі мен исламдық арасында көптеген уксастыктын болуы еді. 1- Көне түркі діні Көк-Тәңірі сенімі деп аталатын. Бұл сенім бойынша түркілер ислам дінідегі секілді бір Аллаға ғана сенетін және Оны Тәңірі деп атайтын. Исламдықтағы "есма- и хусна" деп айтылатын Алланың сипаттарының кейбіреуі көне түркі сенімде де кездесетін еді. 2- Акірет пен рухтың мәңгілігі екі сенімде де бар еді. Түркілер жәннат үшін жұмақ, ал тозақ үшін тамүк сөзін қолданатын. 3- Исламдықтағы секілді Көк Тәңірі сенімінде де Тәңіріге құрбан шалатын. 4- Исламдықтағы бағыт (жиһат) және қаза (дін үшін соғыс) мен түркілердің әлемде төрені үстем ету үшін жасаған соғыстары бір-біріне үқсайды. Ислам сенімі бойынша соғыстан кейін кол жеткізілген ғани-мет (байлық) адал болады. Түркілерде де осыган уксас ұстанымдар кездеседі.--Исламдықтың бұйырған адамгершілік талаптары түркіліктүсінікке де сай келеді. Түріктер ислам дінін қабылдағаннан кейін дәстүрлі Түрік діні және басқа діндермен байланыстарын үзген. Түрік тайпаларының исламды тандауына көптеген факторлар әсер еткен. Әсіресе, ХІ ғасырдан бастап Түрік кауымдары ислам дінінің қалыптасуына үлкен улес коскан. Сонымен катар Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың Ислам дінін қабылдауы, оны халыкка жеткізу тәсілі де өнегелі. Өйткені, Кожа Ахмет Ясауи тарикаты - жолы аркылы ислам дінін қабылдаған Түрік кауымдастықтары ішінен шын мәнісінде дүниежүзілік мемлекет денгейіндегі мемлекеттер калыптасты. Осы кезеңде ислам ғылым, әдебиет және мәдениет салаларында өшпес шығармалардын пайда болуына әсер етті.Түрік дүниесі ең жарқын және бақытты кезеңдерін Ислам дінін кабылдағаннан кейін басынан өткізді. Қожа Ахмет Ясауи атамыздын "ислам -дініміз, тіліміз және ұлтшылдығымыздың қорғаушысы" деген сезі түріктерге ислам дінінің орнын және маңызын көрсетіп берді. Қазіргі кезде Түрік және Ислам сөздерін бөлек қарастыруға болмайды, бұл екі сөз ұғым бір-бірінен ажырағысыз және олар бірін-бірі толықтыра түсуде.