2.Турбуленттік диффузияның жартылай эмпирикалық теңдеуінің қолданылуы
ТСТЖ модельдеуінің шешімі үшін алгоритмның өңделуі мен бағдарлама құрастырудың шешу жолдары көрсетілген. Яғни зерттеу барысында ТСТЖ даму қарқындылығының математикалық моделі қарастырылады. ТСТЖ өзекті бөлікті қарастырады, яғни ол екпінді ТСТЖ болып саналады. Бақыланып отырған процестердің жоғары жылдамдықта болуы себепті осындай кенеттен туатын ТСТЖ ең үлкен көлемде қауіп әкелетін ТСТЖ болып саналады. Егер кенеттен туатын ТСТЖ тек тіркеу мен сәйкендіруге ұшырайтын болса, онда екпінді ТСТЖ үшін олардың дамуын болжауға арналған кейбір мүмкіндіктер туындайды .
Ауыр газдың ерекшелігі газ көзінің аймағындағы жылдамдық өрісі мен атмосфералық турбуленттіктің сипатын өзгертеді. Тығыздық, температура және концентрацияның градиенттерінен туындайтын (Архимед) балқыма күштері пайда болады. Атмосферада қозғалатын күштердің осындай стратификациясы жылдамдықтың турбуленттік пульсациялық қарқындылығының төмендеуіне және турбуленттік диффузияның Kx, Ky, Kz коэффиценттерінің айтарлықтай азаюына алып келеді. Жұмыс барысында ауыр газдың таралуы кезінде жер бетінің ауданы үлкен болып, бұлт тығыздығы атмосфералық ауа тығыздығына тең болады. Осы ерекшеліктер қоспалардың таралуын модельдеу және есептеу кезінде, модельдерді іске асырудың сандық схемаларын дайындау кезінде есепке алынуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |