Білім беру бағдарламалары оқу материалын ұсынудың құрылымдық әдісінде өзгеше болуы мүмкін
Осыған байланысты үш негізгі құрылымдық әдістер бар:
сызықтық, концентрлік спираль. Сызықтық әдісте – материал дәйекті түрде зерттеледі: бөлімнен бөлімге, тақырыптан тақырыпқа дейін. Алдыңғы материалға жүгіну эпизодтық түрде, оқытылған оқу күшін қайталау немесе жаңа материалды игеруге дайындалу.
Концентрлік әдісте – осы деңгейдегі оқу деңгейі күрделі формада келесі қадамдарда зерттеледі. Суретте көрсетілгендей әр алдыңғы тақырыптың материалы келесі тақырыпқа кіреді. Бұл жағдайда, мысалы 1-тақырып 5-сыныпта қарастырылуы мүмкін, 2- тақырып 6- сыныпта, 3-тақырып 7- сыныпта, 4-тақырып 8- сыныпта.
Материалды білім беру бағдарламасында ұсынудың спиральды әдісінің ерекшелігі, егер материалды қайта зерттегенде, әртүрлі тақырыпты ашып өткенде негізгі идеялар, сұрақтар, мәселелелер бөлініп тұрады, спиральдың әр бұрамасында қиындай түседі. Оқу материалын құрылымдаудың тағы бір әдісі ретінде тармақталған әдіс бөлінген. Бұл әдістің мәні - оқу жоспарына қол жеткізу үшін бірнеше балама жолдар бар. Осылайша, тармақталған бағдарлама өзінің жеке білім беру ақпаратын игерудің жеке жолын таңдауды қамтиды. Тармақталған әдіс оқытушы-кеңесшінің жетекшілігімен дербес білім алуға бағытталған оқытуда қолданылады (мысалы, бағдарлама жасауда немесе қашықтықтан оқытуда).
Оқулық мазмұны оқу материалының жүйелі берілуімен тікелей байланысты. Оқулыққа енген оқу материалдарының жүйесіне сәйкес білім беру жүйесі жүзеге асады. Оқыту - оқушыларды дамытудың негізі. Білім берудің жүйелілігі, мазмұнның пән мақсатына сәйкестігі, оның өмірмен байланыстылығы оқушыларды дамыта оқыту мақсатын жүзеге асырудың кепілі. Оқулық материалдарының сыныптан сыныпқа қарай күрделенуі, мазмұн сабақтастығы және оқу әрекеттерін ұйымдастыруға қолайлылығы оқулық жүйесіне қойылатын басты талап. Оқулық қандай жүйемен берілсе де, оның жазу тілі автордың үлесіне тиеді. Осыны ескерген авторлар әр уақытта оқулық тілінің ғылыми баяндалуын, түсінікті жазылуын қадағалауға тиіс. В.Г.Бейлисон оқу материалына біріншіден ұғым, екіншіден деректер, үшіншіден белгіленген әрекеттер (деректер мен ұғымдарды меңгеру үшін) енетіндігін көрсетеді1. Осы үшеуінің оқулықтағы ара қатысын айқындау арқылы оқулықты білім берудің көзіне айналдыруға болатындығын дәлелдейді. ұғым, дерек және белгіленетін әрекеттер әр пәннің мазмұнына байланысты белгілі бір жүйелілікпен беріледі. Мектеп оқулықтарының проблемаларын сөз еткенде бұл мәселеге соқпай кететін авторлар кемде кем. Солардың бірі Н.Сосницкий оқулықтағы оқу материалдарының берілуін бірнеше жүйеге бөледі. Олар - тізбекті не сызықты, сатылық, мақсатты және қоршаған ортаға байланысты жүйелілік т.б.
Осылардың ішінен тізбекті, не сызықты жүйелілікті алып қарасақ, мұндай тұрғыда берілетін материалдар үнемі бірізділікпен алға қарай жылжи дамып, бір бағытта бірінен біріне өтіп отыруға тиіс. Сызықты жүйеліліктің бір тұтастықты құрайтыны оның атынан да белгілі. Тура тартатын тізбектің бір бөлігін алып тастасаң, арасы үзіледі. Мұндай жүйелілікте берілген материалдың мән-мазмұны да бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан да оның әр бөлімін оқып өткенде еске сақтап меңгере отырып, келесі жаңа бөліммен міндетті түрде байланыстыра оқыту талабы қойылады. Мұндайда тізбек ішінен негізгісін тауып, басқа алған ұғымдарын осы негізге бағындыра білу мақсаты туады. Мұндай күрделі талаптар мен міндеттерді жүктейтін жүйелілік бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай келе бермейді. Психологтардың пікірі бойынша - бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау көлемі тар, шағын. Сондықтан тізбектің бір бөлімін ұмытса, басқа бөлімдерін меңгеру қиынға түспек.