Исмаилов Б. Р. Техногенді сипаттағы апаттарды модельдеу және бағалау пәнінен дәрістер жинағы


Техногенді сипаттағы апаттарды модельдеу анықтамасы



бет3/41
Дата25.04.2022
өлшемі1,37 Mb.
#32224
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
лекция

Техногенді сипаттағы апаттарды модельдеу анықтамасы.

Экологиялық апат – атмосфераға, адам өміріне өте қатты әсер ететін үлкен ауқымдағы төтенше жағдай. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мына себептер арқылы болуы мүмкін: техникадағы, космостағы, әскери және тағы басқада жағдайлардағы апаттар.

Қауіпті қалдықтар деп құрамында зиянды заттектері, қауіпті қасиеттері бар, сонымен қатар өздігінен немесе басқа заттектермен қосылғанда адамның денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін қалдықтарды айтады. Қоршаған орта мен адам денсаулығына өте қауіпті қалдықтарға шамамен 600-дей заттар мен қосылыстар жатады. Олардың құрамына кіретіндер: пестицидтер және олардың құрамына кіретін химия өндірістерінің қалдықтары; радиоактивті қалдықтар; сынап және оның қосылыстары; тұрмыстық химия құралдарының қалдықтары;

Құрамында адам денсаулығына өте зиянды әсер ететін, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп туғызатын улы қасиеті бар заттектерден тұратын қалдықтарды улы қалдықтар дейді.

Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энертетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т.б. жатады.Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар. Атмосфераға таралатындар: газ, бу, ауа тозаңы, энертетикалық : шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өpic, жарық , ультракүлгін және лазерлі сәулелендірулер және т.б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының және өндірісте қолданылатын шикізаттың түріне, оларды өңдейтін технологияға байланысты болады. Ауадағы зиянды заттектердің мөлшері олардың турбулентті ағыспен шашырауына, жауын-шашынға немесе гравитациялық күш арқылы төмен түсуіне байланысты. Атмосфераның ластануы мен негізгі биогенді элементтер айналымы арасында анық байланыс бар.

Зиянды заттардың атмосферада таралуын зерттеу бойынша жұмыстар XX ғасырдың 20-30 жылдарында басталған болатын және атмосфералық диффузия, жылу және масса алмасуды зерттеу бойынша жүргізілетін жұмыстармен тығыз байлынысты болды.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде күшті әсерлі улы заттар атмосферада белгілі ауқымды алып жатады. Күшті әсерлі улы заттар қоспалары атмосфералық жағдайдың, қалдықтардың көлемінің әсерінен атмосферада тарала бастайды. Осылайша ауаның тығыздығына байланысты ауыр газдар түзіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет