Испанова А. Т. оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ



жүктеу 31.75 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.03.2017
өлшемі31.75 Kb.

Испанова А.Т. – оқытушы,  

М.Өтемісов атындағы БҚМУ 

 

ТҮСТІ ҚАБЫЛДАУДЫ ОҚУ ҮРДІСІНДЕ  



ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 

 

Қазіргі уақытта адам қажеттілігінің білімге сұранысының өзгеше серпінде өсуі зерттеу 



бағыттарының жаңа мазмұн алуына, оны қанағаттандыру қызметтерінің жандануына, кеңеюіне 

әкелді және сонымен бірге оларды іске асыру мүмкіндіктері де анағұрлым ұлғайып, даму үстінде. 

Соған орай жас ұрпақты оқытып, тәрбие берудің сапалық деңгейін көтеріп, сұлулық пен 

көркемдікті қабылдау қабілетін, эстетикалық талғамын дамыту, ізгілікке баулу, өз ісіне деген 

шығармашылық құштарлықтарын, қызығушылығын арттыру - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің 

бірі. 


Көркемдеп қабылдауды қалыптастыру жөнінде айта келіп, Қ.О.Жеделов «Өнер адам баласының 

өмір сүруінде жалпы адамзаттық мәні бар және барлық адамға қажет іс-әрекет, қызмет екені аян. 

Ол - мейлі әдебиетке, мейлі музыкаға, мейлі живописке байланысты ма, соның бәрі белгілі бір 

образдық түрде істелген, орындалған өмір шындығының өзгертіліп, өңделіп берілген көрінісі. 

Өнердің кейбір түрлері тікелей санаға, біреулері адамның кейбір материалдық мұқтаждығын өтей 

отырып, оның ойы мен сезіміне тікелей әсер етеді» деп жеткіншек бойына өнер түрлерін 

қалыптастыру қажеттілігіне мән береді. Сайып келгенде, шындықтың өнер арқылы көрінуі, берілуі 

– адамның айналасын қоршаған әлемді, дүниені эстетикалық меңгеруге керекті ең тиімді, бояуы 

қанық, мағынасы анық, тұнықтық пен тұтастық көрінісі. Өнер пәндері арқылы жеке тұлғаның 

рухани әлеміне мақсатты түрде әсер ету үшін, алдымен оқушылардың өнер шығармасына деген 

қызығушылығын оятып, оны көріп, қабылдай білуге, көркемдікті, әдемілікті сезіне білуге баулу 

қажет. 


Осы айтылғандардың аясында кезегін күтіп тұрған нәрсе – түсті қабылдаудың бейнелеудегі 

психологиялық ерекшеліктері десек те болады. Өйткені түсті қабылдаудың, яғни түс әлемінің тек 

өнерде ғана емес, философия, психология ғылымында да мағыналық мәні бар. Шынында  «түр-түс 

әлемі» ұзақ қалыптасу тарихы бар, адам баласы үшін әлі толық ашылып болмаған құпия сыры мол 

өзіндік сымбатқа ие өте күрделі, әрі байырғы табиғат құбылыстарының біріне жатады.  

Философ А.Ғ.Сейтимов: «Дүниені көркемдеп, әсемдеуші суреткер, яғни суретші ғана. Осы суретші 

көпшіліктің ойынан шығып, оларды таңдандырып, эмоциясына тікелей әсер етеді, көркемдейді. 

Осы материалды дүние арқылы рухани дүниеге сапалы өзгерістер енгізеді. Демек, суретші қауым 

объективті дүниенің сәулесін ой елегінен өткізіп, субъективті ішкі мендігін сыртқа шығара отырып, 

түсті көзбен  қабылдау арқылы жандандыра шығарма жазатыны мәлім» деп пайымдай келіп

сыртқы дүниені бейнелеудің шындықты процесі түйсіктердегі қарапайым бейнелеудің жеке 

формаларындай емес, анағұрлым бай келетіндігін айтады.  

С.А.Жолдасбекова қабылдау мәселелері турасында мынадай тұжырым жасаған: «Адамның 

айналасына деген қатынасы оны қабылдауынан көрінеді. Ол оның барлық ісінде, тұрмыс-

тіршілігінде, табиғатты қабылдауында байқалады. Егер өнердің өмір шындығын көркемдік-


образдық жолмен бейнеленуі оның ерекшелігі десек және ол шындық құбылысты оның 

мазмұнымен сезімдік әсер етуін тұтастықта ғана көрсетеді десек, қабылдауда осы негізге сүйенуге 

әбден болады».  

Кез-келген материалдық дүниенің сипатын анықтауда елеулі белгілердің бірі оның түсі болып 

табылады. Түс объектінің формасын, мазмұнын айқындауға ықпал жасай отырып, субъектінің 

психикалық процестерін, танымдық қасиеттерін және физиологиялық ырғақтық дәрежесін 

дамытуға мүмкіндік жасайды.Табиғат пен қоғамның материалдық құндылықтары алуан түрлі 

түстер мен олардың өңдерінен тұрады. Бұл түстерді және өңдерді объективті ажырата білу, 

әсіресе, суретші маманының еңбек ерекшелік үлесіне тиіп отыр. 

Түстерді түйсінуді түсті қабылдаудан бөлуге болмайды. Дүние тануда көру түйсігінің маңызы зор. 

Зерттеу нәтижелерінен біз көру түйсігінің өресі мен диапазонының өте кең екендігін айқын 

аңғарамыз. Халық мақалындағы «Мың рет естігеннен бір рет көрген артық» деген түсінік осындай 

тәжірибеден туындаған. Көз арқылы жарықтың қуатын, түр-түсін, үлкен-кішілігін, алыс-жақын 

тұрғанын, оның қозғалысын көріп білеміз. Заттар мен құбылыстардың жеке сипаттарын айнытпай 

толық бейнелеу, ең алдымен, көру түйсігі арқылы іске асады. 

Адам сана арқылы көру мүшесімен энергиялық сәулені қабылдайды. Осы жол арқылы адам 

көптеген сәулелер мен түстерді және табиғаттың құбылыстарын осы қанық түстер арқылы 

қабылдайды.  

 Әдетте, суретшінің қабылдауы, күнделікті өмірдегі адамдардың қабылдау процесімен 

салыстырғанда өзіндік бір сапалы қасиеттерімен ерекшеленеді. Кескіндеме практикасында 

қажетті жағдай – бұл көріп қабылдаудың тұтастығы яғни, заттарды тұтасынан көру. Осы тұрғыда  

«тұтас көре білу» деген негізгі талап білім берудегі кескіндеме суреттерінде жекелеген заттармен 

жұмыс жасаған жағдайда қолданылады. Кескіндеме процесінде анализ және синтез ойлау 

операциялары сияқты салыстыру принципіне негізделеді, яғни суретші кез-келген затты көрінуі 

мүмкін ерекшеліктерінің формасы мен түсіне байланысты айқын аша алуына мүмкіндік береді.  

Суретші секілді заттарды тұтастай және образды етіп қабылдау, шығармашылық көру, меңгеріп 

алу кескіндеменің кәсіби құралдарымен өте тығыз байланыста болып, көптеген заңдылықтарға 

негізделеді. Кәсіби суретшінің табиғат көрінісін бейнелеуі оның эмоционалдық қарым-қатынасына 

байланысты, мысалы: жарықты дұрыс анықтап алмаса, табиғатты бейнелеуде жұмыс жасау қиын. 

Қоршаған ортаны дұрыс қабылдамай, эмоционалды көңіл-күймен табиғатты сезе білмесе, кенепте 

образды суреттеу мүмкін емес.  

Осы қабылдау ерекшеліктеріне сай бақылай отырып, көркем-сурет құралдарымен сурет салып 

отырған студенттің ынтасын дұрыс бағыттап отыру қажет. Студент белгілі бір материал арқылы 

көркем сурет тілімен сурет салынатын, суретші жүргізген тұжырымнан кейін, көркем суреттегі 

түстермен көлеңкелерге қатысты қалыптасқан, кей-кезде суреттің түпнұсқасында көптеген қажетті 

емес детальдары болатын заңдылықтарын білуі тиіс. Шынымен де, егер студент қойылымда 

тұрған шығарманы қабылдаған кезде түстерді дұрыс таңдай немесе бағалай алмаса, онда көркем 

суреттегі шығарма мен жұмыстанып жатқан кезде қателіктері көрініп тұрады.  

Көркем өнер практикасында көре білу деген түсінік заттың тек сырт келбетін ғана көру емес, ол 

заттағы қасиеттерге баға бере білу дегенді білдіреді. Бұны көріп тану үшін түстердің процесіне 

қатысты, егер студент этюдтарда оларды қолданамын деген есеппен, көру анықтамаларын 

мақсатқа бағыттап түстерді көре алса ғана жүзеге асады. Осындай қабылдау арқылы заттағы 



түстерді бірінен соң бірін этюдтарда механикалық түрде қолданбайтын болады. Бұндай жағдай 

болатын болса жас суретші бейнелеу заңдылығына сай емес суретті бейнелеп береді. Бұл жерде 

көркем өнер құралдары арқылы жас суретші заттың көрінісін белгілі бір мақсатпен көре білуі тиіс. 

Суретті салмас бұрын ол болашақ этюдінің негізгі белгілерін алдын ала көріп отырады. Бірақ, қиял 

мен қабылдау дағдыларын жаттықтырусыз жас суретшінің де, үлкен шебердің де еңбегі еш кетті 

десек болады.  

Жоғарыдағы шолуларды қорытындылай келе, түсті қабылдау ерекшеліктерін дамыту барысында 

төмендегідей үлгіні ұсынуды жөн көрдік. 

 

 

ТҮСТІ ҚАБЫЛДАУДЫ ДАМЫТУ МОДЕЛІ 



 

 

 



 

 

 



 

  

 



Студенттердің түсті қабылдауын дамытуда жоғары нәтижеге жету үшін: 

Аудиториядан тыс жұмыстардың да (үйірме, көрме-мұражайларға бару, шығармашылық 



кештерге бару, т.б.) түр-түсті әсерлі түрде сезініп, қабылдауға үйреніп, көріп-білгенін практика 

жүзінде пайдалана білу шеберлігін қалыптастырып, дамытып, шыңдауға септігін тигізеді; 

- танымдық маңызы бар шығармашылық өнер кештерін, «Мастер-класс» байқауларын, «Жас 

дарын» байқауларын, т.с.с. шараларды көптеп ұйымдастырған дұрыс

- арнайы студенттер арасында көрмелеу жұмыстарын ұйымдастырып, үйірмелер өткізу қажет. 

- студенттерді түсті қабылдауға және жалпы көркемдеп қабылдауға үйрету жұмысы бүкіл 

педагогикалық процестің іске асу барысында мақсаттандырылған жүйелі жұмыс түрінде, үзбей 

жүргізіліп отыруы қажет. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 



1. Беда Г.В. Основы изобразительной грамоты. Рисунок. Живопись. Композиция. М. Просвещение. 

1981 г. 237 с. 

2. 

Жеделов Қ.О. Бастауыш класс оқушыларының бейнелеу өнері сабағында көркемдеп 



қабылдауын қалыптастырудың педагогикалық негізі. п.ғ.к. дис. – Алматы, 1994. 137бет. 

3. 


Жарықбаев Қ.Б. Жантану негіздері. Алматы. 2002 

4. 


Сейтимов А.Ғ. Қазіргі қазақ этносының көркемдік дүниетанымының бірлігі мен әртүрлілігі. 

ф.ғ.к. дис. – Алматы, 2001 – 116 бет. 

***  

В статье рассматривается проблема формирования восприятия цвета в процессе обучения и 



указываются модели развития цвета. 

*** 


This article deals with the problem of formation of a colour assumption in the process of training and 

points to the model derelopment of colour. 



 


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет