Əдебиеттер
1 Дəулетова Ф.Н. Лингвомəдениеттану: қы тай
жəне қазақ тілдерінің салғастырмалы фразеологи-
ясы. Алматы; «Қазақ университеті», 2000. – 180 б.
2 .汉语成语词典/宋永培的编者。-2版- 成
都;四川辞书出版社。2000。-1136页
3 Войцехович И.В. Практическая фразеоло-
гия современного китайского языка. – М.: Вос-
ток-Запад, 2007. – С. 509.
4 马国凡。成语。呼和浩特,1978年。-328页
4 Войцехович И.В. Практическая фразеоло-
гия современного китайского языка. – М.: Вос-
ток-Запад, 2007. – С. 509.
Қытай тілі фразеологизмдерінің ерекшеліктері жəне символдардың мəні
208
Вестник КазНУ. Серия журналистика. №2 (32). 2012
Б. Адилбек
Особенности фразеологизмов китайского языка и значение их символов
Фразеологизмы китайского языка имеют ярко выраженную национальную самобытность. В их основе лежат факты, яв-
ления, события, относящиеся, как правило, к истории, культуре, быту, традициям и обычаям китайцев. Незнание тех или
иных реалий приводит к неправильному пониманию целостного переносно-образного значения выражения, нарушает процесс
коммуникации.
В данной статье
фразеологизмы китайского языка
определяются и исследуются
в способах образного переос-
мысления фактов действительности, в типологических особенностях языка.
Ключевые слова: китайский язык, фразеологизм, семантика, диалектолог, межкультурные коммуникационные процесы.
B. Adilbek
Features of phraseological units of Chinese language and value of their symbols
Chinese idioms have strongly pronounced national identities. They are based on facts, phenomena, events related to the history,
culture, life, traditions and customs of the Chinese. Ignorance of reality leads to incorrect understanding of holistic portable-type
expression, disrupts the process of communication. In this article Chinese defi nes and explores ways of rethinking the facts of reality,
pattern in the typological features of the language are considered.
Keywords: chinese, phraseological unit, semantics, dialectologist, cross-cultural communication processes.
Н. Жұртбай 209
ISSN 1563-0242 KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012
ƏОЖ 654.19;002.2
Н. Жұртбай
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
E-mail: nazym-zhurtbay@mail.ru
«Жасыл көпір» – жас ұрпақ болашағы
Аңдатпа.Тақырыптың тарихына зер салсақ, қазіргі таңда жаһандық жаңалық ретінде бағаланып
отырған «Жасыл көпір» бағдарламасы алғаш рет ІІІ Экономикалық форумда Елбасы Н. Назарбаевтың
тарапынан ұсынылған болатын. Бұл дер кезінде қозғалған өте орынды ұсыныс еді. Өйткені күрделі
жаратылыстық құбылысқа ие жəне дамудың түпкі мақсатын тұйыққа тірейтін, сондай-ақ ғарыштық
кеңістіктің барынша қарқынды игерілуіне байланысты ғылымның өзі оның зардабын нақты бол-
жап, біле алмай отырған жаһандану үдерісі дəуіріндегі басты күретамырлы мəселенің ең бастысы
– экологиялық қатерлі ахуал екені қазір анық сезіліп отыр.
Түйін сөздер: жасыл көпір, халықаралық бастама, экология, БАҚ.
Осы бағытта Қазақстан мемлекеті 2011
жылы Санкт-Петербургте өткен, алыс жəне
жақын шетелдің 25 мемлекетінің жəне
халықара лық ұйымдардың өкілі қатысқан
ІV Нева экологиялық конгресінде «Жасыл
көпір» бағдарламасы ның тереңдетілген нұс-
қасын ұсынды. Сол тұстағы ҚР Қоршаған
ортаны қорғау министрі Нұрғали Əшім: бұл
бағдарлама Рио де Жанейродағы саммитте
қолдау тапқан жағдайда, əлемдік экологиялық
қауіпті ахуалды жақсартуға игі ықпал жасай-
тынына сенім білдірді [1]. Осындай орынды
ұсыныстың нəтижесінде Қазақстан Бразилия-
да өтетін бүкілəлемдік саммитке дайындық
жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болып
белгіленді. ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-
министрі Руслан Бөлтіріков өзінің еуропалық
қайта құру жəне даму банкісінің Экология
жəне тұрақты даму саласындағы қызмет аясы
туралы есебінде: Аталмыш жиында Елба-
сы Нұрсұлтан Назарбаев жиналған қауымды
астаналық «Жасыл көпір» бағдарламасымен
таныстыру мүмкіндігі көзделіп отырғандығын
ресми түрде мəлім етті. Бұл бағдарламаның
басты мақсаты – Қазақстанның қоршаған ор-
таны қорғау министрлігі мен Еуропалық қайта
құру жəне даму банкісінің арасындағы негізгі
əріптестік қарым-қатынас – климаттың өзгеруі
мен жаһандық экологиялық мəселелерді ше-
шуге бағыттау екендігін атап көрсетті. Соның
ішінде:
осыған дейін құрамына Еуропалық қайта
құру жəне даму банкісі мен Дүниежүзілік даму
банкісі жəне Халықаралық қаржы корпорациясы
кіретін «Таза технологиялар қоры» ұйымымен
арнайы келіссөздер жүргізгендігін;
аталмыш қор 2010 жылдың наурыз айын-
да құны 1 миллиард АҚШ долларын құрайтын
үш бағыт бойынша жүзеге асатын жобаларды
жеңілдіктер негізінде қаржыландыру шарасын
мақұлдағанын;
олардың бір парасы – еліміздің орталық-
тандырылған жылу жүйелерін жаңғыртуға,
екіншісі парасы – қайта қалпына келетін
энергия көздерін дамытуға, үшінші парасы –
тұтынушылар үшін энергия тиімділігін арттыру
шараларына жұмсалатыны айтылды.
Бұл бағытта құны 200 миллион долларды
құрайтын жобалар Алматы, Ақтау, Қарағанды,
Павлодар жəне Петропавл қалаларында сол
кездің өзінде жүзеге асырылып жатқандығын,
сондай-ақ Киото хаттамасының негізінде
ЕҚҚДБ-нің сарапшылық қолдауымен антро-
погенді қалдықтарды бағалаудың ұлттық
жүйесін жасауға кіріскендігін тілге тиек ете
келіп: «Қазақстан үшін бұл бағыттағы маңызды
«Жасыл көпір» – жас ұрпақ болашағы
210
ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
қадамдардың бірі өткен жылдың қыркүйек айын-
да өткізілген Азия жəне Тынық мұхит елдерінің
қоршаған
ортаны
қорғау
министрлерінің
6-шы конференциясы болды. Аталмыш жиын-
да біз «Жасыл көпір» бастамасын көтердік.
Оны жиынға қатысушылар қолдады. Ол жүйе
көпсалалы ынтымақтастық пен жеке мемлекеттік
əріптестік жағдайында қазіргі қолданыстағы
дəстүрлі тиімсіз даму жүйесінен жасыл эко-
номика жүйесіне көшу мəселелерін қамтиды.
Осы ретте ЕҚҚДБ-нің мүмкіндіктерін пайдала-
ну тиімді болмақ. Бұл əріптестік бағдарламасы
БҰҰ-ның Тұрақты даму комиссиясының отыры-
сында қаралды. Онда да жоба қолдауға ие болып,
қалың көпшіліктің қызығушылығын тудырды»,
– деп мəлімдеді Р. Бөлтіріков [2].
Қазақстанның «Жасыл көпір» бағдарламасы
Азия жəне Тынық мұхиты елдерінің қоршаған
орта жəне даму министрлерінің VI конферен-
циясында қолдау тауып, Еуропа, Тынық мұхит
жəне Азия елдерінің қоршаған ортаны қорғау
саласындағы өзара ынтымақтастығының ортақ
алаңы ғана емес, сонымен қатар осы саладағы
ірі экологиялық жобалардың бастауы ретінде де
кеңінен танылуы əбден мүмкін екендігі аталып
өтті. Соған орай премьер-министрдің орынбаса-
ры Өмірзақ Шөкеевтің жетекшілігімен арнайы
мекемеаралық жұмыс тобы құрылып, Астана-
да «Жасыл көпір» бағдарламасының кеңсесі
де ашылды. Ағымдағы жылы Астанада өткен
Еуропа елдері экология министрлерінің VII
конференциясында Қазақстан «Жасыл көпір»
бағдарламасының аймақтық жəне ұлттық эко-
номиканы дамытудағы нақты механизмдері
мен жобаларын ұсынды. Жиын барысында
елордадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы, елші
Александр Кельчевский: «Қазақстан «Жасыл
көпір» астаналық бастамасын əзірлей отырып,
маңызды қадам жасады. Осының нəтижесінде
Еуропа мен Азия арасында өзара ықпалдастыққа
қол жеткізіліп отыр. Атап айтқанда, бұл баста-
ма біздің алдымызға үлкен жауапкершілікті
жүктеуде. Оның əлеуеті мен болашағы зор деп
бағалаймыз. Себебі бұл бағдарлама қазіргі
əлемнің барша мəселесін қамтып отыр. «Жа-
сыл көпірді» алға жылжыту, климаттың өзгеруі,
биоəралуандық, орнықты даму, экологиялық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне басқа да
маңызды мəселелер қамтылып отыр», – деп
мəлімдеді [3].
2011 жылы 21 қыркүйек күні Астанаға
жиналған Еуропа елдерінің экология министр-
лері əлемдік экологияның өзекті мəселелерін
тал қыға салды. «Еуропа үшін қоршаған орта»
тақырыбындағы экология министрлерінің VII
конференциясы аясында жиналған олар қыр-
күйектің 23-і күні Қазақстанның «Жасыл
көпір» бағдарламасын қабылдады. Бұл құжатты
Бра зилияда өтетін «РИО +20» мыңжылдық
саммитінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі
таныстыратыны атап көрсетілді. ҚР Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев конференцияға қатысушы
делегаттарға жолдаған құттықтау хатында:
«Мен «Еуропа үшін қоршаған орта»
тақырыбындағы экология министрлерінің VII
конференциясына қатысушыларды қазақ жерінде
қабылдағаныма аса қуаныштымын. Осы жоғары
дəрежелі форумды Қазақстанда өткізу біз үшін
үлкен абырой ғана емес, қоршаған ортаны сақтау
мен тұрақты дамуды қамтамасыз ету саласына
қосқан өз үлесіміз деп білеміз. Біз өз ниетімізді
нақты істермен дəлелдейміз. Бүгінде біз «Жа-
сыл көпір» бағдарламасын ұсынып, оны «Жасыл
өсім» атты Сеул бастамасының жалғастырушысы
ретінде қарастырамыз. Сондықтан Астанадағы
конференцияның талқылауына біз «Жасыл
көпір» əріптестік бағдарламасын шығарып отыр-
мыз. Бұл құжат болашақта «жасыл экономикаға»
көшудің негізгі аймақтық механизміне айналады.
«Жасыл көпір» Еуропа, Азия жəне Тынық мұхит
елдері арасындағы əріптестік байланыстарды
күшейтіп, басқа да аймақтық бағдарламаларға
жаңаша серпін береді деп сенеміз. «Жасыл эко-
номика» саласындағы өзара тəжірибе алмасу,
таза технологияларға ие болу, бірлескен инвести-
циялар, жалпы экологиялық жүйелерді сақтау –
бұл «Жасыл көпір» бағдарламасының тек кейбір
мүмкіндіктері ғана. Мен Астанадағы конфе-
ренция тұрақты дамудың негізгі мақсаттарын
орындау жəне бүкіл жер-жаһанды сақтау ісіне
өз үлесін қоса алады деп білемін», – деп сенім
білдірді.
Астанадағы экология министрлерінің кон-
ференциясына ерекше үміт артқан БҰҰ Бас хат-
шысы Пан Ги Мун алқалы мəжіліске жолдаған
құттықтауында ол: «Қазақстандағы «Еуропа
үшін қоршаған орта» конференциясы экология-
ны сақтау үдерісінің 20 жылдығы аясында өтіп
отыр. Бұл – аса маңызды жайт. Себебі келесі
жылы Бразилияда өтетін «РИО +20» мыңжылдық
саммитінде біз экологияны сақтау саласында
атқарылған жұмысты Еуропа аясында ғана емес,
Н. Жұртбай 211
ISSN 1563-0242 KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012
жалпы жаһандық деңгейде де қарастыратын бо-
ламыз», – деп [4] атап көрсетті.
Осы орайда Астанада өткен KAZENERGY
Энергетиктер
қауымдастығының
бастама-
сымен мұнай-газ жəне басқа да энергетика
салаларының мамандары қатысқан халық-
аралық VII Еуразиялық форумда «Жасыл
көпір» бағдарламасын жүзеге асырудың нақты
мүмкіндіктері мен жобалары, оны игерудің
баспалдақтары талқыланды. Онда қалпына
келтірілетін энергия көздері, шағын жəне
дəстүрлі емес энергетиканы пайдалану – бас-
ты бағыттардың бірі ретінде қарастырылды.
KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Ти-
мур Құлыбаев: «Бұл (балама энергетика) заман
талабына сай өте өзекті мəселе. Баршамыз осы
туралы жиі айтып жүрміз. Бұл жөнінде əңгіме
қозғамайтын адам заман көшінен қалғандай
болып
көрінеді.
Жаратушы
Қазақстанға
көмірсутектердің барлық түрлерін молы-
нан берді, біздің мұнайымыз да, газымыз да,
көміріміз де бар. Біз уран өндірісіне арналған
шикізат шығаратын аса ірі өндірушілердің бірі
саналамыз. Жəне технологиялар дамыған сайын
энергиялық баланстың өзгеретіні де түсінікті.
Мысалы, Еуропада өте қымбат газ басқа қымбат
баламалы энергетикамен ауыстырылады. Бұл
жағынан Германияның тəжірибесі назар аудар ар-
лық: онда жел, сондай-ақ күн энергетикасы да-
мып келеді. Барлық технологиялар арзандайды,
белгілі бір уақытта технологиялардың дамуымен,
технологиялардың көбеюімен баламалы энер-
гетика неғұрлым қол жетімді болады. Əлбетте,
біздің осындай баламалы энергия көздерін
белсенді түрде дамыту үшін бұған дайын болуы-
мыз керек», – дей келе, бүгінгі күні Қазақстанда
баламалы көздерде өндірілетін энергия, біз қазір
тұтынып жүрген, негізінен, көмірден алына-
тын дəстүрлі энергиядан қымбаттау болады.
Мемлекет басшысы алдымызға қойған міндет
жəне халықаралық қоғамдастыққа арналған
ұсыныстар, БҰҰ ассамблеясында мақұлданған
«Жасыл көпір» бастамасының мəні дамушы ел-
дерге технологиялар трансфертін жүзеге асыру-
да болып отыр. Қазір баламалы энергетикаға бай
елдердің ғана қол жеткізіп отырғаны түсінікті»,
– деп түсінік берді. Ал дамушы елдердің оған
қол жеткізуі – өте өзекті мəселе. Бүгін жасалған
баяндамаларда əлемде бір миллиардтан астам
адамның энергияға қол жеткізе алмай отырғаны
айтылды. Бұл өте үлкен мəселе. Бізде күн энерге-
тикасын дамыту жөніндегі жобаларымыз бар. Біз
Қазақстанда күн панельдерін өндіруді бастадық.
Жел электр станцияларын салу бойынша жоба-
ларымыз да бар, «жасыл энергетикасын» дамы-
туды қолдайтын заңнамалық механизм де бар.
Бұл дұрыс тренд деп ойлаймын. Бізге түсетін
күннің энергиясы жеткілікті: Қазақстанның
кейбір аймақтарында 300-ден астам күн бойы
күннің сəулесіне бөленіп отырады, жел энерге-
тикасын дамытуға болатын бес жеріміз бар», –
деп атап өтіп, түсінік берді.
Бұған қарағанда біз «Жасыл көпір» бастама-
сы мен жалпы «жасыл энергетика» бағытының
келешегі зор екенін, оның ілеспе бағыттары да
көп салалы екенін, сонымен қатар оны игеруде
белгілі бір дəрежеде қиындықтар туындайты-
нын да, соған қарамастан бұл бағытқа еліміздің
энергетиктері сенімді түрде бет бұрғанын
байқаймыз. Оған ҚР премьер-министрі Серік
Ахметовтің энергетиктердің сол форумында
сөйлеген сөзінде: «Біз де қалпына келтірілетін
энергия көздерінің болу мүмкіндігін мойындай-
мыз. Сондықтан үкімет бұл саладағы келешегі
зор бірнеше ірі жобаға қолдау көрсететін болады.
Ең алдымен, бұл күн энергетикасын дамытуға,
желдің энергиясын пайдалануға қатысты.
Қазақстан климаттық өзгерудің ғалам халқына
барған сайын үлкен қатер төндіретінін түсініп,
адами капиталды, инфрақұрылымды, техноло-
гияларды дамытуға қомақты инвестициялар са-
лып отыр. «Энергияны сақтау жəне энергияның
тиімділігі туралы» біздің заңымыз 2015 жылға
қарай өнеркəсіптік энергия қажеттілігін 10
пайызға жəне ағымдағы онжылдықтың соңына
таман 25 пайызға азайту мақсатын көздейді», –
деп мəлімдеуі анық дəлел.
Əрине, «жасыл көпір» жасаудың оңай-
шылықпен жүзеге аспайтыны белгілі. Энергетик-
ғалымдар мен мамандардың өзі бұл бағыттағы
– а) пессимистік, ə) бірқалыпты тұрақты жəне
б) оптимистік көзқарастардың орын алып
отырғанын жасырмайды. Мұның барлығы
қаржы, мемлекеттік қолдау, жеке меншіктегі қуат
көздерінің иелеріне көмек, халықтың тұтыну
қабілетін арттыру сияқты шетін мəселелерді
қамтиды. Осы ретте «Самұрық-Энерго» АҚ-ның
басқарма төрағасы Алмасадам Сəтқалиевтің:
«Қазақстанда қалпына келтірілетін энергия
көздерінің əлеуеті жылына триллион киловатт-
сағаттан асады деп мəлімдеді. «Қазақстандағы
қалпына келтірілетін энергия ресурстарының
«Жасыл көпір» – жас ұрпақ болашағы
212
ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
– гидроэнергияның, жел, күн энергиясының
əлеуеті өте зор, ол жылына 1 триллион киловатт-
сағаттан асатын мөлшерде деп бағаланып
отыр... Біз Алматы жəне Ақмола облыстарын-
да жаңа ГЭС-тер, сондай-ақ ірі жел электр
станцияларын, сондай-ақ Алматы облысын-
да күн электр станциясын салуды жоспарлап
отырмыз, соңғысының құрылысы қазір баста-
лып та кетті... Солтүстік Қазақстан облысын-
да ірі көмір станциялары жəне республиканың
оңтүстігінде Балқаш ЖЭС-і салынады деп жос-
парланып отыр. Каспий маңы өңірінде жаңа ірі
электр энергиясының көзі қажет. «Отынның
түрі техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН)
бойынша айқындалады жəне іске қосылған
бұл жаңа қуаттылықтар ұлттық энергетика
жүйесінің базалық тұрақтылығының орталығын
құрып, магистралдық электр желісімен жал-
ғастырылады», – деген сөзін еске сала кету орын-
ды. Өйткені ғаламдық экологиялық мəсе лелерді
ескермеу мемлекетіміздің дамуын тұйыққа
тірейтіні анық.
Бұл – түптің түбінде адамзат үшін ядролық
қауіптен де қатерлі əрі ХХІ ғасырдың екінші
жартысындағы бүкілөркениеттік көкейкесті
өмірлік мүддеге айналуы мүмкін. Сондықтан
да алдыңғы қатарлы дамыған елдер тек өз
мемлекетіндегі ғана емес, жер шарындағы
қоршаған ортаға тікелей зиянды ықпалын
тигізетін аймақтар мен кеңістіктерді (ноосфера,
Арктика, Антрактида, Мұзды мұхит жəне Тынық
мұхиттағы жер асты тектоникасы, т.б.) ерекше
ғылыми бақылауға алып отыр. Бұл даму жолы-
на енді бет алған Қазақстанның ғана емес, іргелі
елдердің алдында қойылып отырған əлемдік
мəселе. Сол форумда Қазақстан үшін мұндай
экологиялық қауіптің бірі ретінде KAZENERGY
Қауымдастығының бас директоры Жамболат
Сəрсенов «Каспий – бұл əлі күнге дейін ортақ
заңдық платформасы жоқ сезімтал аймақ, осы
орайда есте ұстайтынымыз, Каспийдегі орын
алған кез келген апат Каспий маңындағы əр ел
үшін проблемаға айналады. Егер бұрындары
жерге иелік ету үшін жанжал туындау мүмкіндігі
болса, бүгін ол энергия ресурстарын иелену үшін
туындауы мүмкін. Бірақ бұл Каспий аймағында
оқ атылып жатыр деген сөз емес. Каспийдің
мəртебесі оффшор бойынша игеріп отырған
біздің жобаларымызда айқындалған. Бұл өңірде,
əсіресе Түрікменстан мен Қазақстанда ашылған
6 алып кен орнының 2-еуіне қызығушылық
зор. Қазіргі уақытта біз үшін Каспийдегі
маршруттардың пайдаланылуын заңдық тұр-
ғыда ресімдеуге жіті көңіл аударғанымыз
маңыздырақ. Өйткені бұл, бір жағынан, маңызды
болса, екінші жағынан экологиялық қауіпті.
Естеріңізде болса, осындан 2 жыл бұрын біз
Əзірбайжанмен Каспийдегі Төтенше жағдайлар
бойынша келісімге əртүрлі санаттағы төгілуге
орай бірлесіп іс-қимыл жасау жəне ең бастысы,
қол жететін аймақтағы құралдарды үйлестіру
туралы келісімге қол қойдық. Біздер бұл Ресей,
Əзірбайжан, Қазақстан, ал келісім Каспий ак-
ваториясында апаттың туындау жағдайларына
қатысты. Қазақстан заңнамалық базалар құруды
қолға алып отыр. Заңдық негіздеме мен плат-
форма болуға тиіс, бұл мəселелер Каспийдегі іс-
қимылдың қауіпсіздігі тұрғысында талқылануда.
Үшінші фактор биологиялық балансты сақтау,
өйткені біз табиғи ортаға тым тереңдеп
кеттік. Сондықтан біз табиғи балансты қалай
сақтайтынымызды айқындауға тиіспіз. Каспий
бассейнінің елдері олардың бірінде болған
апаттың лезде Каспий маңы аймағының барлық
мемлекеттерінің де проблемасына айналатынын
түсінуге тиіс. Каспий – бұл нəзік аймақ, ал біздің
заңдарымыз əртүрлі», – деп мəлімдеді Жамбо лат
Сəрсенов.
Еуразиялық форумның жұмысы барысында
энергетика саласындағы «жасыл технологиялар-
ды» дайындау жəне дамыту жөніндегі əлемнің ең
үздік практикалары талқыланды. Жасыл энерге-
тика» жəне қалпына келтірілетін энергия көздері
тақырыбы Еуроодақ, Индонезия, Үндістан мен
Қытайдан келген өкілдердің жасаған баянда-
малары мен сөйлеген сөздерінде жалғасын тап-
ты. Қазақстанның «Жасыл көпір» бастамасын
олар қолдады. Нұрсұлтан Назарбаев мəлім ет-
кен «Жасыл көпір» бастамасына қазірдің өзінде
əлемнің көптеген мемлекеті қолдау білдірді. Бұл
бағдарлама экономикаға «жасыл» көзқарастар
мен технологияларды ендіруге бағытталған жəне
бұл жұмысқа жекеменшік бизнесті белсенді
түрде қатыстыруды көздейді. Бағдарлама Еуро-
па мен Азияның өзара əріптестігін жолға қоюға,
дамыған жəне дамушы елдердің арасындағы
технологиялық алшақтықты жоюға септесетін
болады [5].
Соның бірі Қазақстанның экологиясына,
оның ішінде еліміздің ұлттық жəне экономикалық
қауіпсіздігі мен су көзімен қамтамасыз ету-
ге тікелей қатысы бар мəселе – ұлы Алтай
Н. Жұртбай 213
ISSN 1563-0242 KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012
тауларының мұздықтарының еру қарқынының
əдеттен тыс жеделденуі болып табылады.
Өйткені Алтай тауларының мұздықтарының
еріп кетуі – Моңғолия, Қытай, Қазақстан, Ре-
сей мемлекеттерінің экономикасына ғана емес,
олардың өмір сүру формасының өзіне, демо-
графиялық жəне миграциялық ахуалының
өзгеруіне алып келеді. Ал бұл мəселелердің
соңы саяси-географиялық қозғалыстарды ту-
дыратыны анық. Қоршаған ортаны қорғайтын
дүниежүзілік қауымдастық мекемесі аясында
жұмыс істейтін шетел ғалымдарының бақылауы
мен зерттеулерінің нəтижесіне жүгінсек, Ал-
тайдың Бесбоғда шыңындағы қалыңдығы 45
метрден асатын, ұзындығы бес шақырымға
жуық əйгілі «мұз алқабының» көлемі жылына 10
метрге шегініп, қалыңдығы 15-20 сантиметрге
жұқарып келе жатыр екен [6]. Ал Қазақстанға
тиесілі Мұзтаудың (ежелгі қазақтар Ақсөре деп
атаған) мұздықтары қазір жыл сайынғы түсетін
қар мен жаңбырдың мөлшеріне тікелей қатысты
болып қалды. Мұның өзі Өскемен сияқты
өнеркəсіп тығыз шоғырланған қаладағы су көзі
мен ауаның ластануына тікелей зардабын тигізіп
отыр. Оның үстіне жылу жүйесінің қоршаған
ортаға келтіретін зардабы бұл мəселені одан əрі
ушықтырып келеді.
Ал «Жасыл көпір» бағдарламасын тал-
дағанда, ең басты жəне ешқашанда назар-
дан шығармайтын мəселенің бірі – жастарды,
оның ішінде мектеп оқушыларын табиғатты
аялауға, қоршаған ортаны қорғауға баулитын
экологиялық тəрбие мəселесіне ерекше көңіл
бөлінуі тиіс. Өйткені мұндай экологиялық этика
қалыптаспайынша бізді келешекке экологиялық
апатсыз апаратын «жасыл көпір» салу мүмкін
емес. «Жасыл көпірдің» жастар үшін ең
маңызды мақсаты мен міндетінің бірі осында
деп есептейміз.
Қоршаған табиғи ортаның апатты жағдайға
(жаһандық жылыну, атмосфера қабат та-
рында пайда болған озон ваккумдары, таби-
ғаттың ластануы, ресустардың «сарқылу
мүмкіндігі, өсімдік пен жануарлардың жеке-
леген түрлерінің жойылуы, ормандардың си-
реп, су көздерінің тартыла бастауы, табиғатқа
тұтынушылық көзқарастың біржақты орын
алуы т.б.) бет алған қазіргі экологиялық
дағдарыс – адам табиғатындағы адамгершілік
қасиеттердің тоқырауына, оған тек сұранымды
ғана қанағаттандыратын шикізат көзі ретінде
қарайтын
шектеулі
түсінік
деңгейіндегі
менменсуге, қатыгездікке жол ашып отыр.
Экологиялық дағдарыс бүгінмен шектеліп
қалмайды, ертеңгі ұрпақтың алдында бұл мəселе
бүгінгіден де күрделене түседі. Сондықтан
да қоғам алға тартып отырған міндеттердің
күрделілігі экологиялық тəрбие барысында
мүмкіндігі бар резервтердің барлық түрлерін
пайдалануды талап етеді. Осыдан келіп рухани-
экологиялық тəрбие, экологиялық мораль,
балалардың нақтылы табиғи құбылыстарға
адамгершілік сезімдері мен жауапкершілігі,
экологиялық мəдениетті қалыптастыру, же-
келеген «кішкентай тұлғаның» ішкі көңіл-
күйінің сыртқы табиғат құбылыстарымен
өзара байланысы, табиғаттың алуан қырлы
құндылықтарын
бағалау,
өзінше
шешім
қабылдау сияқты тағы да басқа факторларға
назар аударту – педагогикалық тəрбиенің
ғана емес, қоғамдық ойды қалыптастыратын
баспасөздің, соның ішінде жас жеткіншектерге
арналған газет, журналдардың да басты
міндеті болып табылады. Өйткені баспасөз
– балғын санаға табиғаттың құбылыстары
мен құндылықтарын бағалауға əсер ететін
түйсіну, сезіну, əсерлену, жанашырлық, елес-
тету, ойын дамыту, нақты экологиялық ұғым
қалыптастыру, табиғат тағдырына мазасыз-
дану сияқты танымдық жəне психологиялық
алғышарттарды қалыптастыратын пəрменді
құрал. Жеткіншектердің мінез-құлқының ай-
насы – оның іс-əрекеті. Балалардың қорша ған
орта аясындағы қимылдары мен қылықтары-
нан, ойындарынан олардың табиғатқа деген
көз қарастары, тым болмағанда, түсінік деңгейі
анық аңғарылады. Сол іс-қимыл мен ойыннан
баланың табиғатқа, сол арқылы экологиялық
мəселелерге, «кішкентай тұлғаның» кішкене
əлеміне қатысы құқықтық жəне этикалық
нормаларды
сақтауы,
түсінуі,
шешім
қабылдауы көрініс береді. Мұны «кішкентай
тұлғаның» өзіндік өмірлік ұстанымы деп те
бағалауға болады. Табиғат аясындағы еркін
əрекеттерде сана мен түйсік, мінез-құлық,
зеректік, немқұрайлылық, экологиялық мəде-
ниет, жауапкершілік, қоршаған ортадағы
сəйкессіздіктер мен үйлесімсіздіктерге де-
ген тітіркену сезімі іспетті психологиялық
толғаныстар шоғырлана бой көрсетеді. Со-
дан барып табиғаттағы жағымды, жағымсыз
көріністерді бағалау, себебін түсінуге ұмтылу,
«Жасыл көпір» – жас ұрпақ болашағы
214
ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
оған жанашырлық таныту арқылы оны қорғауға
деген мүдде туындап, көзқарасы білініп, жас
ерекшелігі мен мүмкіндігіне байланысты
үлкенді-кішілі (Мысалы: бұлақтың көзін ашу,
құтыдағы гүлді суару немесе түбін қопсыту
сияқты), іс-əрекетке ұмтылу ынтасы оянады.
Мұндай табиғи жанашырлық түйсік бірте-бірте
сол баланың тəрбиелік əдебіне айналып, құрбы-
құрдастарына ықпал етіп, үлгі көрсетуі, бірлесіп
іс-əрекет жасауы (ойын күйінде болса да)
жеткіншектің бойындағы адамгершілік сезімін,
табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын
қалыптастырады. Жеткіншектерді рухани-эко-
логиялық тəрбиелеу дегеніміздің де өзі осы
болып табылады. Сөз бен сөз тіркестерінің
құрамынан аңғарып отырғаныңыздай, тура
осы мəселелерді, яғни рухани-экологиялық
тəрбиені қалыптастыратын, жоғарыда аталған
жайларды тікелей қамтитын ең пəрменді құрал
баспасөздің міндеті болып табылады.
Н.Ə. Назарбаевтың «Жасыл көпір» бастама-
сы жас ұрпақ, балғын ұрпақ болашағы үшін –
алға!
Достарыңызбен бөлісу: |