мәселелерін озара байланыстыратын ғылыми, технологиялық, инженерлік пәндердің жиынтығы болып табылады, сондай-ақ әлеуметтік, экономикалык және мәдени аспектілерге сәйкес (ISO/IEC 38500: 2008) жүзеге асырылады. Ақпараттық - коммуникациялық технология дегеніміз – технологиялық тізбекке біріктірілген, ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, шығару және тарату әрекеттерін қамтамасыз ететін өндірістік және программалық - техникалық құрылғылар мен әдістер жиынтығы.
АКТ-ның негізгі мақсаты – білім алушының қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу, яғни білім алушыны ақпараттық қоғамға бейімдеу. АКТ» пәнін оқыту барысында төмендегі дағдыларға ие болады: -компьютер туралы алғашқы ұғымдар, қазіргі заманауи технологиялар және олардың қоғам өміріндегі алатын рөлі туралы білу; -ақпараттық-комуникациялық технологиялар құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты іздеу, жинақтау, өндеу, сақтау және әртүрлі формаларда жіберуді іске асыру; -әртүрлі программалық қосымшаларды пайдалана отырып, наұты жүйелер мен оқиғалардың моделін өндеу, талдау және түрлендіру, сонымен қатар өз ойларын іске асыру; -пән бойынша түрлі тапсырмалар орындау арқылы өз логикалық, алгоритмдік, жүйелік және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту; -бір-бірімен сөйлесу, ақпаратпен алмасу және өзара жұмыс істеу мақсатында АКТ құралдарын пайдалану;