Исмаилов Б. Р. Техногенді сипаттағы апаттарды модельдеу және бағалау пәнінен дәрістер жинағы


Күшті әсерлі улы заттар концентрация таралымының моделі



бет4/41
Дата25.04.2022
өлшемі1,37 Mb.
#32224
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
лекция

2.Күшті әсерлі улы заттар концентрация таралымының моделі
Күшті әсерлі улы заттар концентрациясының таралымы атмосферада математикалық модельденуі әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі:

Ықтималдық тәсілі – КӘУЗ таралуын анықтайтын шамалар кездейсоқ болып табылады немесе олардың кеңістікте таралу есебі үшін уақыт бойынша да сәйкестендірілген ықтималдық – статистикалық тәсіл қолдануға болады.

Феноменологиялық тәсіл – барлық КӘУЗ параметрлері белгілі бір ортада сәйкестендірілген теңдіктер және олардың жүйелерін шешу арқылы жүргізіледі (көбінесе, математикалық физика теңдіктері)

Оңайлатылған тәсіл – КӘУЗ тарлуының параметрлері, мәселен олардың ауданы, радиусы, тереңдігі және басқа да параметрлері әртүрлі әдістер бойынша есептеледі, кейбіреулері оңайлатылған тәсілдермен шешілетін болады. Бағалау есептерін жүргізу барысында осындай әдістердің кейбір қателіктеріне қарамастан олар белгілі бір территорияда КӘУЗ таралуының масштабтары туралы пайдалы ақпараттар беруі мүмкін.

Атмосфералық ортада белсенді химиялық қоспалар мен ауыр қоспаларды мезомасштабты атмосфералық тасымалдаудың математикалық моделін өңдеу барысында келесідей мәліметтер мен шарттарды қолдандық [1]:

1) Ауыр және белсенді газ сыйымдылығы қатыстырылған жарылыс болды. Жарылыс процесі қарастырылмайды;

2) Бұлттар белгілі бір биіктікте газ бағаны түрінде түзіледі;

3) Газдың физика-химиялық параметрлері белгілі;

4) Ортада және төселетін беттегі газдың шөгуі (2.1) функциясымен сипатталады, ал оның параметрлері химиялық реакцияның жылдамдығының тұрақтыларына арналған Аррениус заңын қолдану арқылы анықталады. Бастапқы жуықтаудағы эмпирикалық a, b, c, k коэффициенттерін белгілі деп есептеуге болады;

5) Жергілікті рельеф: қала және қыстақ;



6) Математикалық модельді іске асыру қажет:
(2.1)
Атмосфера қабаты үшін көлденең және тік диффузия коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
, , (2.2)

мұндағы,


- пропорционалдылық коэффициенті;

- төсетілетін беттің бедерлік коэффиценті;

- масштабты биіктігіндегі тік турбуленттік диффиузияның коэффициенті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет