Эпидерма (эпидермис, өң) — өсімдіктің барлық жас мүшелерінің сыртын қаптап, көбінесе бір қабат жасушалардан (өте сирек жағдайда екі немесе көп қабатты болады) құралатын жасушалар жиынтығы, тұқым ұрығы жетіле бастағанда-ақ түзуші ұлпадан дамиды.
Жасуша пішіндері әр түрлі, мөлдір, бір-бірімен өте тығыз жанасқан, ал қабықшалары түзу, тегіс, ирек-ирек (қысымды бірқалыпты сақтап, беріктік қасиет береді) болады. Цитоплазмасы қабықшаны астарлай созылып жатады. Ядросының айналасында лейкопластар, жасушасының дәл ортасында үнемі вакуольі болғандықтан эпидермис түссіз, мөлдір болып көрінеді. Кейбір су өсімдіктері мен папротниктердің өңінде майда хлорофилл дәндері болғандықтан жасыл, ал қызыл қауданды орамжапырақтың өңі жасуша шырынында болатын пигментке байланысты күлгін түсті болады. Өң жасушаларының қабықшасы сыртқа қараған жағы қалың және саңылаулары болмайтындықтан шаңдақ зат (кутикула) жауып тұрады. Ол ылғалы тапшы жерде өсетін өсімдіктердің суға батып тұратын бөлімінде шандақ зат қабықшасы жұқа, әрі саңылаулары болатындықтан басқа жасушалармен байланысып зат алмасуға қатысады. Эпидермисте пішіні мен құрылысы әр түрлі көптеген өсінділер, яғни түктер дамиды. Түктер бір және көп жасушалы, жай, күрделі, өлі және тірі болады.
Тоз қалай пайда болады?
Тоз — Эпидермис өсімдікте бірнеше айдан 2-3 жылға (омела өсімдігінде 15 жылға дейін сақталады) дейін сақталып қорғаныштық қызметін атқарады. Ол түлеп түскен соң түзуші ұлпа жасушалары бөлініп, өте берік, жасушааралық кеңістіктері болмайтын және жасушалары өте тығыз кірпішше қаланып жататын жаңа ұлпа, яғни тоз пайда болады. Мұны әсіресе ағаш пен бұта өсімдіктері діңдері қабығының қоңырқай түске ене бастағанынан байқаймыз.
Өткізгіш ұлпалардың айырмашылығы неде?
Өсімдіктің әртүрлі мүшелерының негізгі бөлігін құрайтын ұлпаларды негізгі ұлпалар деп атайды. Кейбір әдебиеттерде бұл ассимиляциялаушы, қор жинаушы, сорушы, ауа алмастырушы ұлпалар деп жеке қарастырады.. Сонымен бірге оларды орындаушы паренхима, негізгі паренхима, немесе жай паренхима деп те атайды. Негізгі ұлпалар жасуша қабықшалары жұқа болып келетін тірі паренхималық жасушалардан тұрады. Бұл жасушалардың жасуша аралық қуыстары болады. Паренхималық жасушалар әртүрлі қызмет атқарады. Оларда фотосинтез процесі жүреді, артық қор заттары жиналады, әртүрлі заттарды бойына сіңіреді және басқа да қызметтер атқарады. Негізгі ұлпаларды атқаратын қызметіне қарай мынандай түрлері болады.
Ассимиляциялық, немесе хлорофилл түзетін, паренхима (хлоренхима). Жапырақтарда және жас сабақтардың қабағында орналасады.
Ассимиляциялық паренхималардың жасушаларында хлорофил дәндерінің болуы. Олар фотосинтез процесін іске асырады. Өсімдктердің жапырағында, шөптесін өсімдіктердің сабағында, шикі жемістерінде, эпифиттердің ауа тамырларында кездеседі. Негізгі атқаратын қызметі ауа алмастыру және суды буландыру.
Олардың пішіндері мен мөлшері өсімдік түріне байланысты әр түрлі болып келеді. Қос жарнақтыларда бағыналы, борпылдақ ұлпалары болса, қылқан жапырақтыларда қатпарлы ұлпалар болады.
http://emirsaba.org
Достарыңызбен бөлісу: |