Исмагулов е. К., Кабанбаев а. Б., Мырзабек м. С


Электр жабдықтарын сынау түрлері



Pdf көрінісі
бет20/157
Дата14.10.2023
өлшемі5,79 Mb.
#115111
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   157
Электр жабдықтарын сынау түрлері.
Электр жабдығын сынаудың мақсаты
-
талап етілетін техникалық 
сипаттамаларға сәйкестігін тексеру, ақаулардың болмауын анықтау, кейінгі 
профилактикалық сынақтар үшін бастапқы деректерді алу, сондай
-
ақ 
жабдықтың жұмысын зерделеу. Сынақтардың келесі түрлері бар:
1) үлгілік;


38
2)
бақылау;
3)
қабылдау
-
тапсыру;
4) пайдалану;
5) арнайы.
Қолданыстағы конструкциядан, оны дайындау кезінде қабылданған 
материалдардан немесе технологиялық процестен ерекшеленетін жаңа 
жабдықты үлгілік сынауды дайындаушы зауыт осы үлгідегі жабдыққа 
стандарттармен немесе техникалық шарттармен қойылатын барлық 
талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында орындайды.
Шығарылатын бұйымның негізгі техникалық талаптарға сәйкестігін 
тексеру үшін дайындаушы зауыттан шығарған кезде әрбір бұйым (машина, 
аппарат, аспап және т.б.) бақылау сынақтарына ұшырайды. Бақылау 
сынақтары қысқартылған (үлгілік сынақтармен салыстырғанда) бағдарлама 
бойынша орындалады.
Қабылдау
-
тапсыру сынақтарына монтаждау аяқталғаннан кейін оның 
пайдалануға жарамдылығын бағалау үшін пайдалануға жаңадан енгізілетін 
барлық жабдық жатады.
Пайдаланудағы, оның ішінде жөндеуден шыққан жабдық мақсаты 
оның жарамдылығын тексеру болып табылатын пайдалану сынақтарына 
ұшырайды. Күрделі және ағымдағы жөндеу кезіндегі сынақтар және 
жабдықты жөндеуге шығаруға байланысты емес профилактикалық сынақтар 
пайдалану болып табылады.
Арнайы сынақтар арнайы бағдарламалар бойынша зерттеу және басқа 
мақсаттар үшін өткізіледі.
Үлгілік және бақылау сынақтарының бағдарламалары (сондай
-
ақ 
нормалары мен әдістері) тиісті жабдыққа МЕМСТ
-
пен белгіленген. 
Қабылдау
-
тапсыру сынақтарының көлемі мен нормалары "Электр 
қондырғыларын орнату қағидаларымен"айқындалған. Пайдалану сынақтары 
"электр жабдығын сынау нормаларына" және "тұтынушылардың электр 
қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларына"сәйкес жүргізіледі. 
Қабылдау
-
тапсыру және пайдалану сынақтары процесінде зауыттық және 
ведомстволық нұсқаулықтардың талаптарын қосымша ескеру қажет.
Сынақ жұмыстарының белгілі бір бөлігі электр қондырғыларының 
әртүрлі элементтерін баптау кезінде ортақ болып табылады. Мұндай 
жұмыстарға электр қосылыстарының тізбектерін тексеру, оқшаулауды 
тексеру және сынау және т. б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет